22-билет
1)Аутэкология терминіне түсінік беріп, зерттеу бағыттарына талдау жасаңыз.
Аутэкология (грек. аұтос – өзім және экология) – қоршаған орта факторларының жеке организмдерге, популяцияға, түрлерге әсерін зерттейтін экологияның бір саласы.
Ол адамның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде енгізілетін және тірі табиғат пен өлі табиғаттың көптеген элементтерінен құралады. Аутэкология түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғалдану режиміне, жоғары және төмен температураларға, топырақтың құнарсыздануына (өсімдік үшін) физиологиялық, морфологиялық және өзге бейімділіктерін анықтайды. Соңғы жылдары аутоэкология бұларға қоса, орта ластануының химиялық және физикалық түрліше нұсқауларына организмнің жауап қайтару ерекшеліктерін зерттейді. Кейде аутоэкологияны тірі организмдерді, көбінесе сыртқы ортаның абиотикалық факторларына байланысты зерттейтін әдістемелік тәсіл деп санайды. Аутэкология ең алғаш рет экологияның жеке саласы ретінде ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910) қабылданды. ІВ Халықарарлық экологиялық конгрестің (Ұлыбритания, 1994) І сессиясында аутэкология тақырыбына арналған бірнеше баяндама жасалды. Экологияның бұл саласындағы зерттеулер жаңа әдістерді пайдаланып, жүргізіледі. Мысалы, Испанияда сұңқарлардың қоректенуі мен орын ауыстыруы радиотелеметрия көмегімен, ал Жапониядан ұшып келетін даур тырналары мен қара тырналардың тіршілік ету аймағы спутниктік бақылау арқылы зерттелді.
Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.
1.Аутэкология — особьтар экологиясы.
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
Қоршаған орта факторларына :
а.) Абиотикалық факторлар— өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра, ылғалдылық, жарық және т.б.
б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.
2. Демэкология — популяциялық экология.
Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайларын, құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.
3. Синэкология — қауымдастық экологиясы.
Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
Экологияның зерттеу обьектілерінің сатылама деңгейлері. Тірі материяның ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады:
Молекулалық –>Жасушалық деңгей –>Ұлпалар мен мүшелер деңгейі–>Организмдік (Особь) деңгей –>Популяциялық (түрлік) деңгей –>
Экожүйелік деңгей — >Биосфералық деңгей.
Экологиялық зерттеу әдістері.
Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.
Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілерінің жайы, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүниежүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы – климекамералар, видеоаппаратуралар, оптикалық құралдар, аналитикалақ таразылар, топографиялық құралдар, термостаттар, хромотография, электронды микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті құралдармен жабдықталуы тиіс
Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі.
Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр
Достарыңызбен бөлісу: |