1. Тұлға ұқсастығы: адамның көзі – бұлақтың көзі, істің көзі
2. Қимыл ұқсастығы: тіл – адамның тілі, сағаттың тілі, техниканың тілі
3. Заттың қызыметіндегі ұқсастық: адамның басы – ел басы
4. Ұғымның бір-біріне қатынасынан туған ұқсастық: жіңішке – жіп, бел
Поэтикалық метафора – ойды әсерлі, әрі айқын етіп жеткізудің бір тәсілі, ой көркемдігі, жалпыхалыққа таныс белгілі суретке негізделген болады: шөл кемесі – түйе, ақ алтын – мақта, сары алтын – бидай, қара алтын – көмір.
Метонимия - зат не құбылыстың қасиет, сапасын, түр-түсін алмастыра суреттеу. Алмастырылған заттың белгілеріне қарап, нені сөз еткенін ұғуға болады. Метонимияны алмастыру деп те атайды. «Байтал шауып, бәйге алмас»деген мақалдағы байтал әйел бейнесінде.
Метонимияда көп сөзді бір сөзбен де жеткізуге болады.
Кейінгі қалған көпекке
Қалай да белін шешті екен?
Көпек - батырмен салыстырғанда бағасы төмен адам. Белін шешті - өзінен төмен адамнан жеңілгенін мойындау, жеңілу.
«Жаманға сырыңды айтпа» деген мақалдағы «жаман» сөзі «сенімсіз адам» деген мағынаны білдіреді.
Метонимия - өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір заттың екінші бір затқа атау болуы:
Достарыңызбен бөлісу: |