Фреймдер қалай жұмыс істейді? Фреймдер күрделі болғанымен оларды түсіну оңай, егер кесте ұяшықтарына аналогия жүргізсе.Фреймдердің экранда орналасуы ұяшықтардың кестеде орналасуы сияқты: тегтер мен атрибуттар кестедегі сияқты жұмыс атқарады. Бірақ, беттегі бірлік фреймдер мен кесте ұяшықтары арасындағы аналогияның маңыздылығымен қоса оның айырмашылығын ажырата білген жөн.Ұяшық берілгендері кестесі бар HTML-бетінің кодында берілген. Кестенің берілгендерін құрайтын мәтін немесе графика, HTML-бетіндегі кестені бейнелейтін тег немесе атрибут сияқты енгізіледі. Керісінше, фреймдері бар экран HTML-бетте (frameset ) деп аталатын сөзбен бейнеленеді. Фреймдердегі берілгендер кез - келген жерде – басқа каталогта, локальді серверде немесе желінің жойылған түйіндерінің бірінде орналасқан бөлек HTML-бет. Фреймдік құрылым фреймі бар экранды ұйымдастыру тәсілін және әрбір фреймнің бастапқы берілгендері қайда орналасқанын ғана анықтайды.Барлық фреймдер үшін олардың берілгендерінің орнын бейнелейтін URL болады. Ереже бойынша фреймдік құрылымы бар бетте олардың берілгендері болмайды.Мұндай бет үлкен емес – ол экранны ңтек кадрлық құрылымын ғана анықтайды.Құжат фреймдерге жүктелген уақытта сіз осы құжаттағы сілтемеге тышқанмен шертіп, басқа кадрлардағы фреймдік құрылымда жасалған бір - бірімен байланысқан құжаттарды шақыруыңызға болады.
Фреймдері бар қарапайым беттерді құру. фреймі бар НТМL беттерді құру және негізгі тегтер мен атрибуттардың қажеттілігін жақсылап түсіну үшін фреймдері бар қарапайым жолдар жұбын құрайық.
Екі фреймнен тұратын бет құрайық.Сол жақтан басылымдар мазмұнының тақырыбын бейнелейтін, ал оң жақтан басылымдардың өздерін бейнелейтін фрейм құрайық. Қолданушы мазмұн орналасқан экран бөлігіндегі сілемені тышқанмен шерткенде, сол басылым оң жақта пайда болатындай етіп жасайық. Бұл фреймдерді қолдануда кеңінен таралған әдіс.
Фреймдік құрылым жасау. Алдымен біз фреймдердің қайда орналасуын және олардың қандай мөлшерде болатын беттің жалпы түрін ойластыруымыз қажет.Содан кейін олардың мазмұны жайлы қарастырамыз.Төменде