|
|
бет | 4/78 | Дата | 03.07.2020 | өлшемі | 153,37 Kb. | | #74842 |
| Байланысты: СоциологияИнститут - адамның негізгі қажеттіліктеріне лайық, тұрақты
және күрделі әлеуметтік құрылым. Оның басты ерекшелігі - бірнеше
буынның өмірін қамтиды, әрі қүндылықтардың, нормалар мен мәр-
тебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адам-
ның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мәселен, отбасы
институтының өзіне тән тұрақты ерекшеліктері - өмірлік серігіңді
табу және бала тәрбиелеу. « Ү ғы м да р д ы ң қоры т ы н ды сы : и нст и т ут т ар,
рөлдер ж эн е м ә р т вб ел ер » кестесінде денсаулық сақтау саласының
мысалында негізгі әлеуметтік үғымдардың өзара қалай байланыса-
тыны дәлелденеді.
Негізгі институттар
Адамзат қоғамдары әркелкі болғанымен, олардың әрқайсысының
міндеттерінің тізімі ұқсас. Сондықтан әр қоғамда бірдей типтегі инс-
титуттар бар. Негізгі әлеуметтік бес институт мыналар:
• Бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқаратын от-
басы институты.
• Тауар шығарып, оны тарату міндетін атқаратын экономика инс-
титуты.
• Қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, әрі оны қорғап отыра-
тын үкімет институты.
• Жас ұрпақты оқытумен айналысатын білім институты.
• Дерексіз және жауабы жоқ сұрақтарға жауап беру міндетін атқа-
ратын дін институты.
Бұл институттар маңызды әлеуметтік қажеттіліктерді орындау
мақсатында әр қоғамға тұрақты әлеуметтік шешімдер жиынтығын
ұсынады. Бұл шешімдер әр қоғамда әртүрлі болады, тіпті кейде бір-
біріне мүлде кереғар болып жатады. Үкімет институттары монархия,
демократия, диктатура немесе тайпалық кеңестер болуы мүмкін. Де-
генмен барлық дені cay қоғамдарда осы қажеттіліктерді қанағаттан-
дыруға жауапты әлеуметтік құрылымдар бірдей болып келеді. Қарабайыр қоғамдарда саясат пен экономика, білім мен дін сияқ-
ты маңызды әлеуметтік қажеттіліктердің барлығын бір ірі әлеумет-
тік институт - отбасы немесе туыстық институт қанағаттандырады.
Туыстық міндеттерге негізделген әлеуметтік қатынастар - өндірісті
ұйымдастыру, көбею, білім беру және қорғау үшін негіз болып табы-
лады.
Қоғам ұлғайып, күрделене түскен сайын қордаланған барлық
мәселелерді шешуге отбасының шамасы жетпей қалады. Соның нә-
гижесінде кейбір істер біртіндеп білім беру, дін және үкімет сияқты
арнайы мамандандырылған институттарға ауыса бастайды.
Қоғамның әлеуметтік және физикалық ортасы өзгеріп, сол орта-
ларда жұмыс істейтін технологиялар қарыштап дамып жатқандық-
тан адам алдында туындайтын проблемалар да өзгеру үстінде. Яғни
институттық құрылымдар бір орында түрмайды, жаңа проблема-
ларды шешу үшін жаңа құрылымдар пайда болады немесе қоғамдар
хаосқа ұшырайды (Diamond, 2005). Мысалы, СПИД эпидемиясы бас-
талғанда Африкадағы Уганда елі қоғамға қауіпсіз жыныстық қатынас
туралы білім беріп, тегін мүшеқаптар таратып, дерт жұқтырғандар-
ды тегін емдеп, індетке белсене тойтарыс берді. Соның нәтижесінде ел экономикасы тұрақтылығын сақтап қалды. Ал Оңтүстік Африка
Республикасының үкіметі бұл дертке заманауи тұрғыда баға беруден,
оның алдын алудан бас тартты. Соның кесірінен, СПИД инфекциясын
жұқтырғандар көбейіп, отбасылар, мектептер және экономика құр-
дымға кетіп жатыр.
Институттардыңөзара тәуелділігі
Қоғамның әрбір институтын тәуелсіз әлеуметтік құрылым деуге бо-
лады, бірақ олардың ешқайсысы жалғыз тұра алмайды. Керісінше,
институттар бір-біріне тәуелді, олардың әрқайсысы басқаларына эсер
етеді және басқа институттар да оларға эсер етеді.
Әдетте тұрақты қоғамда бір институтгың рөліне кіретін норма-
лар мен құндылықтар басқа институттармен үйлесімде болады. Мы-
салға, еркектердің үстемдігін мойындайтын, отбасында үлкендердің
айтқанына бағынатын қоғамның діни, экономикалық және саяси
жүйелерінде де осы нормалар жұмыс істейді. Олай болса, өзара тәуел-
ділік нормалар мен құндылықтарды орнықтырады және әлеуметтік
тұрақтылықты арттырады.
Алайда, кейде өзара тәуелділік әлеуметтік өзгерістерге септесетін
маңызды механизм бола алады. Әрбір мекеме бір-біріне эсер ететін-
діктен біреуінің өзгерісі басқалардың да өзгеруіне әкеледі. Экономи-
кадағы өзгерістер отбасының өзгеруіне, діндегі өзгерістер үкіметтің
өзгеруіне әкеледі. Мысалы, ерлер жүмыс табу үшін басқа елге көшуге
мәжбүр болса, мұның өзі елде қалған отбасының құрылымына көп
әсерінтигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|