25.Амбулаториялық және стационарлық көмекті төлеу тәсілдері. Емхана(Поликлиника)-науқастарға медициналық және мамандандырылған көмеккөрсетуге, қажет болған жағдайда үй ішінде тексеру және емдеуге бағытталған көпсалалыемдік-профилактикалық мекеме.Амбулатория- Амбулаторияға келетін және үй жағдайындағы науқастарға,емханасекілді медициналық көмек көрсетуге бағытталған, емдік-профилактикалық мекеме. Амбулаториялық-емханалық-көмек амбулаториялықемханалық-мекеме жағдайында-алғашқы-буынмамандандырылған дәрігерлердің халыққа көрсететін сұранысқа ие медициналық көмек түрі. Денсаулық сақтаудың алғашқы буын деңгейінде науқастардың 80% тексеруден өтеді және емделеді. Амбулатория-емхана көмегі "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң)фельдшерлік немесе фельдшерлік-акушерлік пункттерде,ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаторияларда,ауылдық учаскелік ауруханаларда,аудандық (орталық) ауруханалардың жанындағы емханаларда,балалар,әйелдер консультацияларын қоса алғанда аумақтық қалалықемханаларда азаматтарды тіркеген жері бойынша өзге де амбулаториялықемханалық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі БМСК), білікті және мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады.