Гбж (геологиялық барлау жұмыстардың сатылары) сатылары


Қатты пайдалы қазбаларға іздестіру жұмыстары



бет3/6
Дата27.09.2022
өлшемі29,41 Kb.
#150969
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ГБЖ сатылары
сабақ жоспары модуль 6, сабақ жоспары модуль 6, сабақ жоспары модуль 6, сабақ жоспары модуль 6, 61 сабақ, 61 сабақ, емтихан 2020-21, примеры, примеры, Саба та ырыбы Цилиндрді , конусты , шарды ж не оны б ліктері, Диктанты, тема 7, Тест №1
Қатты пайдалы қазбаларға іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары болашағы бар учаскелер мен кен көріністерін табу және анықтау, минералдық ресурстарды бағалау, алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және бұдан былайғы геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу мақсатында жүргізіледі.
Іздестіру жұмыстары кезіндегі зерттеу объектілері бассейндердің, кен аудандардың, тораптардың болашағы бар бөліктері, 1:200000 және 1:50000 масштабты геологиялық-геофизикалық және геологиялық-минерагендік зерттеулерді, басқа да жұмыстарды орындау кезінде табылған кен алаптары немесе олардың бір бөліктері болып табылады. Егер болашағы бар аудандардың геологиялық құрылысы мен кенділігі өзгеретін болса, минералды шикізаттың конъюктурасы өзгеретін болса, зерттеу тереңдігін ұлғайтумен немесе іздестіру жұмыстарында әлдеқайда тиімді қазіргі заманғы технологияларды енгізумен және олардың нәтижелерін өңдеумен байланысты болатын болса, іздестіру жұмыстары бұған дейін іздестіру (немесе аз іздестіру) жүргізілген аудандарда да жүргізілуі мүмкін.
Аумақтың геологиялық құрылысының, болжанатын кенденудің пішінді типінің күрделілігіне және зерттеулердің тереңдігіне байланысты іздестіру 1:50000-1:10000 масштабтарында жүргізілуі мүмкін. Олар іздестіру ұңғымаларының және кен қазбаларының ұңғымалауымен геологиялық-минерагенді, геофизикалық, геохимиялық, зерттеудің басқа да істер кешенін қамтиды. Жасырын және қазылған кен орындарын іздестіру үшін ұңғымалық геофизикалық және геохимиялық зерттеулермен қатар бұрғылау қолданылады. Әдістердің ұтымды кешені объектінің геологиялық құрылыс ерекшелігіне, жұмыс өндірістік ландшафтты-геохимиялық жағдайларына, осы саладағы пайдалы қазбалардың әртүрлері үшін болжау-іздестіру кешендерін қолдануда жинақталған тәжірибеге, кен орындарының өнеркәсіптік типтеріне қарай құралады.
Іздестіру жұмыстарының негізгі нәтижесі пайдалы қазбалардың анықталған көріністерінде және үлкейтілген техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша есептемелермен өнеркәсіптік кен орындарды-ұқсастарын салыстыру арқылы анықталып зерттелетін аудандардың болашағын және минералдық ресурстарды геологиялық негізбен бағалау болып табылады. Іздестіру жұмыстарының материалдары бойынша сәйкес масштабта іздестіру учаскелерінің геологиялық карталары және олардың бөліктері, өнімді құрылымдық-заттық кешендердің геологиялық құрылымы мен орнығу заңдылығын көрсететін геофизикалық және геохимиялық зерттеу нәтижелерінің карталары жасалады. Есепте үлкейтілген көрсеткіштер бойынша табылған объектілердің геологиялық-экономикалық бағасын қамтитын геологиялық барлау жұмыстарының негізгі нәтижелері және бағалау жұмыстарын өткізудің мақсаттылығы туралы негіздемелі түсініктер келтіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет