1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет31/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

ЕМТИХАН БИЛЕТI № 11


1 Инвазиялық ауруларының эпизоотологиясы
Инвазиялық аурулардың эпизоотологиясы эпизооттық процестің заңдылықтарына негізделген. Зоопаразиттердің күрделілігіне, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, инфекциялық ауруларга қараганда, паразит а>руларының шығуының, оршуінің және тоқтауының өзіндік айырмашылығы бар.
Инвазиялық аурулардағы эпизооттық процесс, бұл қоздырғыштың ауру малдан немесе паразит тасымалдаушыдан сау малға, қалыптасқан жолмен өтетін, тоқталмас тізбек.
Инвазиялық аурулардың ішінде жануарларға тікелей жанасқанда жұғатындары аса көп емес. Бұған шағылысқанда жұғатын киеңкі ауруы, соз ауруы, саркоптоидоз немесе қотыр аурулары, биттеу және т.б. жатады. Көптеген эктопаразиттер өсіп-өнуінің бір бөлігін қоршаған ортада немесе аралық иесінде немесе тасымалдаушыларда өткізеді.
Инвазия қоздырғышы сыртқа әр түрлі жолдармен шығады: нәжіспен, несеппен, танаудан аққан жалқаяқпен, сілекеймен, сүтпен, көзден аққан жаспен, қанмен және т.б.
Қоршаған ортаға тараған қоздырғыштар, атап айтқанда топырақтағы, шөптегі, судағы ғеогельминт жұмыртқалары, балаңқұрттары мен кокцидиялардың ооцисталары инвазияльщ сатыға дейін дамуы жәнё тіршілік ету мерзімі табиғи жағдайларға, яғни, ауа райының ыстық-суықтығына, жауын-шашын мөлшеріне, топырақ қүрамына және оның қүрылысына байланысты. Мүндай жағдайда инвазия козі болып ауру мал мен паразит тасыйтындар саналады, ал, инвазия топырақ пен су арқылы сау малдарға жүғады. Инвазияның таралуына буынаяқтылар, кеміргіштер, қүстар, адамдар және т.б. механикалық тасымалдаушылар да өсерін тигізеді. Сондайақ, кейбір ішқұрттарда қоржинағыш иелер болады, олардың денесінде балаң қүрттар жиналып, көпке дейін сақталады. Мысалы, құстардың гетеракис қүртыньщ, шошқа аскаридасының жұмырт қалары жауын құрттарының денесінде қорланып жинала береді.
Инвазиялық ауруға бейімді жануарларға оның қоздырғьшітары ауыз арқылы, тері арқылы, тасымалдаушылар және тікелей жанасу арқылы да, сондай-ақ аралас жолмен де жұғады (ауыз және тері арқылы).
Паразит ауруларына қарсы шаралар жүргізгенде, қоздырғыштың табиғатта өсіп-өну ерекшеліктерін, сондай-ақ, оның тасымалдаушылары мен аралық иелерін, аймақтық эпизоотологиясын ескеру қажет. Паразит ауруларының шығуы және таралуы классикалық үштікке, яғни, ауру малдың, ауру қабылдаушы жануардың және қоздырғыш тасымалдаушылардың немесе қоршаған ортаның мінездемесіне байланысты.
Инвазиялық аурулар энзоотия және эпизоотия түрінде өтуі мүмкін. Ал кейбір инвазиялық аурулар бірнеше елге жайылып панзоотия түріне айналады. Мысалы, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жылқының қотыры соғысып жатқан елдердің аттарына түгел тараған.
Эпизоотологиялық қүбылыстың заңдьшығын, оның барлық қозғағыш күштерінің қарым-қатынасын білу, ауыл шаруашылық жануарларының инвазияға шалдығу мерзімін болжап, оларға қарсы дауаларды дер кезінде жоспарлап және оларды жүзеге асыруға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет