Қызбаның түрлері: Қызудың кетерілу дәрежесіне байланысты: субфебрильді (38°С-тан артпайды), орташа немесе фебрильді (38 - 39°С), жоғары немесе пиретикалық (39 - 41°С), аса жоғары немесе гиперпиретикалық (41°С-тан жоғары). Ағым ұзақтығына байланысты: еткінші (ұзақтығы бірнеше сағат), жедел (15 күнге дейін), жеделдеу (15 - 45 күн) және созылмалы (45 күннен артық). Дене қызуынын тәулік бойғы (кейде ұзағырақ уакыттағы) тербелу сипатына байланысты: 1) тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі ГС-тан аспайтын тәуліктік тербелумен; 2) ремиттеуші (босаңсытатын) (febris remittens) - ұзақ қызба, қызудың тәуліктік тербелуі 1-ден 1,5°С-қа дейін қалыпты деңгейге дейін төмендеусіз; 3) ұстамалы безгек (febris intermittens) қызудың 1°С-тан жоғары тәуліктік тербелуімен сипатталады, бірақ танертеңгілік уақытта оның қалыпты деңгейге дейін төмендеуі байқалады; 4) гектикалық (febris hectica) (титықтататын) – тәулігіне бірнеше рет қайталанатын дене қызуының көп (3-5°С-қа) көтерілуімен және тез түсуімен сипаталатын қызба. Дене қызуы қалыпты немесе қалыптыдан төмен - 36°С-тан төмен түседі; 5) бұрмаланған қызба (febris inversia) - әдеттегі тәуліктік ырғақтың ауысуымен сипатталады, бұл кезде таңертеңгілік қызу кешкідегіден жоғары; 6) толқын тәрізді қызба (febris indulans), тұрақты көтеріңкі кезеңдер қалыпты қызу кезеңдерімен бірнеше күн бойы алмасып отырады; 7) бұрыс қызба (febris atypica), тәулік бойғы тербелуде заңдылықтың болмауымен сипатталады. Бір ғасырдан аса уақыт бұрын ұсынылған температура қисықтарының бұл түрлері осы күні де диагностикалық маңызын сақтаған, бірақ казіргі антибактериялық және ыстық түсіретін дәрілерді алғашқы күндерден бастап кеңінен қолдану салдарынан температуралық кисық аурудың табиғи дамуы кезінде болатын пішінін жоғалтады. Қызудың көтерілуін әр науқас әртүрлі өткізеді: кейбіреуі субфебрильді қызудың өзінде ауыр қиналады.