Тақырып: Геологиялық барлау жұмыстарының сатылары
Жоспар:
ГБЖ (геологиялық барлау жұмыстардың сатылары) сатылары
Қатты пайдалы қазбаларға геологиялық барлау кезеңділігінің тәртібі
3 Іздестіру және барлау жұмыстарының принциптері
ГБЖ (геологиялық барлау жұмыстардың сатылары) сатылары
Геологиялық немесе басқа да белгілер бойынша қандай да бір қызығушылық білдіретін аудан шегінде-геологиялық қызметтің алдында негізгі міндеттер қойылады:
1. Үлкен кен шығу жолдарының (кен біліну) ықтимал санын анықтау.
2. Әр кенбілінмнің/кеннің ауқымын және тәжірибелік мәнін анықтау.
3. Перспективалы кен орындарын барлау.
Геологиялық барлау процесі - жұмыстарды жүргізудің қатаң реттілігі немесе олардың сатылылығы көзделген бірыңғай жүйе болып табылады.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабының 8-тармағына сәйкес:
Геологиялық барлау кезеңділігіне пайдалы қазбалардың түрлері:
қатты пайдалы қазбалар;
жерасты сулары;
көмірсутекті пайдалы қазбалар (бұдан әрі-көмірсутектер) бойынша геологиялық барлау жұмыстары кіреді.
Геологиялық барлау қағидаттарын сатыға және кезеңге бөлу жұмыс түрлерін орындаудың ұтымды жүйелігін бекіту және жер қойнауы ресурсын пайдалануды және геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бірыңғай әдістемелік негізде олардың нәтижелерін бағалаудың жалпы принциптерін бекіту мақсатында жүргізіледі.
2 Қатты пайдалы қазбаларға геологиялық барлау кезеңділігінің тәртібі Геологиялық барлау жұмыстарының толық циклі бес сатыны қамтиды:
1) жер қойнауын өңірлік геологиялық зерттеу;
2) іздестіру жұмыстары;
3) бағалау жұмыстары;
4) кен орындарын барлау;
5) кен орындарын пайдаланылатын барлау.
Алдыңғы сатының нәтижелері келесі саты жұмыстарын өткізу мақсаттылығының техникалық-экономикалық бағалау өлшем шарты болып табылады.