Ақ өлең – ұйқассыз, екпін мен ырғақ үндесіп келген өлең жолдары. Бұл тәсіл көбінесе жыраулар мен шешендердің тіліне жақын қалыптасқан.
Қатынасы биік көлдерден
Қатар түзеп қу ұшар
Алға сап тез оқ ата көрмеңіз,
Қандыауыздан сыйлы жебе сайламай,
Атаның ұлы ер жігітке
Арту-арту оқ келер,
Оңған қатты сөз келер.
Ақ өлеңнің көркемдік табиғаты Еуропа мен орыс поэтикалық дәстүрі және өлеңтаным құрылымына қатысты бағыттарда жан-жақты қарастырылған. Бұл өлеңнің түрлеріне М.Әуезов пен М.Мақатаев,З.Қабдоловтар да ғылыми пікірлер айтқан.
Шумақ – бірнеше тармақтардан ұйқасқа құралып, ішкі мазмұнын ашатын өлең құрылысы. Өлең шумақтарында суреттеу, оқиға, көңіл-күй, сезім т.б.беріледі. Әр қаламгердің өз тақырыбы мен идеясы болады. Тақырып өздерінің таңдауына байланысты қойылады. Шумақтың тармақтары төрт не одан да көп жолдан,шумақ бірден жоғары саннан тұрады.
Мысалы, Жамбыл Жабаев Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман өлгенде үш шумақ өлеңмен көңіл айтып, сәлем жазып жібереді.
Сәлем айт, барсаң Абайға,
Кеңесі кеткен талайға
Ауырды жеңген қара жер,
Сабырлы болсын қалайда!
Бір жұтқан судай дүниесін,
Ащысын татып күймесін.
Жапанға біткен бәйтерек,
Жалғызбын деп жүрмесін.
Кемелге келген асыл-ай,
Тасқынды тәңір басуы-ай.
Нар көтерген ауырға
Арқасын тоссын жасымай!
Ұйқас – шумақтың соңғы тармақтарындағы дыбыстардың өзара үндесіп келуі, өлең өнерінің мазмұндық, формалық сипаттарының үйлескен негізгі белгісі, бөлігі.
Мысалы, Ыбырай Алтынсариннің «Өзен»деген өлеңінде
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса,ыстық соқса,бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған,-деген жолдарда «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» сөздерінің буындары ұқсас келіп, өзара үндесіп, ұйқас жасап тұр.
Ұйқастың қара өлең ұйқасы, аралас,шалыс, ерікті, егіз, шұбыртпалы ұйқас т.б.түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |