Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
І жартыжылдықтың қорытынды есебі (жауапты сынып жетекшілері).
Баяндама «Бастауыш сынып оқушыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту» (жауапты Аштаева Д.С.).
Тыңдалды:
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Бейсенбаева С.С. 1 – 4 сынып жетекшілерінің есебі бойынша бастауыш сыныптардың білім сапасы 84% құрағанын, оның ішінде 2-сынып оқушыларының білім сапасы 100%, 3 – сынып оқушыларының білім сапасы 69%, 4 – сынып оқушыларының білім сапасы 100% құрағанын айтты. Үздік оқушылардың саны: 2-сыныпта – 5, 3 – сыныпта – 3, 4- сыныпта -2 оқушы. Үлгермейтін оқушы жоқ.Сондай – ақ, сынып жетекшілері І жартыжылдықта оқу – тәрбие бойынша жүргізген жұмыстары туралы есеп беріп, ІІ жартыжылдықта атқаратын жұмыстары туралы айтып өтті.
2 – сынып мұғалімі Аштаева Д.С. «Бастауыш сынып оқушыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту» тақырыбында дайындаған баяндамасын оқыды. Бастауыш сынып оқушыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы қалай дамыту керектігі жөнінде анықтама беріп, тапсырмалар қалай ойластыру керектігі жөнінде ұсыныстар айтып, өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Яғни, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері туралы айтқанда, деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы. Деңгейлік тапсырмаларды құру жеңіл шаруа емес. Бағдарламаға сай тапсырмалар түрін сараптап, зерттеп, оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру талаптарын басшылыққа ала отырып, ғылыми-әдістемелік түрде оқушы деңгейіне сай құрылуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушы сұранысын қамтамасыз ететіндей, ықшам, әсерлі, жүйелі, түсінікті сипатта болуы қажет. Тапсырмаларда мәтін жұмысы, ситуациялық әңгіме т.б. көркемдік жағы ескерілуі тиіс. Тапсырмалардың тартымды, қызықты болуын қадағалау қажет, оған қойылатын талаптардың толық сақталуы тапсырманың сапасын арттырып, оқушының сөйлеу тілін дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан оқулықта, сабақта кездейсоқ алынған жаттығулар болмағаны тиімді екенін ескертті.
Шешімі:
2015 – 2016 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша бастауыш сыныптардың білім сапасы қанағаттанарлық деп есептелінсін.
Оқушыларды жан – жақты дамыту үшін деңгейлік тапсырмаларды дұрыс, тиімді қолданылсын.
ӘБ жетекшісі: Бейсенбаева С.С.
Хатшы: Аштаева Д.С.
2016 жылдың 28 наурыз күні өткізілген
бастауыш сынып мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестік отырысының
№4 хаттамасы
Қатысқандар – 7
Қатыспағандар – 0
Достарыңызбен бөлісу: |