Гбж (геологиялық барлау жұмыстардың сатылары) сатылары


Қатты пайдалы қазбаларға бағалау жұмыстары



бет4/6
Дата27.09.2022
өлшемі29,41 Kb.
#150969
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ГБЖ сатылары

Қатты пайдалы қазбаларға бағалау жұмыстары
Бағалау жұмыстары табылған объектінің жалпы қорларын анықтау, өнеркәсіптік мәнін анықтау және қазуға тартудың мақсаттылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатында жүргізіледі. Өнеркәсіптік кен орны аудандарын нобайлау үшін және оның геологиялық-құрылыстық ерекшеліктерін зерттеу үшін үлкен кен орындарына 1:25000-1:10000 масштабты және үлкен емес кен орындарына 1:5000-1:1000 және одан да үлкен геологиялық карталар жасалады. Геологиялық түсірім минералды-петрографиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулермен қатар жүргізіледі. Кен орнықтырылған құрылымдық-заттық кешендерін зерттеу, пайдалы қазбалардың қыртыстарын ашу және жалғастыру жыралармен, шыңыраулармен, картасы жасалған және іздестіру ұңғымаларымен жүзеге асырылады.
Кеннің минералдылығының жоғары дәрежелі өзгергіштігі жағдайында немесе объектіні тереңдікке зерттеу үшін жер асты кен қазбаларын қолдануға болады.
Бағалау жұмыстарының нәтижелері ықтимал өнеркәсіптік мәнді кен орындарының минералдық ресурстары мен минералдық қорларын бағалаумен қоса алдын ала бағалауды қамтамасыз етулері керек.
Табылған және бағаланған кен көріністері мен кен орындарында минералдық ресурстар мен минералдық қорларды бағалау және техникалық-экономикалық есептерін жасаумен қоса болашағы бар объектіні барлауға немесе өндіруге беруді бағалаудың мақсаттылығы туралы нұсқауларды берумен аяқталады.
"Іздестіру жұмыстары" мен "Бағалау жұмыстары" сатылары "Жер қойнауын өңірлік геологиялық зерттеу" сатысынан "Кен орындарын барлау" сатысына өтетін саты болып табылады.


Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау осы шикізат үшін болашағы бар және бағалау жұмыстарының нәтижесінде оң қорытынды алған объектілерде жүргізіледі. Кен орындарын барлау кен орнының өнеркәсіптік мәнінің сенімді геологиялық, технологиялық, экономикалық негізделген бағалау үшін шынайы деректер алу мақсатында жүзеге асырылады.
Кен орындарын барлау шегінде кен орнын өнеркәсіптік бағалау және кен орнын немесе оның бір бөлігін өнеркәсіптік игеру үшін әзірлеу деген екі мәселе шешіледі.
Бірінші мәселені шешу кезінде пайдалы қазбалардың минералдық қорлары анықталады. Олардың негізінде екінші мәселе шешіледі, мұнда кеңістікте орнықтыру және барланған қорлардың саны, олардың санат бойынша ара қатынасы кен орындарының нақты геологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып белгіленеді.
Кен орындарын барлау кезінде минералды шикізаттың қасиеттері және кеннің типтері, оларды тау-кен-геологиялық жағдайда жер қойнауыннан шығару және өндіру технологиясы, тау-кен жабдығын таңдау және кен орнын пайдалану тәсілі жөнінде қосымша ақпарат алу мақсатында зертханалық типті, кіші технологиялық (картаға түсірімді), үлкейтілген-зертханалық, жартылай өнеркәсіпті және өнеркәсіпті және басқа да сынамалар үшін пайдалы қазбаларды тәжірибелі өндіру жүргізілуі мүмкін.
Кен орындарын барлау кезінде геологиялық барлық жұмыстардың кешені орындалады:
1) құралды негізде геологиялық карта жасалып, кен орны бетінің геологиялық құрылысының зерттелуі аяқталады;
2) кен орындарын тереңдікке барлау қазылуы экономикалық жағынан тиімді көкжиектерге дейін ұңғымалармен жүргізіледі. Күрделі құрылымды кенорындары жер асты кен қазбаларымен бірге ұңғымалармен барланады;
3) пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік типтері мен іріктелгіштіктерінің заттық құрамы мен технологиялық қасиеттері пайдалы құрамдастарды кешенді алып, өңдеудің тиімді технологияларын жобалау үшін жеткілікті болатындай егжей-тегжейлі зерттеледі;
4) негізгілермен бірге жататын жолай пайдалы қазбалардың қорларын зерттеу және бағалау жұмыстары орындалады, шаруашылық-ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтаудың ықтимал көздерінің бағасы беріледі, жергілікті құрылыс материалдарын анықтау жұмыстары жүргізіледі, өнеркәсіптік және азаматтық мәндегі объектілерді орнықтыру схемалары жасалады және табиғатты қорғау шаралары жүзеге асырылады;
5) геологиялық барлау жұмыс нәтижелері бойынша техникалық-экономикалық бағалау, санаттар құрамдастары бойынша негізгі және ілеспе пайдалы қазба қорларына бағалау жасалады. Геологиялық құрылым туралы, жатыс жағдайлары, пайдалы қазба қыртыстарының морфологиясы туралы мәліметтердің шынайылығы бүкіл кен орны үшін егжей-тегжейлі ұсынылған учаскелерде расталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет