1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері


Қазақтардың РесейдіңІ – ІІМемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы



бет6/93
Дата11.05.2022
өлшемі247,35 Kb.
#142735
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
1. азіргі заман тарихы курсыны п ні, ма саты мен міндеттері, де

6. Қазақтардың РесейдіңІ – ІІМемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы да саяси өсуіне ерекше ықпал етті. 1905 жылдың тамызында ІІ Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифестке қол қойғанымен, манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Ресей парламентінің шақырылатындығынан көзі қарақты қазақ өкілдері де құлағдар болып әрі депутаттыққа қазақтардың сайлануға құқы жоқ дегені олардың наразылығы мен ашу-ызасын тудырды.Осы сәтте Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене кіріседі. Орта Азия мен Қазақстан аймағын қамтып өткен қуатты толқу патша үкіметінің халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті.
Ұлттық мәселеге қатысты жайттарды өткір талап ете білудің нәтижесінде І Мемлекеттік Думаға қазақтардан өкілдер сайланған. І Мемлекеттік Думаға депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. Олар: 1. Сәлімгерей Сейтханұлы Жантөрин – Уфа губерниясынан сайланған; 2. Алпысбай Қалменұлы Қалменов – Хан ордасының қазақтарынан сайланған; 3. Дәуіт Санжынұлы Ноян – Тұндұтов – Астрахан мен Ставрополь көшпелі тайпаларының атынан сайланған; 4. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов – Торғай облысын мекендеген қазақтардың өкілі;5. Шаймерден Қосшығұлов – Ақмола облысы қазақтарының өкілі.
1907 жылғы ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері болды. Олар: Шәймерден Қосшығұлұлы – Ақмола облысынан; Ахмет Бірімжанов – Торғай облысынан; Темірғали Нүрекенов – Семей облысынан; Тілеулі Алдабергенұлы – Сырдария облысынан; Мұхамеджан Тынышбаев – Жетісу облысынан; Бақытжан Қаратаев – Орал облысынан; Бақтыгерей Құлманов – Астрахан губерниясынан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет