1) 5 м/с жылдамдықпен қозғалған балға кішірек шегені ұрады. Балғаның массасы 800г. Егер соққының ұзақтығы 0,1 с болса, онда оның орташа күші қандай? Жауабы: 40Н
2) Болаттан және қорғасыннан жасалған көлемдері бірдей екі дене бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Денелердің импульстерін салыстыр. Жауаы: қорғасынның импульсі 1,5 есе артық
3) 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанда массасы 1000 кг машинаның моторы өшіп қалса, ол қанша уақыттан кейін тоқтайды? Ортаның қозғалысқа орташа кедергі күші 0,2кН. Ж: 100с
4) материалдық нүктеніің қозғалысы теңдеуімен өрнектеледі. Оның массасын 2 кг деп алып, қозғалыс басталғаннан соң 2 с және 5 с өткендегі импульстерін анықтаңдар. Осы күшті туғызған күштің бағыты мен модулін анықтаңдар. Ж: -4кг*м/с; -16кг*м/с; -4Н
5) массасы 22 кг бала 2,5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, массасы 12 кг жылжымалы платформаға қарғып шықты. Бала мен платформаның жылдамдығы қандай? Ж: 1,6 м/с
Достарыңызбен бөлісу: |