Америка білім беру саласындағы қазіргі қайшылықтар
Соңғы жылдары АҚШ-тағы білім сапасын жақсарту және жаьанданған еңбек нарығында жас америкалықтарды бәсекелестікке төтеп беруге қажетті құралдармен қамтамасыз ету жөнінде түрлі үсыныстар пайда болды. Олар - бақылау, аса маңызды тестілеу және мектеп таңдау сияқты кең таралған үш үсыныс.
Бақылау
Бақылау - баланың оқу бағдарламасын меңгергенін немес әлі де түсінуі қажет тұстары барын ертерек анықтау үшін білімін бағалау. Оқушылар бірінші сыныпқа келген кезде қабілеттеріне қарай оқу топтарына бөлінеді. Бастауыш мектепті бітірген соң кейбір оқушылар колледждің дайындық курсына, енді бірі жалпы білім беру бағдарламасына (кейде кәсіби білім деп те аталады), ал қалған бөлігі түзету сыныптарына немесе «арнайы білім» багдарламаларына жолданады. Барлы кезеңде шын қабілет ескерілмейді, аз үлт өкілдері мен тұрмысы нашар оқушылар көп жағдайда төмен деңгейдегі курстарға жіберіледі. Бақылау талантты оқушыларға да, қабілеті томен оқушыларға да пайдалы болуы керек; оқушылар деңгейіне қарай сыныптарға бөлінген кезде топтардың бәрі де жылдамырақ оқуы және оларға мүғалімдер тарапынан тиісті көңіл бөлінуі қажет. Сынып оқушылары бір деңгейде болғандықтан оқу процесі бірқалыпты және тиімді өтуі тиіс. Кей жағдайда, расымен, осылай болып жатады. Дегенмен көптеген зерттеулердің көрсетуінше, қабілетті оқушыларға көмек көбірек көрсетіледі, қабілетсіз оқушылар сыныбына ауысқан балаға бұл ауыр тиеді. Тұрмысы нашар отбасы балаларының білім деңгейі томен болу себебі- оларды оқытуға көп көңіл бөлінбейді. Оларға материал аз түсіндіріледі, үй тапсырмасы аз беріледі, жалпылай келгенде, білім алуға бірдей мүмкіндік берілмейді. Мұғалімдер томен білімді оқушылар, ткелешек мансабында жетістікке жете алмайды деп ойлайды, көбінесе солай болады, бұл - элиталық сабақтастық. Бейресми процестер де осылай ықпал етеді. Мысалы, жоғары деңгейлі сынып оқушыларының академиялық жетістіктері мен қабілетіне сенімі күшті болып келеді. Нәтижесінде, олар мектепте жиі марапатталады, мектепке күнделікті барады, мүғалімдермен бірлесіп әрекет етеді және талпынысы жоғары болады. Томен деңгейлі сыныптардағы оқушыларда жағдай, керісінше. Олар оқуға жүмсаған күш-жігері үшін аз марапат алады, ата-аналары да, мүғалімдер де оларға қатац талап қоймайды, жүмыс істеуге ынтасы болмайды. Көпшілігі оқуда көрсете алмаған қабілетін спорт немесе қүқық бүзушылық сияқты басқа жаққа жүмсайды. Алайда деңгейлер арасындагы үтқырлықты қолдайтын мектептерде мүндай теріс көріністер азайып келеді. Мүғалім оқушы қабілетінің артуына оң көзбен қарайды. Колледжге түскісі келмейтін оқушыларға мектепте академиялық талап қойыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |