1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет1/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы


1—билет
1.Паразитологияның қысқаша дамуы
Паразиттер туралы алғашқы деректер ертедегі тарихи көне ескерткіштерде сақталынған. Эберестің (б.д.д. VI ғ.) папирусында аскаридалар мен тениидалар туралы деректер бар. Гиппократ (460-370 ж б.д.д.) адамның тениидозар, эхинококкоз, аскаридоз ауруларын білген және бірінші болып "Helmints" (гельминт) атауын (термин) ендірген. Аристотель (382-342 ж б.д.д.) аскариданы, тенияны және ішек құрттарды (острица) білген, шошқаның финнозы туралы жазып,"гельминтоз","диптера","акарус" атауларын енгізген. Ғалым, табиғатты зерттеуші (натуралист), философ және дәрігер Ибн Сина өзгертілген есімі Авиценна (980-1037) ритша және ішек құрт, цестода, аскарида құрттарымен таныс болған, гельминтоздардың патологиясы туралы ілімді дамытқан. Ф.Реди (1626-1698) бірінші рет барлық омыртқалар тобының және олардың денелеріндегі гельминттер түрлеріне шолу жасаған. К.Рудольфи (1771-1832) гельминтология ғылымының атасы болып саналады. Ол әртүрлі 756 жануарлардан паразиттердің 981 түрін тауып, құрттар жөнінде жинақ жазған. XX ғасырдың 20 жылдарына дейін дүние жүзінде паразитология жеке ғылым ретінде қалыптаспаған. Паразитология мәселелерімен шұғылданатынбірде-бір институт болмаған. Жоғары және орта дәрежелі мал дәрігерлікмедициналық оқу орындарында, сондай-ақ дәрігерлердің білімін жетілдіру курсында паразитология пәні оқылмаған. Бірақ, зоология, малдәрігерлік және медицина саласындағы кейбір ғалымдар (И.И.Мечников, К.А.Рудольфи, Р.Лейкарт, Г.Ф.Кукеңмейстер, Г.С.Паллас, Э.А.Островский, Л.Ф.Боровский, Д.А.Романовский, Н.А.Холодовский және т.б.) басқа мәселелермен қоса, паразитология мәселелеріменде шұғылданған. Ол кезде Ресейде де паразиттерді зерттейтін мамандар болмады. Іс жүзінде малдәрігерлері мен медициналық мамандар паразитарлық ауруларға көңіл бөлмеді, себебі оқу орындарын бітірген мамандардың инвазиялық аурулар жөнінде дайындықтары жоқ еді. 1910 ж. Бүкілресейлік малдәрігерлері құрылтайында Константин Иванович Скрябин жоғарғы оқу орнындарында "Паразитология" кафедраларын ұйымдастыру жөнінде мәселе көтерді. Ол 1916 ж. бастап жазған еңбектерінде және одан кейінгі жұмыстарында үй жануарлары мен адамның инвазиялық ауруларының пайда болуына жануарлар дүниесіне жататын паразиттердің өте жоғары маңызы барлығын жазған. Сондықтан малдәрігерлік,медициналық институттар мен университтердің факультеттерінде арнайы "паразитология және инвазиялық аурулар" кафедрасын құру керектігін айтты. Оның тікелей ықпалымен 1917 ж. Новочеркасск мал дәрігерлік институтында, Ресейдегі ең алғашқы "Паразитология" кафедрасы ұйымдастырылады және оның алғашқы профессоры болып 1917 ж. К.И.Скрябин сайланады. Жоғары дәрежелі малдәрігерлік білім саласында бұл алға ұмтылған қадам еді. 1920 ж. К.И.Скрябин Мәскеуге көшіп, Мәскеудегі зоотехникалық-малдәрігерлік институтында "паразитология" кафедрасын ұйымдастырады. Бұдан кейінгі жылдардап бастап, паразитология ғылымының дамуы академик К.И.Скрябиннің есімімен тікелей байланысты. Ол қысқа мерзім ішінде іш құрттар дүниесін зерттеді. Оның замандас-шәкірттері көптеген іш құрттардың жаңа түрлерін ашты, олардың өсіп-даму айналымдары анықталды және ішқұрт ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер іздестіру жолындағы ғылыми зерттеулер жүргізіле басталды. К.И.Скрябин көп жылғы еңбегінің нәтиежесінде 120 туыстыққа, 30 тұқымдастыққа жататын, 200-ден аса гельминттердің жаңа түрін ашты. Оның 800-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Осы жылдары мал дәрігерлік протозоологияның дамуына профессор Василий Ларионович Якимов зор еңбек қосты. 1919 ж. Ленинград мал дәрігерлік институтына ол "паразитология" кафедрасын ұйымдастырып, ондағы жұмысын протозоолог мамандар дайындаудан бастады. Одан көптеген мал дәрігерлері мен биологтар дәріс алды. Сол жылдары В.Л.Якимовтың протозоология мектебінен басқа, Мәскеу қаласында Бүкілодақтық эксперименталдық мал дәрігерлері институтының жанынан протозоологиялық зертхана ашылды. Осы ғылым ордасында профессорлар А.В.Белицердің, ал соңынан А.А.Марковтың жетекшілігімен көптеген протозоолог-ғалымдар шындалды. Паразитологияның арахно-энтомологиялық бағыты академик Е.Н.Павловскийдің жетекшілігімен дамыды. Бұрынғы Кенес одағының шет аймақтарына жасақталған оның көптеген экспедициялары трансмиссивті ауруларды және олардың тасымалдаушылары-буынаяқтыларды зерттеп,табиғи ошақты трансмиссивтік аурулар туралы жаңа ілім қалыптастырылды. Біздің елімізде паразитология ғылымының дамуы тікелей Ресеймен байланысты болды. Бұрынғы Кенес Одағы құрамында болған Қазақстанда 1925 жылы өлкелік мал дәрігерлік-бактериологиялық институты жанынан гельминтология зертханасы ашылды. Мұнда көптеген паразитолог-ғалымдар қызмет істеп, гельминттерді және оларды қоздыратын ауруларды жан-жақты зерттеп, ғылымғы өз үлесін қосты. Академик С.Н.Боев, профессор Р.С.Шульц, ветеринария ғылымдарының кандидаты Ж.Қ.Қарабаев, кейіннен профессорлар Г.И.Диков, В.Т.Рамазановтар елімізде кең таралған гельминтоздарды жете зерттеп, олармен күресудің бағытын анықтады. Одан кейінгі жылдары да елімізде кең тараған протозооздары, гельминтоздарды жан-жақты зерттеп, олардың күрес шараларын жетілдірген профессорлар М.В.Хванның, М.С.Сабаншиевтің және ғалымдар М.Ж.Сүлейменовтың, М.Шальменовтың ж.т.б. еңбектерін атауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет