1ДӘріс тауартану пәні және мақсаттары Азық түлік тауарларын жіктеу Тауар сапасы және тауар сапасын анықтаудың әдістері Тауартану


Тауар ақпараттарының түрлері мен формалары



бет23/64
Дата13.12.2021
өлшемі226,46 Kb.
#100134
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
Tauartanu (1)

Тауар ақпараттарының түрлері мен формалары

Тауар ақпараттары – бұл коммерциялық қызметтің субьектісі болып табылатын тұтынушыларға арналған өнім туралы мағлұмат.

Тауар ақпараттарың алғашқы көзі сатушылар мен тұтынушыларға осы заттар туралы хабарлау қызметін орындаушылар, өндірушілер болып табылады.

Ақпараттандыру қызметінің сапасы таралу салаларындағы жеткізу жылдамдығына, қойылуына, сатылуына, қолдану аясына және айналымына байланысты.

Өнім дайындаушының ақпараты жеткіліксіз, мұнда өндірістік ақпаратты сатушы толықтыра алады.

Тауар ақпараттары аталуына қарай үш түрге бөлінеді: негізгі, коммерциялық, тұтынушылық.



Негізгі тауар ақпараттары – бұл базар қатынасының барлық субьектілеріне арналған шешуші мағынасы бар заттар туралы негізгі мағлұмат.

Бұған өндіріс заттарының түрі және атауы, оның сорты, массасы, өндіріс орнының аты, шығарылған мерзімі, сақтау мерзімі және жарамдылық уақыты жатады.

Коммерциялық тауар ақпараттары – бұл негізгі хабарламаны толықтыратын және дайындаушыларға, тасымалдаушыларға, сатушыларға арналған өндіріс заттары туралы мағлұмат. Бұл ақпарат өндіріс орны бірлестіктері, заттар сапасы туралы нормативтік документтер, ОКП, ТН ВЕД бойынша өнімнің ассортименттік сандары туралы белгілерді қамтиды. Коммерциялық тауар ақпараттары негізгі үлгісі штрих код болып табылады.

Тұтынатын тауардың анықтамасы - бұл тұтынушыларға бағытталған, өнімді пайдаланудағы тиімділігі көрсетілген мағлұмат. Бұл анықтама азықтың бағалылығы, құрамы, пайдаланылуы, тарлуы, қауіпсіздігі,сенімділігі т.б. тұтынушылық қасиеттері туралы пайдалы, тартымды б.т. Өнімдегі көркем безендірулер тұтынушыларға көбірек әсер ету үшін пайдаланылады.

Сөздік анықтама – көбінесе жергілікті жердің тіліне байланысты сауатты тұрғындарға тиімді. Сөздік анықтаманың қиын болуы ауқымдылығында: өнімде немесе оның чыртқы қабатында үлкен орын алады. Оны оқу, ойланып, түсіну үшін уақыт керек. Тұтынушы сөздік анықтаманы оқып, ойлануға көп уақысын жібергісі келмейді.

Сандық ақпарат – сөздік ақпаратқа қосымша ретінде, сонымен бірге өнімдердің сандық қасиеттері туралы мағлұмат.

Сандық ақпарт дәл өлшемді мағлұмат береді, бірақ ол тек мамандарға тиімді де тұтынушыларға түсініксіз болып қалуы мүмкін.



Бейнелік ақпарат – көркемсуретті және графикалық бейнелердің көмегімен өнім туралы мағлұматтарды көру және эмоциялы қабылдауды іске асырады. Бұл сөздік, сандық ақпаратты толықтырады.

Символдық ақпарат – бұл ақпараттық белгілерлің көмегімен берілетін өнім туралы мағлұмат. Символ грек сөзінен ауд-да - белгі , яғни өнімнің белгілі бір қасиеті жайлы қысқаша суреттелуі. Ақпараттың бұл формасы үшін арнайы мамандандырылған дайындық керек.

Тауар ақпараттарына қойылатын талаптар:

Тауар ақпараттарына мынадай негізгі талаптар қойылады:


  • шын, обьективті

  • ашықтық

  • жеткіліктілік

Бұл талаптарды “Д үштігі” деп аталады.

  1. Өнім туралы обьективті, шын, тура мағлұмат беру. Көбінесе ассортиментті және сапалы фальцификациялар жеткілікті анықталмайды.

  2. Барлық тұтынушылар үшін өнім туралы ашық мағлұмат беру. Ашық ақпараттарға қойылатын талаптар өз кезегінде мынадай бөліктерге бөлінеді:

Тіл ашықтығы, бұл анықтаманың мемлекеттік тілде болуын білдіреді.

Талап етуші, қажетті ақпаратқа тұтынушының талабы және сатушының немесе дайындаушының міндеттері.

Түсініктілігі, бұл арнайы анықтама, түсіндірмені қажет атпейтін жалпыға бірдей қабылданған стандартты терминдік сөздердің пайдаланылуына қойылатын талаптар.

Жалпыға бірдей түсінікті болатын тұтынатын өнім атаулары жатады. Бірақ барлығы бірдей тұтынушыға түсінікті бола бермейді, әсіресе жаңа маркалы өнімдер.

Бұған ауызша немесе жазбаша қосымша анықтамалар талап етіледі.


  1. Анықтаманың жеткіліктілігі, ақпараттың артық немесе кем болмауы.

Ақпараттың толық болмауы – өнім туралы анықтамалық мағлұматтың болмауы. Сондықтан өнімге деген сенімсіздік туындайды. Мысалы, Ресей базарларында кейбір өнімдер шет елмен бірігіп өндіретін өнімдерге ол елдер атауы жазылмайды.

Артық ақпарат – бұл негізгі ақпаратты қажетсіз қайталау немесе пайдаланушыларды қызықтырмайтын мағлұмат. Мұндай ақпарат тұтынушылардың сезімін шаршатып, сатып алудан алыстатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет