1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы



бет1/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция


1.Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы.
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
Мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру үшін мейірбике білуі қажет:
• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын алуды;
• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын;
• ішкі мүшелер аурулары кезіндегі науқастардың мәселелерін, мейірбикелік үрдістің мәнін.
Мейірбике істей білуі қажет:
• мейірбикелік үрдіс бойынша науқастардың мейірбикелік күтімін ұйымдастыруды;
• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды;
• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді;
• күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету;
• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу.
Осы оқу құралында нақты жағдайлардағы мейірбикелік үрдістің үлгілері, мейірбикенің кейбір іс-әрекеттері ұғынылады. Оларды меңгеру -терапевтік науқастармен жұмыс істеу кезінде жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол бермейтін мейірбикенің кәсіпкерлілігінің кепілі.

Емдеу мекемелері және олардың қызметінін түрлері


Адам денсаулығы - бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың косындысы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау кұқығы Конституциямен бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997 жылғы (17.12.1998 жылғы өзгерістермен, толықтырулармен) "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы " заңында жүзеге асырылған, Амбулаторлық көмек:
1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);
2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);
3) здравпункт - МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі (кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен басқа аурушылықтың алдын-алу және төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналык әрі емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі;
4) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалық қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді;
5) диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;
6) жоғары квалифицирленген медициналық көмек керсететін мамандандырылған кенестік-диагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);
7) әйелдер консультациясы - гинекологиялык ауруларды емдеу және алдын-алу, жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге кабылдау ксзіндс кемектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;
8) жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.
Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.
Стационардың турлері:
1) аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары квалифицирленген көмек көрсетеді; кеп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары квалифицирленген медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
2) госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;
3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зертгеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;
4) шипажай - науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.
Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.
Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.
Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.

Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет. Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады. Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.


Елімізде тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау және өз үйлерінде емдеуге арналған көптеген емдік – сауықтыру мекемелер жүйесі құрылды. Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінеді: амбулаториялық және стационарлық типтегі мекемелер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет