1билет Рефлексия


$$ билет  1) Lesson Studyдің мақсаты мен міндеті. Lesson Study арқылы сабақты талдау



бет8/19
Дата15.12.2021
өлшемі181,9 Kb.
#101536
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
жанартылган 11-15

$$$13 билет

 1) Lesson Studyдің мақсаты мен міндеті. Lesson Study арқылы сабақты талдау.

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілімен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study тәсілін ұйымдастыру үшін қандай іс-әрекеттер қолданылады? Бірінші Lesson Study-ді қандай сыныпта өткізетіндігіңізді анықтап алыңыз; Әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушыны: жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап алыңыз. Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтап алыңыз. Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетініңіз туралы қысқа да нұсқа жазып алыңыз. Сабақтың әр кезеңін жоспарлаңыз. Lesson Study тәсілінің оқытушыларға тиімділігі: 1.Әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; 2. Мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; 3. Оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; 4. Lesson Study-дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға 5 .Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет