1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет77/78
Дата03.07.2020
өлшемі153,37 Kb.
#74842
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
Социология

Дәріс 15. Әлеуметтік өзгерістер

Жоспар:


1. Әлеуметтік өзгерістер

2. Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары

3. Әлеуметтік өзгерістердің негізгі құрамдас бөліктері

Кілт сөздер: ұжымдық мінез құлық, қозғалыстар бағыты: балама, айығу, реформистік, революциялық,экологиялық, технология

Әлеуметтік өзгеріс - әлеуметтік құрылымдардың немесе институттардың уақыт өте келе айтарлықтай түрленуі не қайта құрылымдануы сияқты процесс. Бұл тарауда әлеуметтік өзгерістің әлеуетті үш көзі - ұжымдық мінез-құлық, әлеуметтік қозғалыс және технологиялар сарапталады. Әлеуметтік қозғалыстар бір-бірінен қатты ерекшеленуі мүмкін. Кейбіреуі қоғамды өзгерткісі келеді, енді бірі адамды өзгертуге тырысады. Бір топ экстремалды (мысалы, қарулы қарсы тұру немесе жарылыс күші бар отты қару қолдану) әдістерге сүйенеді, тағы бірі заң шығарушыларға ықпал етуге немесе білім беру кездесулерін ұйымдастыруға көп күшін жұмсайды. Екі әдісті де қолданатындар бар. Әлеуметтік қозғалыстардың түрлерін ажырату үшін әлеуметтанушылар олардың енгізуге тырысатын өзгерістерінің ауқымымен мақсатына мән береді, балама қозғалыстар кейбір тұжырымдар мен әрекеттерге өзгеріс енгізуге бағытталған. Мысалы, бірнеше топ мемлекет бойынша қоғамдық бақшада жүмыс істеу үшін немесе соған адамдар тарту үшін жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олардың айығу қозғалыстары жеке сенімдер мен тұжырымдарды түбегейлі өзгертуге бағытталған.Мысалы, жасырын маскүнемдер тобының мүшесі болашақта өмірге,ішімдікке деген көзқарасын және ортасын өзгертеді деп болжанады.Керісінше, реформистік қозғалыстар (жануарлардың, азшылықтың және әйелдердің қүқығы үшін күресушілер) белгілі деңгейде қоғамды өзгертуге ынталы, ал революциялық қозғалыс қоғамды түбегейлі өзгерткісі келеді. Мысалы, «Талибан» ұйымы Ауғанстанда теократия

құру үшін күресті, ал Коммунистік партия капиталистік жүйені жоюға ұмтылады. Ұжымдық мінез-құлық сияқты әлеуметтік қозғалыс та қалыптасқан жағдайды өзгертуге ұмтылады. Сол себепті олар бір-бірімен байланысты болады. Біріншіден, халықтың көз алдында болу үшін әлеуметтік қозғалысқа ұжымдық мінез-қүлықтың қолдауы қажет (Marx & McAdam, 1994). Заңсыз наразылық білдірушілер мен оларды тоқтатуға шыққан полиция қызметкерлері сияқты ешбір оқиға адамдардың

назарын аударта алмайды. Екіншіден, үжымдық мінез-құлық әдетте белгілі бір уақытпен және жермен шектеледі. Алайда күндердің күнінде жағдай ушығып кетсе тағы да қайталануы мүмкін. Мұндай әрекет төменгі деңгейде болса да қоғамдық қозғалысқа септігін тигізе алады (Tilly, 2004). Кедейлік пен әділетсіздік - жан-жақты құбылыстар. Бұлардың әлеуметтік қозғалысқа себеп болуы неге сирек? Салыстырмалы депривация теориясына сәйкес, біз қолдағы барымыздан көбірек нәрсеге ие болуымыз керек деп санаған кезде әсіресе ол әділетсіз әрекеттердің нәтижесінде болды деген ойға келгенде, қоғамдық қозғалыс туын­

дайды (Walker & Smith, 2002). Біздің не күтетініміз басқалармен салыстыру арқылы немесе өткенмен салыстыру арқылы анықталады. Өйткені теория абсолютті депривацияға емес, басқа жағдайларға немесе уақытқа байланысты айырылғандарымызды қарастырады, сол себепті де бүл теория салыстырмалы депривация деп аталады.

Салыстырмалы депривация теориясы бойынша әлеуметтік қозғалыстар адамдардың сұранысы мен алған марапаттары арасында аса үлкен айырмашылық

болған жағдайда туындайды. Салыстырмалы депривация теориясының негізгі екі сыни көз-қарасы бар (Walder, 2009). Біріншіден, эмпирикалық дәлелдер абсолютті немесе басқаларға қарағанда салыстырмалы депривацияға ұшырағандардың әлеуметтік қозғалыстарға қатысатыны анық деген болжамдарды растамайды. Шын мәнінде, әлеуметтік қозғалысқа қатысушылар өз тобының ең үздіктері болады. Мысалы, 2001 жылы Халықаралық сауда үйін қиратқан 19 террористің бәрі білімді әрі бақуатты болған. Басқа да жағдайларда адамдар өзінің қатысы жоқ әлеуметтік қозғалыстарға араласып, оларды басқарады. Мысалы, Оңтүстік Африкада адамдарды нәсіліне қарай оқшаулауға қарсы күрескен «ақтарды» және жануарлар қүқығы үшін күресушілерді айтуға болады. Екіншіден, теория салыстырмалы депривацияның әлеуметтік қозғалыс туғызатын жағдайларын анықтай алмайды. Салыстырмалы депривацияны бастан өткерген кейбір адамдар неге әлеуметтік қозғалысқа барады, ал кейбіреуі неге бармайды? Салыстырмалы депривация әлеуметтік қозғалыста белгілі бір рөл атқарады, бірақ оның дамытушы күші болып саналмайды. Ресурстарды жүмылдыру теориясы әлеуметтанушылар үшін маңызды. Бірақ оны екі себепке байланысты сынаушылар да бар. Біріншіден,бұл теория әлеуметтік қозғалыстарды қоздыратын жеделдік пен наразылықтың маңызын жояды (Morris & Mueller, 1992). Екіншіден, екі ұшты жеке наразылықтан жаңа ұжымдық бірегейлік пен ұйымдасқан саяси іске алып келетін маңызды процесті елемейді (Jasper & Poulsen, 1995; Williams, 1995). Осындай қарастырылмаған тұстары болғандықтан, саяси процесс теориясы пайда болды. Саяси процесс теориясына сәйкес, әлеуметтік қозғалысқа екі нәрсе қажет: саяси мүмкіндік және«көтерілісшіл сана». Саяси мүмкіндікке бұдан бұрын құрылған, сондықтан жаңа қозғалыстың көшбасшыларын мүшелермен, телефон желісімен, компьютерлермен және басқа ресурстармен қамтамасыз ете алатын ұйымдар ие болады. Саяси мүмкіндіктердің болуы бірнеше факторға - соның ішінде қоғамның индус гриялану деңгейіне, соғысқа және басқа мәдени өзгерістерге байланысты.

Ресурстарды жұмылдыру.Жұмылдыру немесе мобилизация - әлеуметтік қозғалысқа қажетті ресурстарды қолжетімді ететін процесс. Бұл ресурстарға қару, технология, тауар, ақша және ұйым мүшелері жатады. Әлеуметтік қозғалысқа қажетті ресурс тар екі факторға - қозғалысқа қатысушылар бақылайты жеке ресурстардың санына және қозғалыс мүшелері енгізетін ресурстардың үлесіне тәуелді. Осылайша, мобилизация мүшелер санын арттыру немесе қатысушылардың қозғалысқа беретін ресурстарын көбейту арқасында жалғасын табады. Қатысушылардың ішінен қалталылардың бірнешеуі мол қаражат белее де мобилизация жүзеге асырылады. Мысалы, «Tea Party - Шай мерекесі» қозғалысының негізін ағайынды миллиардерлер Чарльз және Дэвид Кох(Charles and David Koch) өздері қалап, қаржыландырған (Mayer, 2010).Мобилизация әлеуметтік қозғалысты қолдауға басқа үйымдарды датартуды білдіреді.

Қалыпты теңестіру.Саяси процестер теориясы жаңа қатысушыларды тарту және жұмылдыру үшін қалыпты теңестірудің маңызды екендігін көрсетті.Қалыпты теңестіру - қозғалыстар арқылы адамдарға олардың қызығушылықтары құндылықтары мен сенімі ӘҚҰ-ның мүддесімен астарлас екенін көрсететін процесс (Benford & Snow, 2000). Мысалы, Ұлттық атқыштар ассоциациясы - Қайырымды қоғам полицейлеpi мүшелерін өздеріне қосылуға үгіттеп көндіреміз деген үмітпен пошта арқылы брошюралар жолдай алады. Сонымен қатар ол қылмыстық ахуал өршіген қала тұрғындарын қауіпсіздік үшін қолда қару болу керектігіне сендіру мақсатында жариялы түрде жиналыс өткізе алады. Культтік және экстремистік топтар сияқты өзге де ұйымдар адамдарды көзқарастарының мүлде дұрыс еместігіне сендіру арқылы өзіне тартады.

Экологиялық қозғалыстың болашағы.Осы күнге дейін экологиялық қозғалыс бірқатар жеңіске жетті.Қоқыстың қайта өңделуі артты. Адам аяғы баспайтын табиғи орындар құрылды және жойылып бара жатқан жануарларды қорғайтын заң

қабылданды. Алайда 1980 жылдары үкіметке, салыққа қарсы қозғалыстар және таза іскерлік ахуал қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экономикалық және саяси қолдауды азайтты.

Технология.Әлеуметтік қозғалыс арқылы адамдар қоғамды өзгертуге тырысады. Басқа жағдайларда адамдардың сүранысы қарапайым болғанымен,үлкен әлеуметтік өзгеріс болуы мүмкін. Технологиямен байланысты жағдай дәл осындай. Біздің күнделікті өмірімізде технология айрықша орын алады.Бүгін сіз алдын ала даярлау тетігін белгілі бір уақытқа басып қойған электрлі кофе аппаратынан бұрын оянып, үялы телефонға келген хабарламаларды оқып шығып, смартфоннан музыка тыңдап,содан кейін барып таңғы асыңызды ішкен боларсыз. Қазіргі техно­

логия бұрынғыдан қуатты әрі қауіпті: автокөлік пен ядролық бомбаның жойқын күші жылқы жегілген арба мен қылыштан асып түседі. Сондықтан технологиялар енгізетін әлеуметтік өзгерістерге де мән беру қажет.

Технология дегеніміз - адамның білімі арқылы құралдар жасау және табиғи ресурстарды пайдалану. «Технология» терминітек құралдарға байланысты емес (материалдық мәдениет), сонымен бірге біздің тұжырымдарымызға, құндылықтарымызға және біздің соған көзқарасымызға байланысты да қолданылады. Бүгінгі жоғары технологиялар саласындағы заманауи жетістіктерді ғана технология деп санауымыз дүрыс емес, оған қарапайым керамика мен тоқылған себет те жатады. Демек, технология адамзат тарихының басталуы-

нан мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналған. Технология қоғамның даму шегін айқындайтындықтан технологиялық инновациялар - әлеуметтік өзгерістің басты қозғаушы күші.Бұдан бұрын 4-бөлімде көргеніміздей, технология аң және балық аулау мен бағбаншылықты сол кезде ауыл шаруашылығына, кейіннен өнеркәсіптік, одан соң постиндустриалдық қоғамға айналдырды.Қазіргі таңда мәдениет пен қоғамның өзгеруіне қарай пайда болатын жаңа сұраныстарды қанағаттандыру үшін жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл үздіксіз жалғасатын цикл іспетті. Әлеуметтік өзгерістер жаңа технологиялардың пайда болуына да, олардың қолданылуына да себепкер болып отырады. Бұл тарауда біз әлеуметтік өзгерістерден пайда болған екі технологияның теориясын қысқаша қарастырамыз. Мұнан соң жаңадан енгізілген репродуктивті және ақпараттық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет