1.Әдебиет теориясы



бет9/19
Дата09.06.2020
өлшемі30,13 Kb.
#72805
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Әдебиет теориясы

Метафоралау түрлері

Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.

Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт — есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.

Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; қой — мал атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).

Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, құрықталды деп жылқыны айтады, бірақ тілшілердің сөзінде адам құрықталды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.

Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, алау сезім. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.



Метафораметафоралық ауыс мағына туғызу, сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір заттың атауы басқа бір затқа атау болуы. Бұл – ұқсасту заңына негізделеді. 1. Тілдік метафора. 2. Поэтикалық метафора.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет