Морфологиялық талдау Сақадаай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.
Сақадай – сақа деректі , жалпы , дара зат есім, -дай- сын есім тудырушы жұрнақ.
сайланған –сай- сапалық сын есім, -лан – өздік етіс жұрнағы,
-ған- есімше жұрнағы;
қырық – есептік дара сан есім;
жігіт- дара, деректі, жалпы зат есім;
майдайды – маңдай – дара, деректі, жалпы зат есім, -ды- табыс септік жалғауы;
батысқа – батыс-мекен үстеуі, -қа- барыс септік жалғауы;
қойды – қой- негізгі етістік, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы.
да- ыңғайластық мәндегі жалғаулық шылау;
төскейді- төскей- жалпы, дара зат есім, ді- табыс септік жалғауы;
үзеңгіге - -үзеңгі-деректі, жалпы дара зат есім,-ге- барыс септік жалғауы;
ала жүріп кетті -күрделі жедел өткен шақ формасындағы етістік,ал- негізгі етістік -а- көсемше жұрнағы, жүр- қалып етістігі, -іп- көсемше жұрнағы кет- негізгі етістік, ті- жіктік жалғауының ІІІ жағы.
жығып алды- күрделі етістік; жық- негізгі етістік, -ып- көсемше жұрнағы, -ал- негізгі етістік, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы.
Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді.
Мен – жіктеу есімдігі;
сұлап- сұла- негізгі етістік, -п-көсемше жұрнағы;
жатқан-жат- негізгі етістік, -қан- есімше жұрнағы;
орнымнан- орын- зат есім, -ым- тәуелдік жалғаудың жекеше түрі І жағы, -нан- шығыс септік жалғауы;
тұра алмадым- күрделі етістік, тұр- қалып етістігі, -а- көсемше жұрнағы, ал- негізгі етістік, -ма- болымсыз етістік жұрнағы, -дым- жіктік жалғауы жекеше түрінің І жағы,
себебі- себеп-салдар мәндегі жалғаулық шылау.
Тортай – жалқы зат есім;
мінер- мін- негізгі, дара етістік, -ер- есімше жұрнағы;