1.Пайдалы өсімдіктер классификациясын жасаған ғалымдардың еңбектеріне талдау жасаңыз
1777 ж. П.С. Паллас қазіргі Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында болып, өсімдік түрлерін жинап, олардан коллекциялар жасаған. Республикада Ботаника саласындағы жүйелі зерттеулер 19 ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Қазір Ботаника мәселелерімен Алматыдағы Ботаника және фитоинтродукция институты, Ботаникалық бақтары, жоғары оқу орындарының арнаулы кафедралары, орман тәжірибе ст-лары шұғылданады. Зерттеулердің нәтижесінде флоратану, өсімдік ресурстары туралы көптеген еңбектер жарық көрді. Қазақстан және Орта Азия өсімдік жамылғысына, Тянь-Шань шыршалы ормандарына, олардың құрылымына, даму тарихына, басым (доминант) түрлеріне ботан. сипаттама берілді (Б.А. Быков, т.б.). Қазақстанда өсетін саңырауқұлақтар зерттелді (Бердіқұл Қалымбетов, С.Р. Шварцман, С.Әбиев). Өсімдіктер интродукциясы саласындағы зерттеулер, олардың нәтижелері жүйеге келтірілді (В.Г.Рубаник, А.М. Мушегян, т.б.). Ботаникалық зерттеулер, олардың нәтижелері туралы көп томдық монографиялар, анықтамалықтар жарық көрді. Қазақстан флорасының құрамы зерттелді: мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрі бар екені, оның 13%-і эндемиктер (тек Қаратауда бұлардың 100-ден артық түрі бар) екені анықталды. Бірқатар физиол.-биохим. зерттеулер жасалды. Оңтүстік Қазақстанның өсімдік қорына (Н.В. Павлов), Балқаш маңындағы кейбір ағаш түрлерінің тұзға төзімділігіне (Е.А. Жемчужников), шөл далада өсетін құм өсімдіктеріне (Л.П. Гвоздева, Г.Мақұлбекова, С.Есенова, т.б.), Батыс және Шығыс Қазақстандағы өзен-көл аңғарларының шалғындарына (О.Демин, Б.Махмудов, т.б.), су өсімдіктеріне (К.В. Доброхотова), дәрілік, тех. өсімдіктерге, жеміс-жидектерге сипаттама берілді. Дермене (Г.Балтабаева, т.б), мия (В.П. Михайлова, Э.Кұдайбергенова, т.б.), адыраспан (Л.Сафина), қырықбуын, қылша (Г.С. Синицын, т.б.), Түркістан сабыншөбі (С. Беспаева), т.б. өсімдіктердің экологиясы мен Ботаникасы зерттелді. Каучукты өсімдіктер физиологиясы зерттеліп (Л.Г. Добрунов, т.б.), бұлар мәдени өсімдікке айналдырылды және Оңтүстік Қазақстанда өсіріле бастады. Республика аумағының өсімдіктері, олардың мәдени түрлері биохим. тұрғыдан сипатталып, зерттеулер нәтижелері қорытылды (Т. Дарханбаев). Өсімдіктерді интродукциялау (М.В. Бесчетнова, М.А. Проскуряков, т.б.), флористика және геоботаника (М. Бәйтенов, С. Арыстанғалиев, М.П. Васягина, т.б.), өсімдік ресурстары (М. Көкенов, С. Беспаев), адамның өсімдік жамылғысына тигізетін әсері (Л.Я. Курочкина, Р.Н. Писак), сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауға алу (Б.А. Винтерголлер), палеоботаника (В.С. Корнилова), генетика (Ғ. Бияшев, А. Сейсебаев), цитология (Ф. Камалетдинова), жалпы экология және өнеркәсіптік ботаника (И. Байтулин), өсімдік өсуін реттеу (І. Рахымбаев), өсімдіктер төзімділігі (Ф.Полымбетова), өсімдіктердің минералдық қорегі (Б. Сәрсенбаев), фотосинтез (В.П. Беденко) мәселелері одан әрі зерттелуде.
2.Эндогенді ырғақ немесе «биологиялық сағат» тірі организм тіршілігіндегі маңызын түсіндіріңіз
Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.
Экзогенді биологиялық ырғақ — организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.
Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) және экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бөлінеді.
Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі бірнеше секундтан ондаған жылдар аралығын қамтуы мүмкін. Қайталану мерзіміне қарай биологиялық ырғақ ультрадианды (1 минуттан 10 — 12 сағат аралығында), циркадианды, тәуліктік (бір тәулік ішіндегі жануарлардың физиологиялық құбылыстары мен қылығының бір заңдылықпен тербелуі; бұл жарық, температура, ылғалдық әсеріне байланысты), айлық (айналымы жағынан ай фазасына — айдың толуына, 29, 53 тәулікке жуық), жылдық немесе маусымдық (жыл сайын қайталанып отыратын процестер: жануарлардың ұя салуы, қоныс аударуы, өсу қарқынының өзгеруі), көп жылдық (ауа райының, тіршілік жағдайының планетарлық өзгеруіне байланысты) және теңіздің көтерілу ырғағына сәйкес (24,8 немесе 12,4 сағат сайын байқалатын теңіздегі тіршілік заңдылықтары: қимыл белсенділігі, газ алмасу қарқыны, планктондардың жоғары-төмен ығысуы, т.с.с.) болып бөлінеді.
Биологиялық ырғақ - психологияда — адамның психикалық белсенділігінің күшеюі мен бәсеңдеуінің кезектесуі. Адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғағы 2 түрлі болады: сыртқы биологиялық ырғақ (Күн активтілігінің циклділігімен, жыл мезгілдерінің, тәуліктің ауысуымен байланысты пайда болатын) және ішкі биологиялық ырғақ (адамның ішкі психикалық және физикалық іс-әрекетінің жағдайымен анықталатын). Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:
ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12),
ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16),
екінші ең үлкен белсенділік — кешкі мезгілде (сағат 16 — 2),
барынша байқалатын ең аз белсенділік — түнде (сағат 2 — 8) болады.
Таңертеңгі және кешкі мезгілдегі белсенділіктің сергектігі организмде болып жататын ішкі биохимиялық процестерге байланысты. Мысалы, адам психикалық белсенділігінің ішкі биологиялық ырғағының тәуліктегі күшеюі мен бәсеңдеуі организмдегі адреналин мен норадреналин гормондарының көбеюіне тәуелді. Мұндай қатаң тәуелділік ішкі биологиялық ырғақтар мен сыртқы тіршілік әрекетінің ұйымдасуы арасында нақты үйлесімнің болуын қажет етеді. Егер бұл үйлесім бұзылатын болса, оның нәтижесі жүйке жүйесінің түрлі ауруларына (мысалы, ұйқының бұзылуы, невроздар, жүрек-қан тамырларының аурулары) соқтырады. Сондықтан психологиялық тексеру мен психокоррекцияда міндетті түрде адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғақ құрылымы ескерілуі тиіс
3.Биотикалық теріс өзара қарым-қатынастарға сипаттама беріңіз, бәсекелестік, жыртқыштық және паразиттік, антибиоз, аллелопатия қарым-қатынастарын салыстырыңыз
Басқа организмдер мен биоценоздардың жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке) немесе биоценозга әсер ететін факторлар жиынтығы. Тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етуінің барлық формалары. Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады (мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері т.б. Топтық эффект – топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез-құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері. Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т.б.) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді. Көптеген жануарлардың түрлері тек үлкен топқа біріккенде ғана қалыпты дамиды. Мысалы, африка пілдерінің өмір сүруі үшін үйірде 25 дарадан кем болмауы керек, ал солтүстік бұғыларының өнімділігі жоғары үйірлері 300 - 400 дарадан кем емес. Топтанып өмір сүру жануарларлың азығын іздеуі мен табуын, жауларынан қорғауын оңайлатады. Қасқырлар үйірі ірі жануарларға шабуыл жасайды, ал жеке даралар мұны жасай алмайды. Бірқазандардың үйіріне балықтарды таяз суға айдап ұстау оңай. Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабылетін артуына әкелектін физиологиялық процесстердің тиімділігін «топтық эффект» деп атайды. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психо-физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы, қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді. Жалғыз қыстайтын жарқанаттардың зат алмасу деңгейі, колониямен салыстырғанда жоғары болады. Бұл энергияны көп жоғалтуға, нәтижеде өліммен де аяқталуы мүмкін. Көптеген жануарлардың топтан тыс өнімділігі іске аспайды. Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды. Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштер қалыпты шамадан ауытқиды. Мысалы, құлақты кірпілерді топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134 %-ға оттегін көп пайдаланады. Даралар санының шектен тыс артуы мен популяция тығыздығының артуы арқылы массалық эффекті қоршаған ортаны өзгертеді. Масса эффектісі өнімдік өсу жылдамдығы жануарлардың өмір сүру жасы кері әсер етеді. Мысалы, ұндағы ұн құртының популяциясының дамуы барысында экскременттер түлеу өнімдері жиналып, ұнның мекен ету ортасы ретіндегі қасиетін нашарлатады. Бұл осы бунақденелілер популяциясындағы өнімділіктің төмендеуі мен өлімнің артуына әкеледі. Табиғатта топтық эффект пен массалық эффект бір уақытта байқалып отырады. Әрбір жануардың түрі бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оитималды тығыздығы болады (Олли принципі). Гомотиптік реакцияларға түрішілік бәсеке де жатады. Себебі, неғұрлым бәсекелестердің қажеттіліктері ұқсас болса, бәсекелестік жоғары болады. Гетеротиптік реакциялар әр түрге жататын даралар арасында байқалады.
4-билет
Достарыңызбен бөлісу: |