5. Тосап.
Тосап жаңа піскен, мұздатылған немесе сульфиттлеген жемістер мен жидектерден, раушан гүлінің үлпегі, грек жаңғақтарынан, қауыннан жасалады.
Қабығынан, тұқымды ұяшықтарынан және жеміс таяқшаларынан тазаланған
алма, алмұрт, айва кесіледі. Сүйекті жемістер сүйекшелерінен бөлінеді немесе толық сүйегімен қолданылады, жидектерді жапырақшаларынан және таяқшаларынан тазартылады.
Жемісті қантты немесе қантты-сірнелі сиропта қайнатады. Оны дайындау кезінде татымдықтар қолданылуы мүмкін: ванильді, қалампыр, кардамон және т.б.
Тосапты үш сортта өндіреді: экстра, жоғары және I. Барлық сорттар тосаптары үшін пішінін сақтаған, бұзылмаған, қант сиропында біркелкі таралған жемістер болуы қажет.
Тосап дәмі дайындалып отырған жемістер мен жидектерге тән дәміне байланысты қышқыл немесе қышқыл тәтті болуы қажет.
Консистенциясы бойынша жемістер тосапта жұмсақ, бірақ аса қайнатылмаған. I-сортта 15%-дан аспайтын қатты немесе аса қайнатылған жемістер қолдануға рұқсат етіледі.
Қарылған, голубики, құлпынай, қойбүлдірген, таңқұрай тосаптарында аса қайнатылған жидектер құрамы (%): экстра сортында – 20-дан төмен, жоғары сортта – 25- және I-сортта -35 болуы қажет.
Сироп консистенциясы желирленбейтін болуы қажет. Экстра және жоғары сортты тосапта сироп мөлдір болуы қажет, ал I-сортты тосапта жеміс жұмсақ етінің өлшенді заттарының аз мөлшерін құрай алады.
Тосаптың физика-химиялық көрсеткіштері төменде көрсетілген келесі талаптарға сай болуы қажет:
ҚЗ құрамы (рефрактометр бойынша), %-ан төмен болмайды:
стерилденгенде .....................................................................................................68
стерилденбегенде...................................................................................................70
Қанттың жалпы құрамы (инверттілікке есептеуі бойынша), %-ан төмен болмайды:
стерилденгенде......................................................................................................62
стерилденбегенде..................................................................................................65
Тосапта жемістер мен жидектер массасының тосап нетте массасына қатынасы, %, яғни:
қарылған,голубики...............................................................................................40
раушан гүлінің үлпегінен..............................................................................25-30
басқа түрлерінен ...........................................................................................45-55.
Достарыңызбен бөлісу: |