1.Биоалуантүрліліктің азаю немесе жойылу себептеріне талдау жасаңыз
Жануарлардың түрі мен өсімдіктер классының азаюына себеп әр түрлі: оған тікелей әрі жанама түрде адам факторының қатысы бар:
• Ормандардың үздіксіз шабу;
• Адамдардың тұрғылықты ортасы артуы (қала, аудандар мен ауылдардың аймағы артуда);
• Атмосфераға улы газдардың бөлінуі;
• Табиғи аймақтарды ауыл өнеркәсібіне айналдыру;
• Егін егуде химиялық қоспалардың қолдануы;
• Су қоймалары мен ауыз судың ластануы;
• Жолдардың салынуы;
• Өмір сүруге табиғи аймақты қажет ететін халықтың артуы;
• Аң аулау;
• Экожүйенің бұзылуы;
• Адам қолымен жасалған экологиялық апаттар;
• Туризм.
Биоалуантүрліліктің маңызы:
Жануарлар, өсімдік пен микроағзалар табиғаттың бір бөлшегі ғана емес, олардың генетикалық, экономикалық, ғалыми әрі мәдени, қоғамдық, рекреациялық, бастысы экологиялық маңызға ие.
Қазақстан аумағында сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, ал балықтардың 150 түрі мекен етеді. Бүгінде Қызыл кітапқа өсімдіктің 387 түрі, жануарлардың 120-дан астам түрі енген.
Киіктер популяциясының 95 пайызы Қазақстанға тиеслі. 1991-1999 жылдараралығында елдегі 1 миллион 200мың киіктің саны 150 мыңға жеткен. Ал 2003 жылы бұл көрсеткіш небәрі21 мыңға тең болған.
2.Желдің жануарлар үшін экологиялық маңызына талдау жасаңыз
Жел жануарлардың тіршілігіне күшті әсер етеді. Кептеген жәндіктер желге карсылык жасай алмайтындыктан күшті жел тұрган кезде ұша алмайды. Мысалы бал арасы 7-9 м/сек желде, ал үнсіз масалар 3,6 м/сек желде ұша алмайды. Желдін әсерінен жануарлардын денесіндегі ылғал тез буланып,ылғалдың тапшылығына ұшырайды және желді кезде жануарлар жылуын сактай алмайды. Желді кезде жануарлардын ыстыққа төзімділігі артады, ал суыкка төзімділігі бәсендейді.Жер бетіндегі ауанын кұрамында оттегінің мол (таза ауада 21%) болуы ондагы жануарлардың зат алмасуының қарқынды жүріліп, жасушаларда тотығу процесі парменді жүрілуіне мүмкіндік мол. Ғалымдардың жорамалдауынша гомойотермді жануарлардын алғаш жер бетіндегі ауалы ортада пайда болуы да ондағы оттегінін молдығына байланысты деп көреді. Суда жануарлардың таралуына ондағы оттегінің аздыгы шектеуші фактор болатыны белгілі. Ал жер бетінін қай белігінде де оттегі жеткілікті болғандықтан, жануарлардың тіршілік етуі оттегінің мөлшерімен шектелмейді.Жер бетіндегі ауалы ортаның негізгі бір ерекшелігі ондагы Ылгалдын тапшылыгы жане онын өте кұбылмалылығы. Сондыктан жер бетілік жануарлар денесінің ылғалын сактауга және үнемдеуге әртүрлі жолмен бейімделген. Су жануарларының тыныс алу мүшелері (желбезек) денесінің сыртында орналасатыны бәрімізге мәлім. Ал жер бетіндегі жануарларда тыныс мүшелері (өкпе, трахея) денесінің ішінде орналасуының өзі демімен бірге ылғал сыртка бөлінуін азайтуга багытталған эволюциялык бейімделу. Ұрығы қаганак (амнион) сұйығының ішінде даму тек кұрлықта дамитын омырткалы жануарларға тән. Бұл да ұрығын кеуіп кетуден коргаган эволюциялык кұбылыс. Сонымен катар буынаяқтылардың денесінің сырты хитинді кутикуламен капталуы, бауырымен жорғалаушылардың терісінін сырты мүйізденген қабыршақпен капталуы, т.с.с. терісі аркылы денесіндегі ылғалдың булануын шектеп денесіндегі суды үнемдейтін морфологиялык бейімделулер дамыған.
3.Ауыл шаруашылығы практикасында азотфиксациялаушы бактериялармен өсімдіктердің мутуализмін пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіріңіз
Табиғатта азоттың айналымы - бұл біздің планетамыздың
биохимиялык айналымының маңызды бір тетігі. Жер беті
атмосферасының 78% құрайтын азот барлық тіршіліктің маңызды
элементінің резервуары болып табылады. Азот белоктардың, ну
клеин қышқылдардың, сонымен қатар адамнан бастап микроорга-
низмдерге дейінгі барлық организмдердің құрылымын құрайтын
шптеген жай және күрделі молекулалардың құрамына кіреді.
Адамдар мен жануарларға азот жануартекті жэне өсімдіктекті
белоктар түрінде қажет, өсімдіктерге — азот қышқылының тұздары
немесе аммоний иондары түрінде қажет. Жануарлар мен өсімдікгер
азотты тікелей атмосферадан ала алмайды. Ал осындай қасиетке
микроорганизмдердің аз ғана саны және көк-жасыл балдырлар ие.
Оларды азотфиксаторлар деп атайды, ал осы организмдердің ат
мосфера азотымен байланысу процесін —биологиялық азотфиксация деп атайды. Азотфиксаторлар өсімдіктерді азотпен қамтамасыз
етіп бірге селбесіп тіршілік етеді жэне олар өсімдікте түзілген көп
қосылыстарды өзінің тіршілігі үшін пайдаланады. «Биологиялық
азотфиксация» термині ерекше биологиялық құбылысты сипат-
таиды. Сонымен қатар атмосфералық азоттың фиксациялануы-
на биологиялық емес үрдістер де өз үлестерін қосады: найзағай,
вулканның атқылауы, өрттер, жылу электростанциялары мен дви-
ғалымдары мен BASF фирмасы бірігіп, катализатор қатысуында
жоғары қысым арқылы азот және сутегіден аммиакты бөліп алу
технологиясын ұсыну арқылы азот өндірісінде үлкен төңкеріс
болды. Бұл технология бойынша қазіргі күні де минералды азот
ты тыңайтқыштар алынуда.
Азотфиксаторлардын ашылуы микробты тыңайтқыштырдыц
өндірілуіне алып келді. 1895 жылы Наббе жэне Хилтнер ми
кробты дақылдан жасалган Nitragin препаратын патенттеген.
Бұл препарат эртүрлі өсімдіктер үшін 17 нұсқада өндірілді.
Препарат топырақпен, құммен, көңмен және т.б. субстраттар-
мен араластырылган азотфиксациялаушы микроорганизмдердің
дақьшдарынан тұрады. Нитрогиннің топыракка енуі немесе
тұкымдардын онымен өқделуін инокуляция деп атайды жэне
шаруаларға өнімнің саны мен сапасын жоғарлаіуга көмектеседі.
Өткен ғасырдын 1-ші жаргысында бұршак түкымды және бұршақ
тұкымды емес дакылдар үшін микробты препараттарды алу
максатында гылыми-зертханалык жұмыстар жүргізілді.
Бірақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін химиялық
өндірістің қарқынды дамуы ауыл шаруашылық дақылдарын
химиялық тыңайтқыштармен өсіру технологиясының көптеген
мәселелерін шешуге жол ашты. Ауыл шаруашылық өндірісін хи-
мязациялау кезеңі басталды. Микробиологиялық препараттарды
зерттеу жұмыстары көбейе түсті. Егер 40-шы жылдардың орта-
сында әлемде 40 мың микробты препарттар сатылса, ал 1964 жы-
лы бұл көрсеткіш 1-2 мың құрады. Химияның жетістіктері, азот-
ты тыңайтқыштардың арзан болуы және олардың қолданылуда
қарапайымдылығы микробты препараттарды ығыстыра бастады.
Синтетикалық азотты тыңайтқыштарды қарқынды өндіру жэне
олардың интенсивті қолданылуы үлкен қауіп төндіреді, яғни
топырақтың, жерасты сулардың, өзендер мен көлдердің азотты
қосылыстармен ластануы. Минералды тыңайтқыштар топырақтан
шайылып, сілтісізденіп адамға зиянды қосылыстар — нитриттер,
нитрозаминдерге және т.б. айналады.
Азотты тыңайтқыштарды пайдаланатын ауыл шаруашылық
аймақтар жанындағы ауызсу қоймаларының «нитраттануы»
мәселесі көптеген өндірістік дамыған мемлекеттерде шешілу-
де. Мұндай мәселелер ғалымдар мен қолданысқа енгізушілер-
ді биологиялық азотфиксацияға назар аударта отырып, ауыл
шаруашылық мәселелерді шешуде косымша жолдарды іздеуге
түрткі болады.
5-билет
Достарыңызбен бөлісу: |