15 тақырып. Табиғи апаттар сабақ. Жер сілкінісі. Мақсаттары



Дата28.07.2017
өлшемі129,59 Kb.
#22305
VIII-тарау . Өмір қауіпсіздігінің негіздері
15 тақырып. Табиғи апаттар.

1.сабақ . Жер сілкінісі.
Мақсаттары: Білімділік. Оқушыларға мүмкіндігінше табиғи апаттар жөнінде түсініктер беру .
Дамыту. Жер сілкінісі салдарынан туындайтын факторларын жіктеу № 5 және 6 кесте бойынша
Тәрбиелік . Оқушылар сейсмикалық қауіпті жағдайларда өзін өзі ұстай алатындай психологи- ялық тестен өткендей дайындау ол алдын ала барлық тұсынан хабардар болуы тиіс .
Уақыты - 45 минут.

Сабақты өткізу орны : 11 сынып - бөлмесі.

Сабақты оқыту әдісі : әңгімелеу, көрсету, сұхбаттасу.

Сабақты жабдықтау көрнекі құралдармен : АӘД оқулық. «Төтенше жағдай» д\ф.
Ұй тапсырмасы: 1. Зақымдану ( залалдану) ошақтарын барлау қандай мақсаттармен ұйымдастырылады ?

2. Барлауға қандай талаптар қойылады ?

3. Бейбіт уақыттағы күнделікті өмірдегі барлаудың негізгі міндеттері жайында айтып беріңдер.

4. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлардағы барлаудың негізгі міндеттері жайында айтып беріңдер.

5. Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстырған кезде барлау тәсілімен қандай міндеттер орындалады ?
1Ұйымдастыру кезеңі - 10 минут. Оқушыларды сынып бөлмесінде саптық жарғысы бойынша , сапқа тұрғызып киімі мен оқулықтарын тексеру. Командир взводының баяндамасынан кейін сәлемдесіп бөлімше бойынша орналастыру .
2 бөлім. Үй тапсырмасын тексеру - жаңа өтетін тақырыппен және тақырыптың мақсатымен таныстыру.
2. Негізгі кезең - 25 минут .

1.оқу сұрағы - Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз не ?

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай - бұл табиғи апаттардан ( жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурумен және зиянкестермен зақымдануынан туындайтын төтенше жағдай.

Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға - жер сілкінінсіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа , қар көшкініне , дауылға, орман және дала өртіне , температураның шұғыл төмендеуіне , қарлы боранға, эпидемия мен эпизоотияға ұшырауын анықтайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне ( жағдайларына) орай оларды: геологиялық , метеорологиялық , гидрологиялық (гидрометерорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі.

2.оқу сұрағы – Жер сілкінісі дегеніміз не ? Топырақ қабаты тербелісінің қарқындылығы бойынша жер сілкіністері қалай жіктеледі ?

Жер сілкінісі - бұл, негізінен , геофизикалық себептерден туындайтын жервстылық дүмпулер мен жер бетінің тербелістері: Жер бетіндегі топырақ қабаты тербелісінің қарқындылығы бойынша жер сілкіністерін жіктеу № 5-кестеде ұсынылған.

№ 5-кесте



балл

аталуы

Қысқаша сипаттамасы

1

байқалмайтын

Тек сейсмикалық аспаптармен ғана тіркеледі

2

Өте әлсіз

Толық тыныштық жағдайында болған адамдар сезеді

3

әлсіз

Халықтың кейбір бөлігі ғана сезеді

4

шамалы

Заттардың , ыдыс-аяқтың, әйнектердің аздан дірілдеуі мен сылдырлауы, тербелуі, есіктердің сықырлауы байқалады

5

Айтарлықтай күшті

Ғимараттардың шайқалуы , жиһаздардың тербелуі, әйнектер мен қабырғадағы жарықшақтар пайда болады

6

күшті

Барлық адам сезеді. Қабырғадан картиналар құлайды. Сылақ кесектері бөлініп түседі , қабырғалар айырылады , ғимараттарға жеңіл зақым келеді

7

Өте күшті

Тас үйлердің қабырғаларындағы сызықтар

8

қиратушы

Үйлер күшті зақымданады, ішінара құлайды. Ескерткіштер орнынан қозғалады

9

Тас-талқан етуші

Тас үйлердің қатты зақымдануы және қирауы

10

жоюшы

Тастан салынған құрылыстардың қирауы. Теміржол рельстерінің қисаюы. Сырғымалар, құландылар, жарықшақтар

11

апат

Тас үйлер мүлдем қирайды. Сырғымалар, құландылар, жарықшақтар

12

Күшті апат

Бірде-бір құрылыс шыдамайды. Жердегі орасан жарықшақтар. Толып жатқан сырғымалар мен құландылар. Су тасқындарының, көлдерде қосымша тоғандардың пайда болуы, өзендер ағысының өзгеруі









Жер сілкінісінің тікелей салдары үрей болып табылады, бұл кезде адамдар қорқыныштан өздері және айналасындағылар үшін ақылға сыйымсыз, қауіпті әрекеттер жасайды және өзін - өзі құтқару мен өзара көмек шараларын саналы түрде ұйымдастырып, жасай алмайды. Үрей әсіресе адамдар шоғырланған жерлерде ; ұйымдарда, кәсіпорындарда , оқу орындары мен бала – бақшаларда, жатақханаларда, ортақ пайдаланылатын орындарда ерекше қауіпті.


Біздің ғаламшардағы жер сілкіністерін бір жыл ішіндегі саны (қайталану жиілігі) бойынша жіктеу 6 – кестеде ұсынылған.

Жер сілкіністері

балы

Жылына орташа саны

Жергілікті әлсіз

5 - 6

5000 - 7 000

орташа

6 - 7

7 00 - 1 000

Жергілікті күшті

7 - 8

1 00 - 150

Өңірлік күшті

9 - 10

15 - 20

жаһандық

11 - 12

1 - 2


Адамдардың жарақаттануы мен опат болуы, негізінен, қираған ғимараттардан, құрылыстардың сынықтарынан және құлаған заттардан, сондай-ақ үйінділердің астында қалу мен өз уақытында көмек көрсетілмеуден орын алады. Жердің қозғалысы адамдардың құрбан болуына өте сирек жағдайларда ғана тікелей себеп болады.

Сондай – ақ жер сілкінісі салдарынан туындайтын екінші реттік факторлардан ( өрт, өнеркәсіп және көлік апаты, зақымданған инженерлік және энергетикалық желілері да зардап шегуі мүмкін.

Құрбандардың көпшілігі күшті тербелістер әсерінен ғимараттардың , құрылыстардың шайқалуы , қирауы кезіндегі заттардың , әйнектердің , тастардың , қабырғалардың және т.б. құлауының нәтижесі болып табылады. Адамдардың жарақаттануы мен опат болуының себептері сан алуан болған кездің өзінде, жер сілкінісіне алдын ала байыппен дайындалып, іс - әрекеттерді ойластырып және бірқатар ұсыныстарды орындаған кезде зардап шегушілер санын айтарлықтай азайтуға болады. Әрбір жер сілкінісінен қорқа бермеу керек . Салыстырмалы түрде әлсіз жер сілкіністері ( 5 балға дейінгі ), әдетте, залал келтірмейді . Алайда егер мұндай жер сілкінісінде тербелістер күші бірден немесе біртіндеп 5 - 6 балға жетсе, онда есте ұстау керек - бұл қауіпті белгі . Әдетте, бұл тербелістер (оқиғалардың 1\3-і) 7 және одан да көп балға жете отырып , күшейе түседі.

Егер 8 – 9 балдық жер сілкінісі басталса, онда 5 - 6 балдық дүмпулер пайда болған сәттен бастап ең күшті тербелістерге дейін , яғни ғимараттың қирау қаупі туындағанға дейін 15 – 20 секунд қана өтеді . Неғұрлым күшті тербелістер , әдетте , бірнеше ондаған секундқа созылып , ғимаратты қатты шайқайды . Одан кейін тербелістер , шамамен 30 секунд және одан көбірек уақытқа бәсеңдейді.

Ғимараттың беріктігін (сол уақыттағы орналасқан орнын) және аталған уақыт шамасын (15-20 сек)есепке ала отырып, күшті жер сілкінісі кезіндегі саналы әрекет тәсілін таңдауға болады не ғимарат ішіндегі салыстырмалы түрдегі қауіпсіз орынға бару, не тезірек шығын кетуге әрекеттену.

3.оқу сұрағы. Үйде(көшеде,көлікте) болған кезде жер сілкінісе не істеу қажет ?

Ең қарапайым жағдайлардағы: үйде, жұмыста, көшеде, кинода, театрда және т.б. жер сілкінісі кезінде халықтың алдын ала ойластырылған әрекет ету тәртібі нәтижелі және шұғыл қимылдарға жағдай жасайды. Алайда нақты мән-жайдың барысына орай оны кез келген уақытта өзгертуге дайын болу керек. Жер сілкінісі туындаған жағдайда тиімді және ұтымды іс-әрекеттерге барып, зардап шегушілер мен құрбандардың санын азайту мақсатында сейсмикалық қауіпті аудандардың тұрғындары мұнадай іс-шараларды орындауы тиіс:



1.төтенше жағдайдағы іс-әрекеттер жоспарын алдын ала белгілеу және жер сілкінісінен кейін отбасының жиналатын жері туралы келісу, қажет болған жағдайда құтқару қыэметін, медициналық көмекті, полицияны шақыру үшін телефондар тізімін жасау;

2.электр сымдары, су және газ құбырларының жай-күйін үнемі тексеріп тұру. Отбасының барлық ересек мүшелері пәтердегі, подъездегі, үйдегі электр, газ және су көздерін жабуға, сондай-ақ зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге машықтанған болуы тиіс;

3.ең қажетті заттарды(бұйымдарды): қоректендіргіштері(батарейка) бар радиоқабылдағыш, консервілік өнімдер мен ауызсудың 3-5 күнге есептелген қоры; отбасының созылмалы аурулары бар науқас мүшелеріне қажетті дәрілер жиыны және таңу материалдарының жеткілікті қоры салынған алғашқы медициналық көмек қорапшасы; тасымалдаушы электр қолшамы; құм толтырылған шелек; автомобильдік өрт сөндіргіштерді (оны пайдалануды алдын ала үйренген жөн) және т.б. алдын ала дайындау және оларды отбасы мүшелерінің бәріне белгілі жерде сақтау;

4.құжаттарды оңай қолжетімді жерде, мүмкіндігінше пәтер кіреберісіне жақын тұста сақтау. Рюкзактың болғаны да мақсатқа лайық болмақ; онда қолшам, шағын балта, сіріңке, тамақ, дәрі қорапшасы, балауыздар, ауыстыратын киім мен аяқким (маусым бойынша) болуы тиіс; гараж бен бақшалық шағын үй бар болса; оларды жер сілкінісінің алғашқы күндері баспана ретінде пайдалануға болады. Сол жерде азық-түлік қоры мен киімді сақтаған тиімді;

5.шкафтарды, баспалдақтарды,сөрелерді, стиллаждарды қабырға мен еденге берік етіп бекіту; жиһаздарды ұйықтайтын жерлерге құламайтындай етіп орналастыру; бөлмелерден шығатын жерлерді, есіктерді жабу; сөрелердегі немесе жиһаздың үстіндегі (антресольды қосқанда) ауыр заттарды мықтап бекіту немесе төменге түсіру;

6.сөрелерді ұйықтайтын орындардың , кіреберіс есіктердің, пештердің, раковиналардың, унитаздардың үстіне орнатпау; ыдыстар қойылған сөрелердің алдыңғы бөлігін жабу, люстралар мен люминесцентті шам-шырақтарды сенімді бекіту;

7.пәтерге кірер жерге, дәліздерге, баспалдақтарға заттарды үймеу;

8.оңай тұтанатын заттар мен күйдіргіш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды сенімді бекітіп, тербеліс кезінде құламайтындай, сынбайтындай жерде сақтау;

9.мезгіл-мезгіл жаттығулар(дайындықтар) өткізу.

Балалардың , қарт адамдардың, мүгедектер мен науқастардың қауіпсіздігін арттыруды ойластыру :

1.дүмпулердің тоқтауын күтуге болатын неғұрлым қауіпсіз орындары (пәтерлерде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерде) алдын ала анықтау ; негізгі ішкі қабырғалардағы ойықтар (терезе мен есік жақтаулары), ішкі негізгі қабырғалармен құрылған бұрыштар, баған мен қаңқа арқалығының астындағы жерлер. Отбасының барлық мүшелері пәтердегі аталмыш қалқа жерлерді естерінде сақтауы тиіс;

2.ұйықтайтын жерді үлкен терезелердің, әйнек қабырғалардың жанына орналастырмау.

Құлаған заттар мен сынықтардан қорғайтын мықты берік үстелдер мен кереуеттердің асты да паналайтын орындар қызметін атқарады. Ересектер болмаған кездегі күшті дүмпулерде балаларды аталмыш жерлерге тығылуға үйретуі қажет.

Қатты жер сілкінген кездегі оңтайлы шешім - бұл ғимаратты тастап шығу, сондықтан ең күшті тербелістер мен дүмпулерге дейінгі 15 – 20 секунд есебімен қозғалыс жолын алдын ала белгілеп алу қажет.

Жер сілкінісінің түнде де болу мүмкіндігін есепке алу қажет. Есіктер мен сыртқа шығатын орындар адамдардың көп шоғырланатын жері болады, сондықтан ғимараттан жылдам шығуға кедергі келтіреді. Мұндай жағдайда эвакуация 1 – қабаттағы терезе ойықтары арқылы да жүзеге асырылады. Кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында жер сілкінісі кезіндегі қауіптілікті төмендету бойынша алдын ала шаралар әзірленіп, қабылдануы тиіс. Тәртіп пен барлық жағдайдағы жоғары жауапкершілік жер сілкінісі орын алған жағдайда қорғау шараларына дайындықтың ең үздік көрсеткіші болып табылады.

Кәсіпорындар мен мекемелердің ғимараттарында, үйжайларында дәліздерді, өтпелерді, басқыш алаңшаларын және ішкі есіктерді босату қажет. Ауыр шкафтар мен сөрелерді қабырғаларға сенімді бекіткен жөн. Ауыр заттарды жоғары сөрелерге орналастыруға болмайды. Әрбір қызметкер электр шаппаларының, өрт және газ крандарының орналасқан жерлерін білуі тиіс. Мүмкін болатын жарақаттар мен адам шығындары олардың төтенше жағдайға әзірлігі мен іс-әрекеттеріне байланысты болады. Мұндай жағдайларда сабыр сақтауға тырысу қажет.

Жер сілкінісі қорғануға мүмкін болатын барлық шараларының ішіндегі ең үздігі-үрейге бой алдырмау.

Егер ғимаратты жылдам тастап шығу (мүмкіндігінше алғашқы 15-20 сек) мүмкін болса онда бірінші осы әрекетті орындау қажет. Ғимараттан жүгіріп шыққаннан кейін, одан ашық жерге, электр сымдарынан, ернеулерден әйнектерден қауіпсіз қашықтыққа кету (құланды жетпейтін аймақ- ғимарат биіктігіне тең қашықтық).

Егер жағдай ғимаратты тастап шығуға мүмкіндік бермесе, онда алдын ала таңдалған салыстырмалы түрде қауіпсіз орынды паналау керек . Көпқабатты үйде есікті баспалдаққа қарай ашып, босағаға тұруға болады. Егер есіктің ашылуы қиындаса, онда қорықпау керек. Бұл ғимараттың қисаюынан болады.

Кез келген ғимаратта терезелерден қашығырақ, ішкі негізгі қабырғаларға жақынырақ тұру қажет. Әйнекті қабырғалардан қауіптенген жөн.

Жер сілкінісі басталысымен отты өшіру керек . Жерасты дүмпулері кезінде немесе жерасты дүмпулерінен кейін сіріңке, балауыз жағуға, тұтатқыш пайдалануға болмайды.

Есіктерде кептеліс жасауға және 1-қабаттаан жоғары орналасқан терезеден, әйнегі бар терезелерден секіруге болмайды. Аса қажеттілік туындаған кезде әйнекті орындықпен немесе аласа орындықпен, еш мүмкіндік болмаса арқамен сындыруға болады.

Ғимараттан шыққан кезде лифт пайдалануға тыйым салынады. Қалыптасқан кез келген жағдайда сенімді әрекет ету керек, артық асығу мен әбігерленуге жол бермеген жөн,

Автокөлікте келе жатқанда жер сілкінісі басталса, көліктерге бөгет жасамайтын жерге тоқтап, машинада қалу керек.

Жер сілкіңісінен кейін :

1.жарақаттың жоқтығына көз жеткізу, айналадағы адамдарды қарап шығу және қажет болса, оларға көмек көрсету. Егер ауыр жараланғандарға аса қатер (өрт, құрылыстың құлап түсуі және т.б.) төнбесе, онда орнынан қозғамау;

2.жеңіл үйіндінің астына түскен адамдарды босатып алу. Бұл ретте абай болу керек. Егер оларға қосымша немесе медициналық көмек қажет болса, онда көмекті күткен дұрыс;

3.телефонды өте қажет болған кезде ғана пайдалану, өйткені телефон желісі аса жүктемеленген болады;

4.су құбырын, газ, электр желілерін тексеру. Егер электр желісінде зақымдану байқалса, онда оны ажырату керек. Газдың шығуы иіс бойынша тексеріледі. Егер газдың шығын жатқаны анықталса, онда барлық есіктер мен терезелерді ашу, үй - жайды дереу тастап шығу және болған оқиға туралы тиісті қызметтерге хабарлау керек. Суқұбырлық желілер зақымданған кезде ақауды реттеуге асықпау керек және суды пайдалануды тоқтатқан дұрыс,өйткені су зақымданған болуы мүмкін. Суды тек қайнатқаннан кейін ғана пайдалануға болады.

-Кәрізді пайдаланбас бұрын, оның ғимарат, жертөле шектеріндегі құбырларының ақаусыздығына көз жеткізу қажет.

- Ашық отты пайдалануға болмайды. Тұтану ошақтары бар болса, оларды сөндіру қажет. Егер мұның сәті түспесе, онда дереу өртке қарсы қызметпен байланысу керек.

- Баспалдақпен түсіп келе жатқанда оның беріктігін тексерген жөн.

Зақымданған ғимараттарға жақындауға болмайды . Қайталанатын дүмпулерге дайын болу керек. Ондай думпулер бірнеше тәуліктен , аптадан, тіпті айлардан кейін болуы мүмкін. Жер асты думпулерінің толықтай қашан толастайтынын айту мүмкін емес. Солай болғанмен де күшті жер сілкінісінен кейін уақыт өте келе қайталанатын дүмпулердің қатері біртіндеп азаятыны белгілі. Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы сағаттар неғұрлым қауіпті болады. Осыған байланысты, алғашқы 2 - 3 сағат ішінде аса қажеттілік болмаса , ғимаратқа кіруге болмайды. Қайталанатын жер сілкінісі сирек жағдайларда ғана біріншісінен күштірек болады. Егер ғимаратқа кіру қажеттігі туындаса, онда барынша аз адаммен кіруге және мүмкіндігінше аз уақыт қана болуға тырысу керек. Бұл ретте шкафтарды ашу кезінде абай болу керек, өйткені ондағы заттар орнықсыз жағдайда болуы мүмкін. Жаншылатын және кескіш заттардан зақымданудан сақтану үшін аяққа берік аяқкиім кию керек.

Мүмкін болатын кезекті дүмпулер туралы қандай да бір мәліметтерді, болжамдарды, қауесеттерді ойлап табуға және таратуға болмайды. Бұл толықтай қайталанатын дүмпулерге де қатысты. Бұл турасындағы тек ресми хибарларды ғана пайдалану қажет. Сейсмикалық ауданда мүмкін болатын зілзаланың жақындап келе жатқанын жер сілкінісінің хабаршылары білдіруі мүмкін. Бұл жануарлар мен құстардың әдеттен тыс мазасыз мінез - құлық оқиғаларынан немесе аталмыш ауданға жасалған қысқа мерзімдік болжамнан алынады.


3. Қорытынды кезеңі - 10 минут.
Жаңа тақырыпты талдау және бекіту кезеңінде , 3-5 оқушылардан сабақ сұрау , сұрақтарына жауап беру.

Бағалау және бағаны оқушыларға хабарлау . Үй тапсырмасын жазып алуына мүмкіндік жасау.



Әскери қоштасу рәсімі оқушылармен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет