1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Науқастың қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтардың мейірбикенің киімі мен терісіне түсуі



бет13/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция
PISA есептері, Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Жыраулар поэзиясы. 15-18 ғ. Авторлық ауыз әдебиеті дамыды (1)
Науқастың қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтардың мейірбикенің киімі мен терісіне түсуі


Мейірбикенің іс- әрекеттері:

  1. Ластанған киімді аударып шешу.

  2. Киімді 1 сағатқа 3% хлорамин ерітіндісіне салып қою.

  3. 3% хлораминге малынған салфетканы киімнің ластанған жеріне 60 минутқа қою, соңынан ыстық суда жуу.

  4. 70% этил спиртіне малынған мақта тампонымен теріні биологиялық сұйықтық қалдықтарынан тазалау.

  5. Мақта тампонын контейнерге тастау.

  6. Теріні сабынмен жуу.

  7. Антисептикалық ерітіндіге малынған тампонмен теріні биологиялық сұйықтық қалдықтарынан тазалауды қайталау.

  8. Тампонды арнайы ыдысқа тастау.



Ескерту: қолданылған тампондар 3% хлорамин ерітіндісі бар ыдысқа 60 минутқа салынады. Киімді зарарсыздағаннан соң клеенкалы қапқа салынып, жууға жіберіледі.


Пациенттің биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі


Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді 2 астауша, корнцанг.

    1. Қобдишадан крафт пакеттегі тамызғышты, таңу материалдарын және

ундинканы алып астаушаға салу.

    1. Қобдишадан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу, ундинкаға

құйып, көзді жуу.

    1. Басты алға бүгіп, ундинканы бетке жанастырып, көзді бірнеше рет

ашып-жұму арқылы жуу.

    1. Ундинканы алып тастау, көзді стерильді салфеткамен көздің сыртқы

бұрышынан ішкі бұрышына қарай жуу.


Пациенттің биологиялық субстраттарының мейірбикенің бет терісі мен ерніне түсуі
Дайындау қажет: 2 стерильді астауша, стерильді корнцанг, апатты жағдайдағы қобдиша..

  1. Қобдишадан крафт пакеттегі таңу материалдарын алып астаушаға салу.

  2. Қобдишадан 70% спирт және 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу.

  3. Мақта тампонымен спирт немесе калий перманганатқа малып бет терісі мен еріндегі биологиялық субстраттарды тазалау, мақта тампонын 2-ші астаушаға тастау.

  4. Мақта тампонымен өңдеуді қайталау.

  5. Ауыз қуысын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен шаю.

Ескерту: қолданылған тампондарды 3% хлорамин ерітіндісімен 60 минут дезинфекциялау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет