Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Форма мен мазмұнның ортогональдық принципі
2. HTML –дің ерекшеліктері
3. XML –дің ерекшеліктері
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. HTML және CSS мысалдары/Мержевич – СПб: BHV, 2005-448 б.
2. HTML және CSS. Бірігіп қолдану/ДеБольт – СПб: НТ-Пресс, 2006-504 б.
6–Дәріс. Фреймдер
Дәріс мазмұны:
Фрейм дегеніміз не?
Фреймдер не үшін қолданылады?
Фреймдер қалай жұмыс істейді?
Фреймдік құрылым жасау
Берілгендері бар фреймді дайындау
Фреймдер Фрейм дегеніміз не? Фрейм дегеніміз – сурет айналасындағы жақтау, терезе немесе бет деген сөздермен мағыналас. -деген тегті енгізеді, НТМL-беттің дизайнері экран браузерін бөліктерге бөледі. Нәтижесінде бетті қарап отырған адам оның бөліктерін басқа бөліктеріне тәуелсіз қарай береді. Фреймдерді қабылдайтын браузер әр түрлі беттерді түрлі секцияларға , фреймдарға жүктеп тастайды. Мысалы,сіз бетті өзіңіздің фирмалық белгіңізді экранның жоғарғы бөлігіне орналастырып, қалған бөліктерін қолданушы өзі ары қарай қарапайым тәсілмен ашып отыратындай етіп құруыңызға болады. Жанынан навигациялық батырмалар қоюға болады. Оның көмегімен оқырман осы батырманы тышқанмен шерткенде орын ауыстырылмай, эканның белгілі бір бөлігі ғана қозғалады.
Фреймдер не үшін қолданылады? Навигация құралдарының немесе фирмалық белгінің фиксациясы – фреймдерді қолданудың көрнекі тәсілі болғаны оларды толық қолдану деген сөз емес. Фреймдерді қолдануда дизайнерлердің ойына ең бірінші саналып өткен шешімдер келеді. Бірақ браузер экранына фрейм қойылған сайын сіз берілгендерді орналастыруға арналған территорияны қысқартып отырасыз. Сіз фреймдерді неғұрлым көбірек кіргізсеңіз, пайдалы кеңістік соғұрлым азаяды және сіз осы әрекетіңізбен фреймдері бар Web-беттердегі навигациялармен таныс емес өз оқырмандарыңызды шатастырасыз.
Мысалы,фреймде ең қажетті беттердің алғашқы бірнеше деңгейлерінде компанияның логотипін сақтап, ал негізгі берілгендерді фреймдерсіз көрсеткен дұрыс.