Ойылудың даму кезеңдері
І кезең: Циркуляторлы бұзылулар кезеңі
Белгілі бір тері аймағының бозаруымен соңынан венозды гиперемиямен және шекаралары анық болмаған көгерумен сипатталады; ұлпалар ісіңкі; ұстағанда мұздай болады.
ІІ кезең: Некротикалық өзгерістер және іріңдеу кезеңі
Некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Терімен қоса тері асты май қабатында, бұлшық еттерде, сүйектерде некроздың дамуы байқалады.
ІІІ кезең: Жазылу кезеңі
Репаративті процестердің басым болуымен грануляция, тыртықтану және дефекттің жартылай немесе толық эпителизациясымен сипатталады.
Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі
1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар: теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу.
2-ші кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды. Ол кезде бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді, құрғақ таңғыш байлайды.
3-ші кезеңде күлбір жарылып, жара пайда болады. Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Зақымдану бұлшық етке дейін енеді. Ол кезде ультракүлгін сәулелендіру қолданылады, майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы, облепиха майы), арасына дөңгелек резеңке салу қолданылады.
4-ші кезеңде терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы дамиды. Осы кезде жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін, өлген тіндерді алып тастайды, жараға 0,5% калий перманганатының ерітіндісін немесе фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады. Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданылады..
Достарыңызбен бөлісу: |