«Келісемін»: «Бекітемін»:
Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры
__________________ ________________
Ж.А.Ашимова Д.Қ.Өмірбаев
«_____»______20____ж «_____»______20____ж
«Васильковка негізгі мектебі» КММ
бастауыш сыныптар бойынша әдістемелік
бірлестігінің 2015 – 2016 оқу жылына
арналған жұмыс жоспары
Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:
Бейсенбаева Салтанат Серикхановна
Әдістемелік бірлестігінің тақырыбы :
«Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу»
Бастауыш сынып бағытының әдістемелік бірлестігінің мақсаты:
«Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу арқылы саралап оқыту принциптерін жүзеге асыру, ұлттық әдістерді дәріптей отырып,
ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлға тәрбиелеу»
Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептік әдістемелік бірлестігі туралы ережелер
1.Негізгі ережелер:
1.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі-оқу-тәрбие үрдісін басқарудың мектепішілік жүйесінің құрылымдық бөлімшесі.
1.2.Әдістемелік бірлестік мүшелері - бастауыш сынып мұғалімдері
1.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі аталған оқу мекемесінің басқа да пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігімен, аудандағы басқа мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері бірлестіктерімен өзара қарым-қатынас жасайды.
2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің міндеттері:
2.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру: нормативтік құжаттармен танысу; заманауи педагогикалық технологияларды игеру; оқу пәндерінің оқытылу әдістемесін жетілдіру; педагогиканың және жеке тұлғаның психологиялық аспектілерін зерделеу;
2.2.Оқушыларды әлеуметтендіру мен білім берудің бірегей негіздегі әдістемелердің орындалуын қамтамасыз ету; әрбір білім баспалдағына өтудегі сабақтастықты есепке алу - мектепалды дайындықтан - орта буынға дейін. Білім беру мазмұнының деңгейі мен оқыту әдістемесі мен жас ерекшеліктеріне сай алынған технологияларды қолдана отырып, оқыту мен тәрбиелеудің бірегей қағидалары сақталған кезде сабақтастық қамтамасыз етіледі.
2.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтық және сабақтан тыс жұмыс түрлерін әр түрлі формаларын (топтық, жеке, өздік, жұптық) игерулері;
2.4. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруын, өткізуін және педагогикалық сараптама жасауын үйлестіру;
2.5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және іс - тәжірибеде қолдану;
2.6.Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысы жүйесінің дамуына және тұрақтануына жәрдемдесу;
2.7.Аталған мектептің басқа да әдістемелік бірлестігімен өзара байланысты үйлестіру;
Достарыңызбен бөлісу: |