Алдын алу шаралары. Дикроцелиозға қарсы сақтық шараларды комплексті жүргізеді ересек мал басын дегельминтизациялау, жайлауды гельминтологиялық бағалау, Аралық иелерідi жою, ветеринарлы-санитарлық шектеулер откізеді.
Жануарларға дегельминтизацияны күз-қыс айларында жасаған дұрыс. Жердi жырту арқылы Аралық иелерімен күресемiз, мәдени өсiмдiктер егемiз, құрғақ шөптi өртеймiз. Дикроцелиозға қарсы шараларды жануарлар осыаурумен зақымдалған жерлердi анықтау керек. Оны құмырсқа мен моллюскаларды зерттеу арқылы анықтаймыз. Құмырсқа иелеуiндегi есiнен танған құмырсқаларды зерттеймiз. Бұл ауру бар жерлерде малды бақпау керек. Жайлауда алдын алу шаралары үшiн құмырсқа иелеуiн изоляциялау әдiсiн қолданады. Жануарға ең қауыптi жайылатын жер суқоймасы мен өзен маңында.
Ет комбинаты мен мал соятын жерлерде жануар бауырын ветеринарлысанитарлық қадағалап, қарайды. Өте қатты зақымдалған бауырды утилге жiбередi, әлсiз зақымдалған бауырларды тазартып, шектеусiз жiбередi. Жүргiзiлген сауықтыру шараларыңың эффектiлiгiн жыл сайын тексередi. Ол үшiн әрбiр таза емес шаруашылықтан 20-30 жануарды гельминтокөпрология әдiсiмен тексередi.
3 Иксод кенелердің жүйелігі, морфологиясы және биологиясы
Иксодид кенелерінің мал патологиясындағы маңызы жөнінде ең алғаш Кильборн және Смит (1983) пікір айтып, ірі қара малдың пироплазмозын кенелер тасымалдайтынын анықтады. Мұның өзі буынаяқтылардың мал мен адамның инфекциялық және 1 протозоидтық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаудағы маңызы жөнінде зерттеулерге әсерін тигізеді.
Протозоидтық, вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтар тудыратын аурулар қоздырғышын тасымалдауда және оларды сақтап отыруда иксодид кенелерінің маңызын анықтауда ВЛ. Якимов, АВ. Белицер, Е.П. Джунковский, А.А. Марков, И.В. Абрамов, Р. Кох, А. Тейлер, Эд. Сержан және т.б. зерттеулерінің маңызы зор болды.
Кенелердің бұл тұқымдасының денесі ірі және біртұтас, пішіні сопақ-ұзынша келген. Денесінің алдыңғы жағында тұмсығы-гнатосома орналасқан. Тұмсықтың құрамына: оның түбі, екі қармалауыш, екі хелицер (жоғаргы жақ) және бір гипостом (төменгі жақ) енеді. Иксодидтердің қармалауыштары сезім қызметін атқарады, олардың көптеген сезімтал талшықтары бар. Қармалауыштарының көмегімен кене жануарлар терісіне жабысатын жерін тауып алады. Қармалауыштар арасына өткір тістерімен қаруланған хелицерлер орналасқан, олардың көмегімен кене теріні тесе алады. Хелицерлердің астыңғы жағына гипостом орналасқан, оның үсті тікен тәрізденіп иректелген, солары арқылы кенелер теріге мықтап жабысады. Тұмсықтың тұрқы мен пішіні әртүрлі.
Денесі – идиосома, кененің даму сатысына және қанга тою дәрежесіне байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау, ал тойынғанда сопайып дөңгеленеді. Арқа жағында тығыздалған хитин қалқаншасы (скутум) бар. Ол ұрғашы кенелердің тек қана арқасының алдыңғы жағын, ал еркектерінің жотасын түгел жауып тұрады. Кейбір кенелердің алдыңғы жағында қалқаншаның шет жағына орналасқан көздері болады. Денесінің іш жағында, төртінші аяқтарынан төменірек торлы табақшалар – перитремалар, ал олардың ортасына тыныс тесіктері – стигмалар орналасқан. Сондай-ақ, кененің іш жағында жыныс және артқы тесіктері орналасқан. Иксодид кенелерінің еркектерін, ұрғашыларынан айыру оп-оңай (диморфизм). Аш ұрғашы кененің дене тұрқы еркегінікіндей немесе аздап үлкенірек. Қан сорғаннан кейін ұрғашыларының денесі бірнеше есе үлкейеді.
Иксодид кенелерінің (географиялық) жер жүзіне таралуы кейбір биотикалық және абиотикалық жағдайларға байланысты. Әсіресе қанын сорып қоректенетін жануарлар болуының маңызы өте зор. Әр түрлі кенелердің өмір сүруіне қолайлы жылылық, ылғалдылық, өсімдіктер құрамы үлкен әсер етеді. Кенелердің жануарларға жабылуы қолайлы жылылықтың, сондай-ақ күннің ұзақтығына да байланысты. Кенелердің жұмыртқалау мерзімі, әр сатыға алмасу ұзақтығы күн жарығының алмасуына да байланысты. Жазғы қолайлы климат жағдайларының Оңтүстік аудандарында ұзақ, ал солтүстік аудандарда қысқа болуы иксодид кенелерінің өсіп-дамуының мерзіміне әсерін тигізеді. Мысалы, Ixodes ricinus кенесінің оңтүстікте таралған популяциясының өсіп-дамуы бір ғана жаздық маусымда, ал солтүстік ареалында ол үш, ал кейде төрт жылға созылады. Буынаяқтылардың мекендейтін жерін биотоп деп атайды.
Кенелердің жануарлар организмімен қарым-қатынасы күрделі және әлі толық зерттелмеген. Олардың сан-қилы омыртқалылардың қанын соратындығы мәлім. Табындағы және отардағы малдардың кенеге талануы әртүрлі дәрежеде болады. Ол жануарлар тобының жасына және т.б. жеке организм ерекшеліктеріне байланысты. Жабысқан кенелердің саны организмнің тойтарыс күшіне, кенеге қарсы пайда болған иммунитетке байланысты.
Біздің елімізде таралған Ixodidae тұқымдасына жататын жайылым кенелері алты туысқа бөлінеді. Олар мыналар: Hyalomma (шыны көз), Ixodes (жабысқақ), Dermacentor (тері жырғыш), Haemaphisalis (қан сүйгіш), Rhipicephalus (желпуіш бас) және Boophilus (бұқа сүйгіш).
Ixodidae түқымдасы кенелерінің қысқаша туыстық морфологиялық белгілері.
Тұмсығы ұзын
Көздері бар Hyalomma
Көздері жоқ Ixodes
Тұмсығы қысқа
Тұмсық түбі төртбұрышты
Қалқаншасы мәрмәр түсті Dermacentor
Қалқаншасы мәрмәр түссіз Haemaphisalis
Тұмсық түбі алтыбұрышты
Артқы тесік қарықшасы бар. Перитремалары үтір тәрізді – Rhipicephalus.
Артқы тесік қарықшасы жоқ. Перитремалары дөңгелек не сопақ – Boophilus.
Hyalomma туысына ұзын тұмсықты көздері жақсы дамыған кенелер жатады. Сондықтан оларды шыны көз деп атайды. Ауыл шаруашылық жануарларында бұл туыстың Hyalomma anatolicum, H.detritum, H.scupence деген түрлері кездеседі. Бұл кенелер Қазақстанның шөлді және шөлейт аймақтарында көп тараған. Әсіресе Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының кейбір аудандарында таралған. Hyalomma туысына жататын кенелер көбінесе ірі қара малда кездеседі. Жылқы, қой, ешкі, түйе түліктеріне Hyalomma кенелері өте сирек жабылады. Бұл кенелердің H.anatolicum деген түрі, ірі қараның қарапайымдылар қоздыратын тейлериоз ауруын тасымалдайды. Кененің бұл түрі еліміздің оңтүстігінде ғана кездеседі. Оның ареалының Солтүстік шекарасы – Ресейлік Астрахан облысынан Қазақстанның Оңтүстігін басып, Қырғызстанға дейін барады. Теңіз деңгейінен 500 м биіктік бұл кенелерден бос. Кенелер мал қораларында, олардың қабырғаларында, оттығында тығылып жатуы мүмкін. Сондай-ақ көң астында, кемірушілердің інінде, саман және қамыстан істелген құрылыстарда кездеседі. Ал, H.scupence деген түрі мал қораларында қыстайды. Сол себепті тейлериоз ауруы бірен-саран түрде қыста да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |