Белгілері:
- сана жоғалады;
- тері жамылғылары бозарған, суық, цианоз, тамыр дақтары пайда болады;
- пульс анықталмайды;
- тыныс тоқтайды (апноэ);
- көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы болмайды;
Жандандыру шаралары жүргізілмесе немесе нәтижесіз болғанда ұлпада қайтымсыз өзгерістер дамиды, клиникалық өлім биологиялық өлімге өтеді.
Биологиялық өлім белгілері:
- дене температурасы қоршаған орта температурасына дейін төмендейді;
- мәйіт дақтарының пайда болуы, ол тері бетіндегі көкшіл-күлгін дақтар.
Мәйіт арқасымен жатқанда дақтар жауырын, бел, жамбас аймақтарында, ал ішімен жатқанда- бет, мойын, кеуде, іш аймағында пайда болады.
- мәйіттің сіресуі. Бұл өлімнен 2-4 сағат өткеннен соң дами-
тын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі. Ол бет бұлшықеттерінен басталып, дене бұлшықеттеріне, кейіннен аяқтарға біртіндеп тарайды.
- "мысық көзі" симптомының болуы - көзді басқанда көз қа-
рашығының формасы өзгеріп, мысық көзін еске салады;
- көздің мөлдір қабы майланып кебеді, көз алмасы босаңсиды.Мәйіт денесімен жұмыс жасау ережелеріНауқастың биологиялық өлгенін дәрігер дәлелдейді. Ол ауру тарихына өлген күнін, сағатын, минутын көрсетеді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Киімін шешіп жастықсыз, арқасымен жатқызыңыз.
Егер мәйітте құнды заттар болса, бөлімшедегі емдеу немесе
кезекші дәрігерлердің қатысуымен акті жасап, ауру тарихына
ол туралы жазыңыз. Мәйіттің құнды заттарын аға мейірбикеге
сактауға табыс етіңіз, ол қолхат жазу арқылы мәйіттің туыс-
қандарына қайтарады.
3. Мәйіттің көзін жабыңыз, астыңғы жағын байлаңыз.
4. Катетер, зондтар, тамызғыштар қойылған болса, алып тастаңыз.
Осы қалпында мәйітті екі сағатқа дейін жапқышпен жауып
қойыңыз (биологиялық өлімнің нақты белгілері көрінгенше).
Мәйіттің санына аты-жөнін және ауру тарихының нөмірін
жазып қойыңыз.
Шығару қағазын толтырып, онда аты-жөнін, диагнозын, ауру
тарихының нөмірін, уақытын, күнін көрсетіңіз.
Екі сағат өткеннен кейін мәйіттің денесін патологоанатомиялық
бөлімге жеткізіңіз.
Науқастың өлімін туыстарына хабарлаңыз.
Мәйітті патологоанатомиялық бөлімге шығарғаннан кейін
төсек орынын дезинфекциялық камераға тапсырыңыз.
Кереуетті, кабырғаны, еденді дезерітіндімен тазалап,
Реанимациялық іс-әрекеттер агональды жағдайларда, клиникалық өлім кезеңінде (ми қыртысының және ішкі мүшелердің қалпына келмей өлуі, қан айналымы тоқтағаннан кейін 3-5 минутқа дейінгі кезең) жасалынады. Терминалды жағдайлардың себептеріне: қан жоғалту, улану, жарақат, электржарақаты, тұншығу жатады. Агония кезінде науқас есін жоғалтады, тынысы беткей және сирек болады. Тамыр соғысы тек қана ұйқы артерияларында сезіледі. Клиникалық өлім қарашықтың кеңеюімен, рефлекстердің және ұйқы артериясындағы тамыр соғысының болмауымен, тыныс алудың тоқтауымен немесе патологиялық тыныс алумен сипатталады.
Реанимация, яғни терминалды кезеңдерде науқастарды тірілту шараларына аппараттың, адамдардың көмегімен жасанды дем алдырып, артерия және вена ішілік қанды айдау жатады. Жүрек дефибриляциясы мен тікелей массаж тек аурухана жағдайында немесе арнайы бригадамен жасалатын кешенді әдіс.
Емханада хирург арнайы аппаратура мен жабдықтарды қажет етпейтін шараларды: жасанды тыныс алдыруды және тікелей емес жүрек массажын жасай білуі керек. Хирург екі манипуляцияны да оқиға орнында, емхана жағдайында науқасты тасымалдау кезінде орындауы мүмкін.
Жасанды тыныс алдырудың «ауыздан ауызға» әдісі тиімді. Көмек көрсетуші тыныс алу жолын жабатын және механикалық кедергі жасайтын бөгде заттардың, тағам қалдықтарының, сілекейдің жоқтығына көзін жеткізуі керек.
Мұндай жағдайларда орамалмен оралған саусақты ауызға терең кіргізіп, жұтқыншақ қуысын тазалайды. Суға батып кеткенде жоғарғы тыныс жолдарын және асқазанды босатады. Ол үшін баланы тізеге ішімен еңкейтіп, бетімен төмен қаратып, төменгі қабырғаларды басады. Сұйықтық ауыз және мұрын арқылы шығады. Кеңірдекке ауаның жақсы баруы үшін жасанды «ауыздан ауызға» жолымен тыныс алдырады. Баланың иық жағын көтеріп, басын артқа шалқайтады. Науқастың ауызы мен мұрынын дәке салфеткамен немесе орамалмен жабады.
Көмек көрсетуші терең тыныс алып, аузын науқас ауызына жанастырып, ауа үрлейді. Науқастың мұрнын жабу қажет. Кеуде қуысының кеңеюінен кейін үрлеуді тоқтатады, баяу тыныс шығару басталады. Үрлеуді 5-7 секунд сайын қайталайды.
Жүректің тікелей емес – жабық массажын жасанды тыныс алдырумен бір уақытта өткізеді. Көмек көрсетуші алақанмен науқас кеудесінің төменгі бөлігін ырғақты басады (қысады). Кішкентай балаларда басуды саусақтармен жасауға болады.
Балаларда кеуде қуысының серпімді болуы жүрек массажын өткізуді жеңілдетеді. Басу және жылдам қолды алу нәтижесінде жүректің қысылуы мен кеңеюі пайда болып, жүрек қанға толады. Басқанда төстің ішке кіріп, ығысуы 2 см шамасында болуы керек. Төсті басу арасындағы интервал 1 секунд 5-7 басудан соң 2-3 секундқа жасанды тыныс алдыру үшін үзіліс жасайды.
Жасанды тыныс алдырумен жүректің жабық массажын жасаған кезеңде балаға көк тамыр ішілік немесе тікелей жүрек ішіне әр түрлі дәрі-дәрмектер (адреналин, норадреналин, 4% сода ерітіндісі, гормондар т.б.) енгізілуі мүмкін. Жасалынған іс - әрекеттің тиімділігі ұйқы артериясында тамыр соғысының, жүрек қызметінің, тыныс алу сезімінің, көз қарашығының кішіреюімен анықталады.
Мәйітті қарай білу ережелері.
Биологиялық өлімді растауды дәрігер жүргізеді, сонымен қатар соттық-медициналық эксперт берген бір қатар белгілері арқылы: (тыныстың , жүрек соғысының болмауы, көз қарашығының кеңеюі және жарыққа реакциясының болмауы, мәйіттік дақтардың пайда болуы, мәйіттің сіресуі, дене қызуының төмендеуі) растауға болады. Науқастың өлген фактысымен дәл уақыты арнайы медициналық құжатта тіркеледі. Мәйітті шешіндіріп, арнайы каталкаға арқасымен жатқызып, қабағын түсіреді, төменгі жақты байлап, жаймамен жабады және бөлімшенің санитарлық бөлмесіне апарады, онда 2 сағат тұрады (мәйіт дақтары пайда болғанша). Содан кейін ғана мейірбике өлген адамның саныка аты жөні, сырқатнаманың нөмірін жазады. Киімі мен бағалы заттары туысқандарына немесе өлген адамның жақындарына қол хат арқылы ғана беріледі. Өлген адамның төсек жабдықтарының барлығы дезинфекцияға беріледі. Тесек, тумбочкалар 5% хлорамин ерітіндісімен сүртіліп, ал дәрет ыдысы 5% хлорамин ерітіндісіне салынады. кварцтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |