1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет52/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Індеттанулық деректер: Трихинеллез аңдар арасында кең тараған. Ол кейде үй жануарларында да ұшырасады. Ауруды таратып тасымалдауында шошқалардың маңызы зор. Олар тоғышармен залалданған егеу құйрық, мысық, жабайы аңдардың өлексесін немесе шикі немесе жеткіліксіз залалданған қасапхана қалдықтарын, үй тастандыларын жеп, инвазияны жұқтырады.
Ит пен мысықтар кеміргіштерді сойылған малдың қалдықтарын жеп ауруға шалдығады. Терісі бағалы аңдар дертке ұшырайды. Егер оларды трихинелла балаң құрттары бар қалдықтармен, тағылардың ұшасымен, теңіз сүт қоректілерінің етімен қоректендірген кезде жұқтырады. Ал, адам шошқа, аң, аюлардың немесе басқа жануарлардың етін жеп трихинеллезге
душар болады. Трихинеллез жиі ұшырайтын жерлерде бұл індетке көп ұрынатын хайуанаттардың қатарына қасқыр, ит, мысық, егеуқұйрық және тышқан қосылады.
Сырт белгілері: Көптеген трихинеллез қоздырғышы жұқтырылған шошқада денесінің қызуы сәл көтеріледі. Ол әлсірейді, жиі лоқсиды, іші
өтеді, тез арықтап 12-15 күннен кейін өледі.
Кейде дерт созылмалы түрде 1-1,5 ай бойы өрбиді. Хайуанның қоңы төмендейді. Оның тыныс алуы жиілейді, денесін сипағанда ауырсынады. Ол бір орында ұзақ күні бойы жатып алады, арықтайды.
Адамдарда бұлшық еттердің ауырсынғаны, бетінің іскене (одутловатка) байқалады.
Лабораториялық зерттеулер:
І. Жануарларды тірі кезінде трихинеллезге диагноз қою қиын. Сол
үшін иммунологиялық немесе серологиялық тәсілдерді пайдалануға болады. Олардың ішінде:

  • НРИФ;

  • майда тамыршаларда кольцепреципитация реакциясын жасау;

  • биопсия.

Бірақ, жоғарыда аталған тәсілдер әлі шаруашылық жағдайында көп пайдаланыла қойған жоқ.
ІІ. Сойылған малдан ауруды дәл анықтау үшін шошқаның етін микроскоппен қарап, трихинелланың бар жоғын анықтау қажет. Шошқа ұшасынан алынған бұлшық етті компрессорлық ларвоскопиялық әдіспен зерттейді (трихинеллоскопия). Ол үшін көк ет ұшасынан 50-60 грамдай, екі сынама кесек кесіп алынады. Әр сынамадан үлкендігін күріш немесе бидай дәніндей етіп арнайы қайшымен 12 тілім (барлығы 24) кесіп алады. Компрессориумның қос шынысының арасына кесілген ет тілімдерін, сынамаларың қысып, қатты сығып (астына газет қойғанда жәй көзбен оқи алатынға дейін) микроскоппен қарайды. Егер көк еттің ішінен «қоржын – қабықтар» және олардың ішінде ұзындығы 0,6 – 0,68 мм-ге дейін, иреленген, бір немесе, екі балаңқұрт болса, онда жануардың дертке шалдыққаны деп санаймыз.
Кейде, ет талшықтарының арасынан капсуласыз ұрықтар да кездеседі. Ал, нематодаларды айқын көру үшін, ет кесінділерін әуелі жасанды асқазан сөлінде пісіреді, немесе 1 - 2 сағат бойы 5 – 10 % тұз қышқылы ерітіндісінде ұстаған жөн және тексерер алдында ет тілімі
сынамаларға глицерин тамызу керек.
Малдың ұшасын трихинеллезге тексерген кезде, трихинелла капсулаларын саркоцисталардан, цистицерктерден ажырата білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет