V заңдылық. Тіл үйрену. Сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары дағдының қалыптасуы арқылы жүзеге асады.
VI заңдылық. Тілді жүйелі түрде сатылап үйрету:
Ұштастыра оқыту;
Қайталау;
Өз бетімен жұмыс істеуді күшейту;
Оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйрету.
Ана тілін меңгеруді заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады.
Қазақ тілін оқытудағы мақсат – мектеп оқушыларын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету, тілдерін ұстарту, жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдіреді. Мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруде, дамытуда мынадай қағидалар басшылыққа айналады:
Мұғалім білімділік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт ұғымына сай келетін, анық көркем тілімен жазылған материалды іріктеп, қазақ тілі сабағында пайдалануға міндетті.
Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде үнемі дағдыландырады.
Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалрдың сезіміне әсер етіп, имандылық, адамгершілік мінез-құлықтарының қалыптасуына жағдай туғызады