3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің функциясы:
3.1.Мұғалімдер мен оқушылардың ұжымдық жұмысын жоспарлау мен сараптауды ұйымдастыру;
3.2.Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісін үйлестіру және педагогикалық үрдістегі барлық қызметкерлердің өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;
3.3.Оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында оның педагогикалық формаларын, әдіс- тәсілдерін, қағидаларын өңдеп, үздіксіз өзгерістер енгізіп отырады;
3.4.Оқу - тәрбие қызметінің әдіс-тәсілдерін, формаларын, қазіргі заманғы технологияларды игеру мен зерделеуді ұйымдастыру;
3.5.Оқу бағдарламаларын, жоспарларды, сабақ кестелерін талқылау;
3.6.Мектеп ұжымының озық іс-тәжірибесін және басқа мектеп ұжымының озық іс - тәжірибесін жүйелеу және жалпылау;
3.7. Әдістемелік бірлестік мүшелерін марапатқа ұсыныс білдіру; ұжым жұмысын бағалау;
3.8. Мұғалімдердің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;
5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жетекшісінің міндеттері:
5.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі жауап береді:
Әдістеме бірлестігінің қызметін дайындауға, жоспарлауға, өткізуге және сараптама жасауға;
Бастауыш сынып мұғалімдерінің «әдістемелік жинағын» толықтыруға;
Әдістемелік бірлестіктің жұмысы мен өткізілген іс-шаралар туралы құжаттамаларды уақтылы дайындауға;
Әдістеме бірлестігінің отырыстарын өткізуге;
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру жөнінде іс-шаралар өткізуге; (сабақтарға қатысу, біліктілігін көтеру, семинарларға қатысу, өз білімін көтеру тақырыбы бойынша жұмыс жүргізу)
Әдістеме бірлестігі мүшелерінің кәсіби теориялық және практикалық деңгейлерін көтеруге;
Әдістеме бірлестігі мүшелерінің өз функционалды міндеттерін уақтылы орындауға;
Сабаққа деген дайындықты жетілдіруге.
5.2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жетекшісі ұйымдастырады:
Оқу-тәрбие үрдісіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдерінің өзара қарым-қатынас жасауларын;
Ашық іс-шаралар, семинарлар, конференциялар, әдістеме бірлестігінің отырысын;
Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және таратуды;
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша сұрақтарына кеңес беруді.
5.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі бастауыш сынып мұғалімдері өткізетін іс-шараларды жоспарлайды, ұйымдастырады және педагогикалық сараптама жасайды.
5.5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі мектептегі оқу - тәрбие үрдісінің дамуына және тұрақтануына жәрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |