Білім - капитализм құралы
Кейбір конфликтология теорияшыларының тұжырымы бойынша мемлекеттік мектептердің негізгі көздегені - басқарушы таптың пайдасы. Бұл теорияшылар мектепте оқытылатын мәдени ойдың негізінде жатқан астыртын бағдарлама бар деп санайды. Мемлекеттік мектептердегі мұндай багдарламаға өз кезегін күтуді,ережелерді сақтауды, ұқыпты болуды, сыйластық көрсетуді және артық сұрақ қоймауды үйрету жатады. Бүл дағдылардың барлығы балаларды жұмысшы табының өкілі болуға даярлайды. Ал таңдаулы жеке мектептегі оқу бағдарламасы балаларды шығармашылыққа және сыни ойлауға, сол сияқты олардың артықшылыққа лайық екендігіне үйретеді. Конфликтология теорияшылары жеке және мемлекеттік мектептер дифференциалды жетістік негізінде жастарды әртүрлі марапат күтуге, яғни осылайша - жастарды теңсіздікті қалыпты деп қабылдауға үйретеді деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |