Гбж (геологиялық барлау жұмыстардың сатылары) сатылары


Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын пайдаланылатын барлау



бет5/6
Дата27.09.2022
өлшемі29,41 Kb.
#150969
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ГБЖ сатылары

Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын пайдаланылатын барлау
Пайдаланылатын барлау төмендегідей мақсаттарда кен орнын игерудің бүкіл кезеңі бойынша жүргізіледі:
жұмысты жобалау үшін, ағымдағы және болашақтағы өндіру жоспарларын жасау үшін шынайы бағасын алып, пайдаланылатын қорларды қайта барлау;
пайдалы қазбалардың қыртыстарын әзірлеу және өңдеу схемаларын, алынуға дайын блоктар мен қорларды жасау үшін әзірленген қорлар есептемесін анықтау;
қапталдарды және кен орындарының терең көкжиектерін қайта барлау.
Осы сатыда арнайы барлау қазбалары ұңғылау, ұңғымаларды, теспелерді бұрғылау, әртүрлі әдістермен сынамалау, геофизикалық зерттеулер жүргізіледі.
Кен орнын өндіру барысында (кен орнының кейбір бөлігінде) геологиялық, кен-техникалық, технологиялық, сондай-ақ кен кәсіпорынының өніміне деген нарық конъюктурасының өзгеруіне немесе басқа да факторларға байланысты оқыс ауытқу болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға қорларды қайта бағалау мүмкіндігі беріледі.
Кен орында барлау және игеру кезеңі бойы өсу, өтеу, қайта есептеу, қайта бағалау немесе кен кәсіпорны балансынан шығарып тастау нәтижесінде қорлардың өзгерістерін бағалап, кен қыртыстары, блоктар, кен орындары бойынша барланған қорлар қозғалысының есебі үнемі жүргізіліп отырылады.
3 Іздестіру және барлау жұмыстарының принциптері
Кенорындарды барлау - өте қымбат әрі үзақ үрдіс. Ол көптеген мамандардың қатысуы мен материалдық ресурстардың едәуір шығынын қажет етеді. Сонымен
қатар, барлау нәтижесінде материалдық құндылықтар өндірілмейді. Оның қорытындысында Жер қойнауы туралы ақпарат алынады. Бұл ақпараттың ақиқаттылығы мен толықтылығы кенорындардың өнеркәсіптік игерудің тиімділігіне байланысты. Сондықтан барлаудың негізгі принциптері геологиялық негізде жасалынып, басты принципті - экономикалық ұтымдылықты басшылыққа алады.
Іздестіру және барлау жұмыстарының принциптері:

  1. зерттеулердің толықтығы (принцип полноты исследования) - Барлық саласындағы салыстырмалы толық және жан-жақты зерттеу үшін қажеттілік болып табылады, оның табиғи шекаралары мынандай талаптарға кіреді:

а) міндетті түрде бүкіл кенорны мен аймақтың баяндалуы.
ә) барлау қазбалары мен пайдалы қазбалар толық қиылысуы.
б) ілеспе компоненттер мен ПҚ сапасын жан-жақты зерттеу;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет