1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


О.Мейірбике науқасқа жүдырыгын ашуды өтінеді де жгутты шешеді. 21. Дэріні жайлап енгізу. Дәріні соңына дейін енгізбей, ауа көпіршіктерін шприцте қалдыру керек



бет170/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

2О.Мейірбике науқасқа жүдырыгын ашуды өтінеді де жгутты шешеді. 21. Дэріні жайлап енгізу. Дәріні соңына дейін енгізбей, ауа көпіршіктерін шприцте қалдыру керек.
22.Тескен жерге спиртке батырылған домалақ мактаны сол қолмен басу.
23.Оң қолмен инені көк тамырдан шығару.
24.Науқастың қолын қан ағуы тоқтғанша бірнешс минутка шынтақ буынында бүгу.
Көк тамырға құю әртүрлі ерітінділерді көп мөлшерде (3 - 5 л жэне одан да кеп) енгізу үшін қолданылады; ол инфузиялық емнің негізгі әдісі болып табылады. Көк тамырлық құю айналымдағы қан көлемін толтыру, су-электролиттік балансты және ағзаның қышқыл-негіздік жағдайын қалыптастыру, ауыр аурулар, уланулар кезіндегі интоксикацияны жою қажет болғанда қолданылады. Егер дәрілік затты тез енгізу қажет болса (шок, коллапс, ауыр қан кету), онда көк тамырға ағынмен құю қолданылады, Егер дәрілік зат қан тамырына акырын енуі қажет болса, онда тамшылатып енгізу қолданылады. Ерітіндінің көп мөлшерін ұзақ (бірнеше тәулік бойы) енгізу кажеттігі туғанда көк тамырды катетрлеу (көбінесе бұғана асты) немесе венесекция қолданылады.
Көк тамырлық құюлар тамшылатып енгізуге арналған арнайы жүйелердің көмегімен жүргізіледі. Асептика мен антисептика ережелерін сақтау максатында бір рет қолданылатын жүйелерді пайдаланған жөн. Автоклавта залалсыздауды қажет ететін көп реттік жүйелерді қолдану қолайсыздау.
Әрбір жүйе жиналған түрде құюға арналған дәрісі бар флаконнан, ауа фильтрі бар қысқа түтікшеден және флаконга ауа кіретін инеден, фильтрі және екі түтікшесі бар тамшылатқыштан, қысқыштан, тескіш инеден,
тамшылатқыштын түтікшесін тескіш инемен қосатын өтпелі резеңке түтікшеден тұрады.
Флаконның металл қалпақшасын спиртпен сүрткеннен кейін алып тастайды да оған тамшылаткыштың кысқа инесін (ол аркылы сұйықтық флаконнан шығады) және ауа өткізгіш түтікшенің ұзын инесін (ол арқылы флаконға ауа кіреді) кіргізеді. Тамшылаткышқа дейінгі түтікті қысқышпен қысады, флаконды төңкереді де төсек деңгейінен 1-1,5 м биіктікте арнайы қойғышқа іліп қояды. Бұл кезде ұзын иненің ұшы флаконның ішіндегі сұйықтық деңгейінен жоғары болуын қадағалау керек.Тамшылатқышқа ерітінді былай толтырылады: тескіш инеге баратын түтікшені тамшылатқыш (аударылған күйінде) флаконмен бір деңгейде болатындай етіп көтеру керек. Барлық ауа жүйеден ығыстырылғаннан кейін түтікті тескіш инеге жақын жерінен кысқышпен қысады. Көк тамырды тескеннен кейін жүйені тескіш инеге жалғайды да қысқыштың көмегімен сұйықтықтың қажетті ену жылдамдығын белгілейді (минутына 50-60 тамшы). Сұйықтықтың флаконнан тамшылатқышқа өтуі басылғаннан кейін құю тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет