52Медициналық қызмет? Медициналық қызмет (Медицинская служба) — медицина мекемелері мен денсаулық сақтау органдары негізінде жасалатын қызмет түрі. Медициналық қызмет медициналық жасақтар мен мекемелердің санитариялық-гигиеналық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып, жүргізуге үнемі дайын болуын, зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуді, оларды емдеу мекемелері мен емделуге көшіруді, жасақтардың адам құрамының зақымданғандарын санитариялық тазартудан өткізуді ұйымдастыруды, халықты кешіру барысында және орналасқан жерлерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге медициналық кызмет көрсету ісін ұйымдастыруды қамтамаеыз етеді.