«Жастықтың оты қайдасың» және «Ғылым мен техниканың жаңалықтары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты



Дата13.05.2020
өлшемі16,56 Kb.
#67663
Байланысты:
бжб7 класс 6.05


«Жастықтың оты қайдасың» және «Ғылым мен техниканың жаңалықтары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты:7.3.6.1 тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген

мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу;

7.4.3.1 жазба жұмыстарында теңеу мен метофораны қолданып жазу;

Бағалау критерийі: Білім алушы:


  • Тақырып бойынша деректерді жинақтайды;

  • Тақырып бойынша көтерілген мәселеге өз ойын жеткізеді;

  • Жазба жұмыстарда теңеу мен метофораны орынды қолданады;

Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты: 20 минут


1 –тапсырма. Мәтінді оқып,баянда. Өз ойыңмен жалғастыр.

«Өнертапқыштар» деп кімді айтамыз?

«Өнертапқыш» деп - ғылыммен айналысқан, ғылыми ізденіс жасаған,тың ойлар мен түрлі жобаларды іске асырған адамдарды айтамыз. Олар айналасындағы басқа адамдардан өзінің ұтқырлығымен ерекшеленеді. Олар ұсынған жобалар жаңа қоғамның жаңаша идеялары болып табылады. Олар елдің экономикасын дамытуға,мемлекетті көркейтуге қажетті ұғымды жобаларды ұсынады. Біздің елде де өз жобаларын ұсынып жатқан өнертапқыштар аз емес.

Қазіргі кезде Қазақстанда жас өнертапқыштардың саны көбейіп келеді. Біздің еліміздің өнертапқыштарының бірі - Бауыржан Тінәлиев. Ол ауылшаруашылық саласына жаңа технологияны енгізді. Көгеніс пен жеміс жидекті жуып,ұнтақтап кептіріп және ұзақ уақыт сақтауға арналған кешенді қондырғы жасап шығарды.

20 жасар Мақсат Кәдірхан деген өнертапқыш электронды киіз үй ойлап тапқан. Электронды киіз үйдің ерекшелігі - күннен қуат алатындығы. Шаңырақта орнатылған арнайы құрылғы арқылы күн сәулесінен қуат алады, аккумляторды қуаттайды. Аккумлятордың саны - алтау. Қуатталған аккумлятордың күші бір аптаға жетеді. Сөйтіп, алыста отырып ақ жарық пен жылуға ие боласыз.

2 –тапсырма. Мәтінде қою әріптермен жазылған сөздердің синонимдерін тап.

Үлгі: өнертапқыш – ғалым

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



3-тапсырма. «Білімді жастар- ел болашағы» тақырыбында шағын шығарма жаз.

Қажетті тірек сөздер: қуатты,асқақ,қайратты,жалынды,білімді,отансүйгіш,жан жақты,еңбекқор,мінезі жұмсақ,белсенді.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінді оқып,өз ойымен толықтырады.

1


Мәтінді оқып,баяндайды,өз ойымен жалғастырады.

3


Мәтінде қою әріптермен жазылған сөздердің синонимдерін табу.

2

Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді тауып,синонимдерін жазады.


4


Теңеу мен метофорнаы қолдана отырып,шағын мәтін құрайды.

3

«Білімді жастар - ел болашағы» тақырыбында шағын шығарма жаз.

5


Барлығы 12


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет