Дәріс 1 Медбикелік істің даму тарихы



Дата21.12.2021
өлшемі19,97 Kb.
#104555
Байланысты:
D 1241 ris 1


Дәріс 1

Медбикелік істің даму тарихы

" Медбикелік іс "ұғымына анықтама

Медбикелік істің қызметі,мақсаты және міндеттері

Медбикелік істің Қазақстандағы дамуы

Медбикелік іс - халықтың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, физикалық және психикалық ауруға шалдыққан, және де барлық топтағы еңбекке жарамсыз адамдарға психоәлеуметтік көмек және күтім көрсетуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі.

Медбикелік істің қызметі

Медбикелік істің негізгі қызметтерін бөліп алу қажет:

1.Аурудың алдын алу, емдеу, қайта қалпына келтіру немесе науқасқа, отбасына психологиялық демеу көрсету шараларына сәйкес медбикелік көмек ұйымдастырып, іске асыру. Бұл қызмет медбикелік үрдіске негізделген жағдайда тиімді болып табылады.

2. Науқасқа, оның отбасына және денсаулық сақтау жүйесінің өкілдеріне үйрету, яғни:

- денсаулықты сақтау және қалпына келтіруге қатысты адамдардың білімне және дағдыларына баға бере білу

- қажетті ақпаратты лайықты деңгейде дайындау және жеткізе білу;

- ағартушылық бағдарламалардың нәтижелерін бағалау

- қабылданылған және соған сәйкес мәдени, этикалық және кәсіби стандарттарды қолдану

3. Медициналық-санитарлық ұжымның тиімді мүшесінің қызметін атқару, яғни

- мейірбикелік күтімді жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бағалау мақсатында науқастармен, олардың отбасымен, басқа денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасай білу

- мейірбикелік ұжым көшбасшысының рөлін атқара білу

-мейірбикелік қызмет тиімді болу мақсатында басқа мамандармен бірлесе жұмыс істей білу

-халыққа, басшылыққа, саясаткерлерге баяндама, семинар, конференция, бұқаралық ақпарат көздері арқылы берілетін ақпараттарды дайындауға және жеткізуге қатысу

4.Мейірбикелік тәжірибені терең ойлану және зерттеу арқылы дамыту. Мейірбикелік істің бұл функциясы тұрады:

• мейірбикелік тәжірибеде үздік жетістіктерге жету үшін жаңашыл әдістерді енгізу

• мейірбикелік зерттеулер аймақтарын анықтау

•мейірбикелік зерттеулерге басшылық ету үшін мәдени, этикалық және кәсіби стандарттарды пайдалану

Медбикелік істің мақсаттары

Медбикелік істің негізгі мақсаттары:



  1. Халыққа және емдеу-профилактикалық мекемелердің әкімшілігіне мейірбикелік істің қазіргі кездегі маңыздылығы мен басымдығын түсіндіру

  2. Жоғары квалификациялы медбикелерді және медбикелік істің менеджерлерін дайындау үшін оқу үрдісін қамтамасыз ету, сонымен қатар дипломнан кейінгі дайындықты жүргізу

  3. Медбикелерде анық ойлау стилін қалыптастыру

Медбикелік істің міндеттері

Медбикелік іс келесі міндеттерді анықтайды:

1. Қызметкерлердің квалификациясын және кәсіби дағдыларын жоғарылатуды қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасау

2.Медбикелік көмек аясына жаңа технологияларды енгізу

3.Кеңестік медбикелік көмекті ұйымдастыру

4.Медициналық ақпараттың жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету

5.Санитарлық-ағартушылық және профилактикалық жұмысты жүргізу

6.Медбикелік іс аясында ғылыми –зерттеу жұмыстарын жүргізу

7.Медбикелік күтімнің сапасын жақсарту мақсатында стандарттар енгізу

Медбикелік істің Қазақстанда дамуы

Қазақстанда медбикелік іс жеке дара сала ретінде емес, тек медицинаның қосымша бөлшегі ретінде дамуда. Ал Европа мен АҚШта медбикелік іс медбикелік үрдістің ғылыми негізін қалыптастыру арқасында сапалы жаңа дамуға ие болды. Осы өзгерістердің арқасында қоғам медбикелердің денсаулық сақтау саласындағы ерекше рөлін мойындады.



90 жылдары Қазақстанда медбикелік істің дамуын жеделдету амалдары қолданылды,яғни иерархиялық құрылым жасау (Министерлікте және денсаулық сақтау басқармаларында бас медбике қызметін енгізу), қоғамдық институттар құру (медбикелер және акушеркалар ассоциацияларының пайда болуы), жағарғы медбикелік білім пайда болуы. Бірақ, енгізілген реформалардың толықтай пайдаланылмауының себебінен бұл амалдар іске аспады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет