1Денсаулық бұл?


Тұрғындардың дәрігерге өздігінен келу бойынша аурулықты зерттеу



бет14/19
Дата14.11.2022
өлшемі9,36 Mb.
#158115
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ДНН РК

44Тұрғындардың дәрігерге өздігінен келу бойынша аурулықты зерттеу.
5 түрі бар. Олар Жалпы аурулық, Жедел жұқпалы аурулар, Эпидемиялы емес аурулық, Госпитализацияланған аурулық, Уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығы.
Жалпы аурулық туралы мәліметтер Қорытынды диагноз тіркелетін статистикалық талон, яғни 025-2 тіркеу түрі бойынша жиналады.
1. Жалпы ауру наукастың өмірінде биылғы жылы бірінші рет анықталса, онда статистикалық талонға + белгісі қойылады.
Статистикалық талонда негізгі ауруы жазылады. Статистикалық талон аурудың анықталған диагнозы жазылған амбулаторлы картасы бойынша толтырылады.
2. Жедел жұқпалы аурулар. Жедел жұқпалы аурулардың жиілігі және жедел жұқпалы аурулардың шұғыл тіркелуі статистикалық талонда белгіленген. Жұқпалы ауруларды, тамақтан улануды, шұғыл кәсіби улануларды және егуден кейінгі реакция болған жағдайларды 058 тіркеу түрі "Шұғыл хабарлау" құжат түрі арқылы есепке алады. 058 тіркеу формасымен тіркелетін жұқпалы аурулардың тізіміне мыналар кіреді:
Іш сүзек, іш аурулары, қызылша, көкжөтел, туберкулез, бруцеллез, құтыру, шешек, гепатит А,В; сал ауруы және т.б.
Мед қызметкерлер дерттің басталуының нақты түрін анықтап, шұғыл хабарлау қағазын санитарлық-эпидемиологиялық станцияға жібереді. Ең қауіпті жұқпалы аурулар шешек, тырысқақ, оба ауруларын дәрігерлер ерекше тіркеуге алып, телфон телеграф арқылы денсаулық сақтау органдарына, денсаулық сақтау министрлігіне хабарлайды.
3. Эпидемиялы емес аурулық.
Республикада эпидемиялы емес ауруларды жаппай тіркеуге алу қабылданған. Олар туберкулездің ашық түрі, мерез, соз, трихофития, қышыма, психикалық аурулар, обыр, қатерлі ісік аурулары. Мед қызметкерлер осындай дертке шалдыққан әрбір ауруға арнайы хабарлау қағазын толтырады. Ол 089 және 090 тіркеу формалары. Тіркеу жұмыстары арқылы аурулардың уақытында емделуін, статистикалық сараптама арқылы арнайы ауруларды төмендету шараларын іске асыруға болады.
4. Госпитализацияланған аурулық.
Бұл адамның қатты ауруы салдарынан, жедел дәрігерлік көмек керек екені және оның ауруханаға жатуын қажет ететін аурулықты айтады. Госпитализацияланған аурулық, әр түрлі мамандандырылған стационарлы көмектің жоспарлануына сипаттама береді. Госпитализацияланған аурулық арнайы аурудың стационардан шыққан картасы арқылы, яғни 066 тіркеу формасы арқылы жүргізіледі.
Аурухана жұмысын сараптау арқылы мына көрсеткіштер есептелінеді:
А) 1000 адамға шаккандағы Госпитализацияланған тұрғындардың деңгейі ;
Б) сыныптар, топтар және аурудың формасы бойынша Госпитализацияланғандардың құрамы;
В) нақты сырқатқа байланысты аурудың емделуінің орташа ұзақтығы;
Г) емдеу нәтижесінің көрсеткіштері.
5. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығы.
Бұл адам организмінінің функционалды бұзылуын, ауру салдарынан уақытша еңбек етуіне кедергі жасалатын жағдайды айтады. Уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты аурулық жалпы аурулыктың орташа 80% құрайды. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың алғашқы тіркелу құжаты "Еңбекке жарамсыздық парағы", сонымен қоса "анықтамалар" 094 және 095 тіркеу формасын дәрігерлер толтырады. Еңбекке жарамсыздық парағы заңдылық қаржылық, статистикалық құжат болып саналады және оны жұмысқа қайта оралу алдында кәсіпшілер одағы ұйымына өткізеді, яғни әлеуметтік қауіпсіздендіруі арқылы бухгалтерия ауырған адамның істемеген күндері санына есептеп қаражат береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет