1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз



бет24/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#169056
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
Байланысты:
биоррр

Наурызым қорығы.
1934 жылы ұйымдастырылған.Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан.Мұның аумағы 191,4 мың га жерді алып жатыр.Қорықта көптеген көлдер бар,бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде,бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ қарағай сақталып келген.Қорық көлемінде Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді.Ен оңтүстігіндегі сор топырақта қарағай сирек өскен.Қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайын ағаштар,тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі.
Табиғат жағдайының әр түрлігіне байланысты,таяу жатқан аз ғана үлесін өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді.Мұнда даланы орманды,және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі.Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқты жерсінәіп кеткен.Онда тұйақтылардан қабан,елік,кеміргіштерден суырлар,ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ,түлкі ,борсық,күзен,ақкіс кездеседі.Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі ,құстардың 60 тан астам түрі,балықтың 6 түрі ,687 –ге жуық өсімдік түрі кездеседі.Аппақ қардай аққулар ,шағалалар,бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.
Алматы қорығы.
1964 ұйымдастырылған.Аумағы 71,7 мың га жуық ,әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр.Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған,беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «Әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м) жатады.Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандары,долана,жабайы алма,өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі.2500 м биіктіктен жоғары да Тянь-Шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан.Қорықтың жануарлар түрі алуан түрлі,иұнда 390түрге жуық сүтқоректілермен 200 ден астам құстардың,965 өсімдік түрі бар.Шыршалы ормандар бұғы ,елік,Тянь-Шань сілеусіні,барыс,борсық,түлкі,қасқырлар мекендейді.Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда Арқар мен Таутеке көп.
Соңғы уақыттарда қорықта тиын,сасық күзен өсірілетін болды.Қорықта құстардың ең көбі:ұлар,кекілік,бұлдырық,Іле өзенінің бойындағы тоғайларда Қырғауылдар,тарғақтар мекендейді.
Қорғалжын қорығы.
1968 жылы ұйымдастырылған.Қорық Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатыр.Оған тың даланың ( 38 мың га) қол тимеген,түрен түспеген жерлері ,сондай –ақ Қорғалжын және Теңіз (199 мың га) көлдері кіреді.Бұл жерлер дүние жүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.
Қорықтын жануарлар дүниесі дала зонасына тән.
Сүтқоректілердің 41 түрі,құстардың 299 түрі,балықтың 14 түрі,өсімдіктің 343 түрі кездеседі.Олар: суыр,дала алақоржыны,су егеуқұйрығы,қос аяқтар.Құстың 120 түрі ұя салады.Көл жиегінің қара суларында үйрек,қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп.Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады,көктем кезінде көптеген су құстары жиналады.Бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр.Ол ЮНЕСКО – ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты- шөлді ландшафт ретінде енген.
Барсакелмес қорығы.
1939 жылы ұйымдастырылған,жалпы көлемі 160,8 мың га,ондағы мақсат жалпы табиғат кешендерінен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды.Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе,соңғы кезде олардың саны тіпті азайып,кейбіреулері жойылып кету қаупінде,негізі қорғалатын аңдар : ақбөкен,қарақұйрық және құлан.
1953-1964 ж.аралығында 9 құлан Түркіменстанның Бадхыз қорығынан осында әкеліп жер сіңдірілген.Соңғы жылдары биологиялық жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдық экологиялық жағдайын күрделендіріп қорыұтың біраз жануарларын көшіруге тура келді.
Марқакөл қорығы
1976 жылы ұйымдастырылған.Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1440 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан.Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га,оның 44 мың көл айдыны құрайды.Өкінішке орай шығысында 1,5 мың га жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да қорыққа енбеген.
Көлге 27 кішігірім өзендер ,жылғалар құйады,ал одан бір ғана өзен Ертістін оң саласы-Қалжыр ағып шығады.Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «Алтын тамыр » кездеседі.Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді,оның ішінде аю,сілеусін,бұғы,арқар,қасқыр және құстың 200- ге жуық түрі оның ішінде қарақұтан,аққу,суқұзғындар 5 түрлі балық кездеседі.
Үстірт қорығы.
1984 жылы ұйымдастырылға,Республика ең жас қорықтарының бірі.Ауданы 223,3 мың га .Республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан.Қорықта сүтқоректілердін227,құстардың 11,өсімдіктің 261 түрі кездеседі.Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды қорғау мен сақтау.Жануарлар арасындағы қорғауға жататыны:жабайы қойдың ерекше түрі – ұстірт муфлоны,қарақұйрық,ұзын тікенді кірпі ,жұпар күзең.төрт жолақты қара шұбар жылан.Құстардан ұялайтыны қарабауыр шіл,кекілік,ителгі,шөл кекілігі.
Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңызды жұмсақ жемістік ,иіссіз катрана,үстірт таспасы.
Батыс Алтай қорығы.
1992 жылы ұйымдастырылған,ауданы 56 мың га.Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокие ауданында орналасқан.Алтай тауы жүйесінің Қазақстан бөлігінің солтүстік –батыс жағын,Холзун,Көксу және Иванов жоталары қамтиды.Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар,субальпі және альпі шалғындары ) сақталған.
Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердін 564 түрі,жануарлар дүниесінің 161 түрі,құстардың 120 ,сүтқоректілердің 20 ,балықтың 5 түрі кездеседі.Өсімдіктерден марал оты,алтын тамыр ,жануарлардан бұлғын,аю,құндыз,сусар,борша т.б. сирек аңдар кездеседі.
Алакөл қорығы.
1998 жылы ұйымдастырылған,ауданы 197,1 мың га .Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан.Атыраулық сулы- батпақты ландшафтылары қорғалған.Құстардың 257 түрі (олардың 12 –сі «Қызыл кітапқа » енген),өсімдіктердің 270,сүтқоректілердің 21,қосмекенділердің 2 ,бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар.
Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерде мекендейтін су құстарын (аққу,реликт шағала,қаз ,тырна жәнет.б.) қорғау.
Қаратау қорығы.
2004 жылы ұйымдастырылған,көлемі 34,3 мың га.Қорық шөлді ланшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерінде орналасқан.Қорықты құру себебі – аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы Республикада саны бойынша көне Жерорта теңіздік өсімдік элементерін таралуы жағынан бірінші орынды алды.
Қорық та 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесін омыртқалылардың 227 түрін,соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрін, құстардың 114 түрі,балықтың 3,қосмекенділердің 3 түрі ,бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі.Қызыл кітапқа қарақұйрық ,арқар, қоңыр Тянь-Шань аюы ,қар барысы ,тас сусары кірген,114 құстың 80 –і ұшатын,оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет