2. Пациентті алдыңызға қарама-қарсы отырғызыңыз, басын артқа қарай шалқайтып, жоғары қарауын сұраңыз.
3. Залалсыздандырылған шыны қалақшамен майды алып, оны көлденең ұстап, кеңсірікке қарай бағыттап жағыңыз.
4. Төменгі қабақты төмен қарай тартып, қалақшадағы майды көз алмасына салыңыз.
5. Қабақты босатып жіберіп, қабақтарын жайлап, қабыстырыңызда,
ақырындап қалақшаны шығарып алыңыз.
Мұрын қуысын күту
Мақсаты: Мұрын демалысының бұзылуының алдын алу.
Қажетті заттар: мұрынға тамызатын дәрі, мақтадан жасалған турунда, тамызғыш, вазелин майы, салфетка.
Іс - әрекеттер:
1. Пациентті ыңғайлы етіп отырғызыңыз.
2. Турунданы вазелин майына батырып алыңыз.
3. Пациенттің басын артқа қарай шалқайтыңыз
4. Сол қолдың төрт саусағын маңдайға қойып, бірінші саусақпен мұрынның ұшын жоғары қарай тартып, оң жақтағы мұрын қуысына 2-3 см тереңдікте турунданы айналдыра отырып, мұрын қуысын тазалаңыз. Ал сол жағына басқа турунданы салып, тазалаңыз.
5 Таза тамызғышқа қажетті мөлшердегі дәріні сорып алып, басын
шалқайтып, әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан дәріні тамызыңыз.
6. Мұрынға аз уақытқа мақта тампонын салыңыз.
Аяқтың, шаштың күтімі. Жыныс мүшелерін жуу
Шашты күту
Егер науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалса, оның шашын төсек үстінде жуады. Легенді керуеттің бас жағына қойып, желкесіне дейін шалқайтып, астына көтеріп қояды.
Ал науқас еркек болса, шашы қысқа етіп алынып, 7-10 күнде бір рет су сабынмен жуылуы тиіс. Ұзын шашты әйелдердің шашын жуып болғаннан кейін, оны сүлгімен құрғатып сүртеді. Сосын майда тісті тарақпен екіге бөліп тарайды.Науқастың өздерінің жеке тарағы болуы керек. Егер шашта қайызғақ болса,онда тарақты сірке қышқылы ерітіндісіне батырып алып, тарау керек.
Аяқты жуу
Өте ауыр халдегі науқастар жеке гигиенасын сақтауды қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ал ауыр халдегі науқастардың аяғын аптасына 2-3 рет жатқан төсегінде жуады. Кереуеттің үстіндегі матрасты түріп, легенді қойып, аяғын жуып, құрғатады.
Достарыңызбен бөлісу: |