Децелерация-акселерацияға қарсы мәндегі ұғым. 50балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуына қандай факторлар әсер етеді? Балалардың бойының өсуі мен дамуын дұрыс бағалау үшін баланың жасына сәйкес бұл параметрлер физиологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ оларға ықпал ететін факторларды білу қажет. Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері: ◊ дене салмағы; ◊ бойы/ұзындығы; ◊ бас шеңбері; ◊ психомоторлық дамуы. Дене салмағы—баланың өсуі мен дамуының неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі, баланың салмақ қосуының баяулап қалуы немесе тоқтап қалуы оның жеткіліксіз тамақтануының және өсуінде кемшілік бар екенінің бірінші белгісі болып табылады. ◊ Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің салмағы 2,5 - 4,4 кг. аралығында болады. Туғаннан кейінгі алғашқы 3–4 күнде бала денесінің салмағы аздап азая бастайды, 5–6%-ға салмағын жоғалтады, мұны салмақтың физиологиялық кемуі деп атайды. Алғашқы аптадан кейін салмақ қосу тұрақты әрі үздіксіз жүреді. ◊ Алғашқы 6 ай ішінде дені сау сәби әр аптада 150 грамнан 250 грамға дейін салмақ қосады. Кейінгі 6 ай ішінде апта сайын денеге салмақ қосу – 100-150 грамды, 12-14 ай арасында – 50 грамды құрайды. ◊ Туғанына 5 ай толған соң, бала өзінің дене салмағын туған кезіндегі салмағына қарағанда екі есеге көбейтеді, ал 12 айға қарай – оны үш еселейді. Бойы (денесінің ұзындығы). Бала туғаннан бастап 2 жасқа дейін «денесінің ұзындығы» деген термин қолданылады, ал 2 жастан асқан соң «бойы» деген термин қолданылады. Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің денесінің ұзындығы туған кезде 46-56 см болады. Өсу — үздіксіз үдеріс. Түрлі жаста бұл үдерістің жеделдеуі немесе баяулауы мүмкін. Туғаннан кейін бойы өте тез, бірден өсе бастаған баланың әдетте кейінгі айларда өсуі бірте-бірте баяулай бастайды. Алғашқы 6 айда бала 16 см, кейінгі 6 айда 8 см өседі. 1 жастағы баланың бойы шамамен 75 сантиметрге өседі және 4 жаста туған кездегі денесінің ұзындығынан 2 есеге артық, 100 сантиметрді құрайды. 4 және 10 жас аралығында баланың өсуі салыстырмалы түрде баяу әрі бірқалыпты, бұл кезеңдегі бойдың өсуі жылына 5-7 см болады. Баланың бойы жыныстық жетілу басталған кезде жеделдейді. Бас шеңбері. Баланың бас шеңберінің өзгерістерін бақылау оның физикалық дамуына дәрігерлік бақылау жасаудың ажыратылмас компоненті болып табылады. Дені сау баланың басының өсуі оның миының өскенін көрсетеді. Туған кезде баланың бас шеңбері орташа алғанда 34-36 см болады. Бас шеңбері алғашқы айда неғұрлым тез (3-5 см) өседі. Бас шеңберінің орташа мәні 3-айда 40,5 см, 6 айда — 43 см, 12 айда — 46 см болады. 6 жастағы баланың бойы ересек адамның бойының 70%-ын құрайтын болса, осы баланың бас шеңбері ересек адамның бас шеңберінің 90%-ын құрайды. Баланың өсуі мен дамуы үздіксіз жүріп отырады. Әу баста баланың басы тез өседі. Алғашқы 6 айдан кейін кеуде шеңбері тез өседі. 9-12 айдан бастап аяқ-қолдары мейлінше тез өсе бастайды.