Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Жоспар:
1.Әлеуметтанулық теория. Макро-және микро-деңгейлер
2.Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар. Жеке мектептермен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер)
3. Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар
Әлеуметтану-адамдар мен топтардың өзара әрекетке түсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бүл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады. Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінез-құлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады.
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым алмастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мұндай текетірестің айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті. Қантөгісболмаса да индустриалдық революция одан да қаттыәсер етті. XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдарымен КарлМаркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды.Сондай-ақ бұл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеугеде ынталандырды.Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп үміт күтті. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның - ОгюстКонт, ГербертСпенсер, ЭмильДюркгеймнің еңбектеріне тоқталатын болсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |