Үсей Асқар 308 “Б” топ Тірек-қимыл жүйесі Науқастың негізгі шағымдарын атаңыз



Дата15.05.2020
өлшемі45.5 Kb.

Үсей Асқар 308 Б топ

Тірек-қимыл жүйесі
Науқастың негізгі шағымдарын атаңыз:

Қолының, аяқтарының ұсақ буындарының ауыруы, ісінуі.

Сол сияқты ірі буындары да ауырады.

Буындарында қимыл шектелген

Таңертеңнен түске дейін созылатын буындарының құрыстаулары бар
Қарағанда табылған патологиялық белгілерді атаңыз:

Білезік, аяқ басы буындары және буынаралық буындардың проксимальды жағы мен шынтақ буындары дефигурацияланған.


Анамнез деректерінің қайсысын сіз нақтылар едіңіз:

Ауру қашан,қалай басталғандығын,қалай дамығанын білу керек.Сонымен қатар,қандай тексерулер өткізілгенін және олардың нәтижесі қандай болғандығын анықтау қажет


Объективті деректер сипаттамасына сіз қандай белгілер қосар едіңіз:

Буындар мен сүйектер жүйесінің қабынуынан қызба, қалтырау, әлсіздік, делсалдық кездеседі. Ісінуден сыртқы терісі қызарады. Теріні сипағанда қатты құрғақ, атрофия, трофикалық өзгерістер байқалады. Терісінің қызуы жоғарылайды. Буындарды пальпация әдісімен зерттегенде терідегі өзгерістермен қатар, лимфа бездерін табуға, крепитация сияқты дыбыстар бақыланады.
Табылған патологиялық белгілерді түсіндіріңіз, «деформация» дегенді қалай түсінесіз:

Буындардың ауырсынуы – буын құрамдарының (синовиалды қабат, буынның капсуласы, сүйек байламдары) нерв талшықтарын тітіркендіргеннен пайда болады. Тек қана буын шеміршегінде ғана нерв талшықтары мен тамырлары болмайды, сондықтан олар ұзақ уақыт, басқа буын құрылымдары зақымданғанша ауырғаны сезілмейді.

Буындардың ісінуі – буын айналасындағы тіндердің ісініп, сарысу жиналуына байланысты буынның мөлшерінің біркелкі үлкейіп тегістелуі.

Буындардың дефигурациясы – экссудативті және пролиферативті өзгерістер нәтижесінде буынның пішінінің әркелкі өзгеруі.

Дефармация дегеніміз - қалыпты құрылымы бұзылып,өзінің сырты пішінін өзгертіп,қалыпты күйінен өзгеріске ұшырауы
Табылған клиникалық синдромдарды атаңыз

Буындық синдром: ұсақ буындардың зақымдалуы,олардың дефармациясы,таңертенгілік құрысулар.

Ревматоидты артрит.
Қан анализі нәтижелеріне баға беріңіз:

эритроциттер — 3,6 • 1012/л, қалыпты (3,7-4,7• 1012/л)

Нb — 116 г/л, төмен (қалыптыда 120-140 г/л)

лейкоциттер — 9 • 109 /л, қалыпты (4-9• 109/л)

ЭТЖ 50 мм/сағ. жоғары (қалыптыда 2-10 мм/сағ.)
Қандай зерттеулер қажет деп есептейсіз:

Биохимиялық қан анализі (СРБ, жалпы белок,

Альфа және гамма глобулиндерді, глюкоза, креатинин, холестерин,серомукоид;

Ревмо сынама: ревматоидты факторды, циклді цитруллинді пептидке антидене анықтау, Антистрептолизин - О



Инструменталды зерттеуде: буындар рентгенографиясы, ЭКГ
 

Пациенттің емдеу тактикасын атаңыз:

    • Өзгеріске ұшыраған буынға күш түсірмеу, ауруды үдетпеу үшін көп жүрмеу, ұзақ тұрмау, баспалдақпен көп көтерілмеу, таяқ немесе балдақ қолдану, қажет болса кәсібін өзгерту, салмақ тастау;

    • Шеміршектің метаболизмін жақсарту және сүйек тіндерінің микроциркуляциясын арттыру максатында хондропротекторлар қолдану, жасанды синовиалды ерітінділер енгізу, метоболикалык препараттар, антиоксиданттар, физиотерапиялық емдер қолдану;

    • Буындағы ауырсынуды басу үшін қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер қолдану;

    • Буын қызметін жақсарту үшін емдік дене шынықтыру мен сылап-сипау, шипажай емін, ортопедиялық ем қолдану;

    • Аурудың сатысына байланысты науқас ауруханаға жатқызылады, жылына бірнеше рет жоспарлы тексеру (буын рентгенографиясы жылына бір рет) және ем жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет