Неолит дәуірінің өзінде-ақ байқалған шаруашылықтағы өзгерістер б.з.б. 2-ші мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасының және жоғары дамыған металлургиясының қалыптасуына жеткізді. Өндіруші экономикаға көшу Қазақстан жеріндегі жағдайды түбегейлі өзгертті. Мал өсіруші тайпалар көлемді және қуатты бірлестіктер құрды; бұл бірлестіктердің құрылуына соғыс қақтығыстары да елеулі ықпал жасады. Қару-жарық жабайы аңдарды аулағанда ғана емес, сонымен бірге тайпа аралық қақтығыстарда да барған сайын жиі қолданылады. Қару-жарақ жасау біртіндеп металл өндірудің дербес саласына айналды. Андронов мәдениетіндей ескерткіштерді қалдырған даланы жайлаған малшы-егінші тайпалардың мәдениетінің орасан зор ортақтығы, біртұтастығы археологиялық материалдардан мәлім болып отыр. Кең байтақ жерге тараған бұл тайпалар, кейбір жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, неолит дәуіріні мәдениетінің ала-құлалығы орнына келген айқын мәдени біркелкілікті көрсетеді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
Сақтар
Толық мақаласы: Сақтар
Ежелгі тұрғындардың кең-байтақ жерлерді игеруі, Еуропа мен Азия далаларын мекендеген тайпаларда шарушылықтың жаңа түрінің экстенсивті мал шаруашылығының қалыптасу заманы б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне жатады. Сол заманның басында-ақ Қазақстан далаларында, шөлейт және таулы аудандарында жартылай көшпелі және көшпел мал шаруашылығы шаруашылықтың негізгі, ал кейіннен үстем формасына айналды. Бұл жағдай тайпаларды көшіп-қонып жүріп тұрмыс етуге бейімдейді; Тянь-Шаньның, Памирдің, Копетдагтың, Алтайдың баурайындағы тйпалар бұрын аз мекендеген аудандарды интенсивті түрде игеруге мүмкіндік алды. Көшпелі мал шаруашылығына ауысу далалар мен шөл далаларды мекендеген тайпалардың өміріндегі ірі экономикалық дамудың және қауымдық қоғамның өндіргіш күштерінің ілгері басқан қадамы болды. Шаруашылыққа мамандану бірте-бірте қалыптасып, мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімді арттыруға кең мүмкіндік ашты. Артық өнімді қорландырып жинауға және оны иемденуге мүмкіндік туды. Мал және мал шаруашылығы өнімдері тез арада айырбас құнға ие болып, малшылар мен егіншілер арасында айырбастың дамуы үшін жағдайлар жасалды. Б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың басында әсіресе жылқы шаруашылығы жедел дамыды. Қырды мекендеген адамдардың атты салтмінуге пайдалануы, атты жауынгердің пайда болуы жеке аудандардың мәдени-шаруашылық томаға-тұйықтығы бұзылып, көрші және алыс тайпалармен, халықтармен экономикалық және мәдени байланыс жасалуын қамтамасыз етті. Орта Азия мен Қазақстанның осы салт атты малшылары ежелгі парсы сына жазуында сақтар деген жалпы атаумен аталған. Ғылымда сақтардың шыққан тегі мен мәдениеті туралы мәселе күні бүгінге дейін шешілмеген. Зерттеушілердің көпшілігі Сақ тайпаларының шығу тегінің автохтонды екендігін дәлелдейді. Шаруашылықтың жаңа түріне (көшпелі тұрмысқа) көшу біршама қысқа мерзімнің ішінде, тегінде б.з.б. 9-8 ғасырларда іске асырылса керек.
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрылды.
Түрік қағанатының жері Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып, қоныс өрісі Әмудәрияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. Қазақстан да осы қағандықтың құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік империясының өз тілінде VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. Бұл ескерткіштер түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылғандықтан “Орхон-Енисей” жазуы деп аталып кеткен. Ескерткіштер – VII-VIII ғасырлардағы түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түрік қағандығының тұсында Білге қаған, Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлыптастағы жазулар.
Алғаш рет түрік атауы 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі. Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді, кейде, түрік атауы ақсүйектер деген мағынада да қолданылады. Ал қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған.
Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле /тирек/ тайпасын жеңіп, олардың 50 мыңнан астам әскерін тұтқынға алып, өз армиясына қосып алды. 552 жылы көктемде түріктердің билеушісі Бумын өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуандарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған 553 ж. қаза табады. Оның мұрагері Мұқан-қаған (553-572жж.) билік құрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болды. Олар маньчжуриядағы кидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-салық алып тұрды.
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған болды. Қағандықтың территориясы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс аударып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір сүрген. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпаларда түргештердің құрамына енген. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі бас қағанның қолында болды. Үшелік қаған қағанатты 20 әкімшілік аймақтарға бөліп, әр аймақта 7 мыңнан әскер ұстады.
706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал қаған (706-711 жж.) отырды. Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сұлу-қаған (715-738 ж.ж.) билікке келеді. Оның тұсында Түргеш қағанаты күшейіп, нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сұлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы арабтарға қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алады. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп арабтарға күйрете соққы берді. Бірақта арабтар 732 жылы түргештерді ығыстырып, Бұхара қаласын басып алады. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде сары және қара түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді.
Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы жағдайды пайдаланған Қытай империясының Шығыс Түркістандағы билеушісі 748 жылы Суяб қаласын басып алып, содан кейін Шаш қаласының билеушісін жазаға тартады. Оның баласы көмек сұрап, арабтарға барады. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде Зияд-ибн-Салық бастаған араб әскері мен Гао Сяньжи басқарған қытай әскерлері арасында 5 күнге созылған үлкен шайқас болды. Шешуші сәтте қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытай әскерлері ауыр жеңіліске ұшырады. Қытай әскері Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін де тастап өз иеліктеріне кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ арабтар да Талас өңірінде тұрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастан іштей әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осыдан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды.
Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй әулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.
VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудәриядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды.
ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлады. Себебі Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады. Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.
Оғыз мемлекеті (Х-ХІ ғғ.). Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік” бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмән жоқ. Алайда ҮІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта және төменгі бойына ауа бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде партиархалды-феодалдық мемлекет құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады.
Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент немесе «Жаңа гузия» деп аталатын қаласы болған.Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік құрылысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. “Жабғу” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас қолбасшысы “сюбашы” деп аталды. Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл жағдай мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғандығын көрсетеді.
Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды және князь Владимир 985 ж. оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізген ұрыстарының көп жағдайда сәтті болуы, олардың саяси беделін де көтере түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп мөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының әр жерде бас көтерген наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласының маңына келіп қоныстанған селжұқтар көсемі Жент қаласындағы оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, қаланы басып алады. Деректерге қарағанда селжүқтар көп ұзамай қаланы тастап шыққан. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмәлік көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжұқтардың қолынан Хорезм түбінде қаза болады. Селжұқтармен жүргізілген көп жылғы соғыстар оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Сөйтіп, ХІ ғ. екінші жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан селжұқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың құрамында қалып, олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы түріктердің бірі болды.
3-Қазақ хандығы.Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...». Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды. 1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді). 2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді. 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді. 1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді. Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды. Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
4- Қазақстан этникалық үдерістер мен қазақ ұлттылығынның түзілу кезеңдері
1. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасу көздерін іздестіру өте қиын, мұның өзі Қазақстанның ежелгі тарихын, сонымен қатар онымен шектелген аумақты мекендеген, Еуразияның кең этно генетикалық үрдістеріне қатысқан тұрғындардың тарихын зерттеуімен тығыз байланысты. Еуразия - Солтүстік жартышарда орналасқан жердің ең ірі құрлығы. Еуразияға Еуропа мен Азияның бөліктері енеді.
Қазақ халқының шығу тегінің көптеген аспектілері ішінде келесі екеуі маңызды болып табылады: лингвистикалық және антропологиялық. Әрине, көне замандарда осы аймақты мекендеген жергілікті тұрғындар ортақ лингвистикалық және антропологиялық негіздерге ие болған. Қазіргі ұрпақтардағы генетикалық классификациялау негізінен лингвистикалық аспектіге сай келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркілік деп үлкен екі кезеңге бөлуге болады.
Лингвистикалық жағынан алғанда, бүл кезеңдегі Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ кең байтақ Еуразия аймағын мекен еткен адамдар үнді еуропалық тілдер тобының көне ирандық бұтағына енетін. Хронологиялық жағынан қарастырылушы кезең біздің эрамызға дейінгі III—I мың жылдықтарды қамтиды.
Палеоантропологиялық зерттеулер. (Антропологияның палеоантропология саласы қазбалы адамдар питекантроп, неандертальдықтардың дене типін зерттейді). Бүл зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі адамдардың сыртқы келбетін сипаттауға мүмкіндік берді. Бүл кезеңде кең байтақ территорияда ежелгі еуропеоидтердің түрлі нұсқалары кең таралды, бірақ олардың ішінде Андроновтық деп аталатын археологиялық мәдениеттің дала типтері басым болды. Сонымен қатар, шығыс-оңтүстік (Жетісу) және Батыс Қазақстан бөліктерінде шығыс Жерорта теңізі нәсіліне ұқсас тайпалар да мекен етті.
Сонымен, Қазақстанда көне замандарда шығыстық (азиаттық нәсілдік) ген іздері жоқ европеоидтік нәсілдің айқын нұсқалары өмір сүрді. Әрине, ежелгі Қазақстандағы европеоидтік бейне ерекше автохтонды болды, бет бейнесінің маңызды белгілері ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды.
Ерте темір ғасырындағы Қазақстанның палеоантропологиясын зерттеу көрсеткендей, бүкіл аймақ тұрғындары бұрынғыдай қола дәуірінде белгілі болған европеоидтік нәсіл қасиеттерімен сипатталды.
Көне Қазақстанда монғолоидтік бет-бейне элементтері тым мардымсыз болды. Жалпы, скиф сақтары дәуіріндегі жергілікті тайпалардың дене бітімі осы аумақта осы кезеңнен алғаш байқалған шығыстық өкілдерге жатады.
Ерте темір ғасырында Батыс Қазақстан бөлігінде басқаша этномәдени бейне байқалады, мұнда скиф-савромат тайпаларының көшпелі бірлестігі мекендеді. Осы қауымның мәдени ошағы қазіргі Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан табылды. Археологиялық деректер бойынша, Қазақстан сақтары мен савроматтар арасында материалдық мәдениет пен өмір салты бойынша тарихи жақындық байқалады.
Б.э.д. I мыңжылдықтың соңында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде сақ дәуіріндегі тайпалардың этникалық бірлестігін үйсіндердің жаңа тайпалық одағы ауыстырды, зерттеушілер мұны сақ мәдениетінің дамуындағы соңғы саты деп түсіндіреді. Сондықтан тайпалардың, сақ пен үйсіндердің бөлінісі біртұтас этникалық қауымның түрлі эволюциялық кезеңдерін бейнелейтін шарт болып табылады. Мұны палеоантропология деректері де дәлелдейді.
Б.э.д. екі мың жылдан аса уақытта Қазақстанды мекендеушілер антропологиялық жағынан алғанда, біртұтас морфо - физиологиялық ерекшеліктер негізіне ие болған. Бұл ерекшелік тұрақты болды және қазіргі қазақтардың ата-бабалық компоненттерінің генетикалық бейнесінде сақталып қалды. Осы бейнелі ерекшелік Қазақстанның қола және ерте темір ғасырындағы тұрғындарға тән болатын.
Қазақстанның палеоантропологиялық материалдарының көрсетуінше, қазіргі қазақтарға тэн бет-бейне екі үлкен нәсіл - автохонды еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің өзара күрделі әрекетінен, ХІҮ-ХҮ ғасырлардан кешіктірілмей түпкілікті түрде қалыптасып біткен. Мұның барлығы енді қазақ халқының антропологиялық құрамының бірыңғай болуын көрсетеді.
Қазіргі қазақтардың моңғолоидтік бет-бейнесі 70% үлесті құрайды. Қазіргі қазақтарды көлемді түрде кешенді антропологиялық жүргізілген зерттеулер танымдық ақпараттардан құралады. Мұның өзі этногенез мәселесін әзірлеудегі пәнаралық зерттеу деректеріне жатқызылады. Сөйтіп, мұның өзі Қазақстанның ежелгі және казіргі тұрғындарының генетикалық үрдісі мен этномәдени негіздерінің қалыптасу жолдарының ортақтығын, ежелгі қалыптасу көздерінің қалыптасу жолдарының ортақтығын көрсетеді. Ежелгі қалыптасу көздеріне ие бола отырып, қазақ халқы өмір сүруін нақты жалғастыра түсуде. Атап айтқанда, осы дәуірден бастап жергілікті популяциялар барлық генетикалық қоры мен фенотиптік бейне ерекшеліктерін қоса алғанда, біртұтас этникалық массив құрады. Бүкіл Қазақстан аумағында өзіндік мәдени қасиеттер мен қазіргі тіл негіздерін жасады.
Антропологиялық, этникалық және лингвистикалық сипатта қарағанда, қазақ халқы адамзат өркениетінің бірыңғай жүйесінде өзіндік орынға ие.
Ғылыми әдебиетте этнос ұғымы (яғни халық - тайпа, ұлыс, ұлт) ортақ сыртқы бет-бейнеге, тұрақты мәдениет ерекшелігіне және психикаға (тілді де қоса) ие тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы деп түсіндіріледі. Этностың қалыптасуы мен ары қарай оның бүтіндігінің сақталып қалуы үшін, оның мекендейтін территориялық тұтастығы маңызды орынға ие. Адамдарда оны басқа этностардан бөліп тұратын ортақ белгілері болуы үшін, олар бір-бірімен үздіксіз, ұзақ қарым-қатынас жасауы тиіс. Ал мұның өзі олардың жайғасуына, қалыптасу уақыты - консолидацияға (консолидация - ортақ мақсатта күресті күшейту үшін жеке адамдардың, топтардың, ұйымдардың бірігуі) байланысты.
ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ халқы мен оның этникалық аумағының көпғасырлық қалыптасуы аяқталды, қазақтар кейінгі ғасырларда да осы аумақты мекендеп қалды.
ХҮ-ХҮІ ғасырларда қалыптасқан қазақ халқы мен Орталық Азияның басқа да түркі халықтары негізін түрлі тілде сөйлейтін сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ тайпа және халықтарынан бастап, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат және Қазақстан аумағын сол кездері мекендеген басқа да тайпалар құрды. Олардың кейбіреулерінің түрлі кезеңде де өз мемлекеттері болды. Қазіргі қазақтарда бұрынғы көптеген тайпалар мен рулардың көне түркі атаулары сақталмай қалған.
Қазақстан аумағындағы этногенетикалық үрдістердің дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Антропологиялық деректер бойынша, этникалық даму үрдісінде ұзақ уақыт бойы еуропеоидтік тұрғындар типі сақталып қалды, ол кейіннен түрлі аймақтарда азды-көпті монғолоидтік жаққа қарай өзгеріске түсті. Тілдік жағдай өзгеріссіз қалған жоқ, көне тайпалар түрлі тілде сөйлегенімен, кейіннен олардың тілі осы аумақты ертеден мекен еткен түркі тілдес халықтар тіліне қарай ауысты.
Қазақстанда және Еуразияның далалы аумағында этникалық үрдістердің шешуші кезеңі б.д. I мыңжылдығының ортасынан бастап түркілердің батыс бағытында қоныстануымен байланысты. Қазақстан аумағында түркілер, әсіресе, бұғы, байрақты, бекті, қыбыр, түркеш, бұлақ, қарлұқ тайпалары оның бұрынғы мекендеушілері сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпақтарымен араласып кетті.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Түркеш қағанаты (ҮІІ-УІІІ ғ.ғ.) Шу - Іле өзендері аралығындағы үлкен аумақтың тайпаларын біріктірді. Орталықтары Талас пен Суябта болды. Түркілер отырықшы - диқаншылық және қала өміріне көшті (бұған дейін бұл мәдениетті негізінен соғдылар ұстанған еді).
Батыс Алтай және Тарбағатайдан Жетісу аумағына қоныс аударған қарлұқ тайпалары федерациясы құрамына (УІІІ-Х ғ.ғ.) қарлұқтардан басқа көшпелі және жартылай көшпелі түркі тайпалары енді. Олардың ортақ атауы «қарлұқ» болды, атап айтсақ, тухси, шігіл, азкісі, дулу, халаджи, чаруқ, арғу, барысхан тайпалары кірді. Қарлұқ этносаяси қауымдастығында аздап моңғолдық белгілері бар еуропеоидтік нәсіл басым болды.
Оңтүстік Қазақстан аумағында оғыздар мемлекеті (ІХ-ХІ ғ.ғ.) қаңлы және қаңғар-печенек тайпаларын Сырдария алқабының этникалық тобына біріктірді. Оғыздардың антропологиялық бейнесі көбіне монғолоидтік түрде болды.
ҮІІІ-ІХ ғасырларда Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарын қимақ және қыпшақ тайпалары мекендеді. Қимақ саяси бірлестігіне көшпелі және жартылай көшпелі қыпшақ, эймур, қимақ, татар, баяндар тайпалары енді.
Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) Ертіспен Оралға және Еділден (Волга) батысқа қарай алып аумақты мекендеген түркі тайпаларының этносаяси және шаруашылық - мәдени байланыстарына ықпал етті.
XII ғасыр мен XIII ғасыр басында қыпшақтар, қарлұқтар сияқты ерте феодалдық типтегі халыққа қалыптасу жолында тұрды. Бірақ, кейінгі ғасырлардағы оқиғалар осы бір ірі этносаяси бірлестікті бөлшектеп жіберді. Шығыс қыпшақтары қазақ халқының, сондай-ақ қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ноғай және т.б. қалыптасуына қатысып. сіңісіп кетті.
XIIIғ. басында Шыңғысхан монғолдарының қысымынан өзінің мемлекеттік - саяси бірлестігіне ие болған, ерте таптың этникалық қауымдастық деңгейіне жеткен түркі тілдес наймандар мен керейіттер Моңғолия мен Алтайда Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанға қоныс аударды. Этникалық консолидацияның ары қарай біртіндеп дамуына
№5Қазақ жырауларының саяси құқықтық көзқарасы
Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты қалыптастырудың негізгі факторы ретінде саяси тұрақтылықты атай аламыз. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси институттардың маңызды қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды орындауда билік орындары түрлі саяси механизмдерді қолданады. Тұрақтылық түсінігін саяси жүйеде қолдану барысында ол ішкі және сыртқы өзгерістер шарттарында өз құрылымын сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол ашатын ұғымды білдіреді. Теорияға сәйкес, тұрақты саяси құрылым қоғамның көп бөлігі сол жүйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімдік түрде жүргізілуін айшықтайды.
Ғалымның «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты трактатында қалаларды қалай басқару керектігі туралы, олардың көркеюіне, ондағы тұрғындар тұрмысының жақсаруына көмектесу, оларды бақыт жолына бағыттап отыруға қатысты ерте заман ойшылдары айтқан көптеген негізгі қағидалары қамтитын нақыл сөздер берілген.
Ізгі қала бес түрлі адамдардан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден және байлардан. Ең құрметті адамдар санатына даналар, пайымдағыш адамдар, маңызды істерде беделді болатын адамдар жатады. Олардан кейін діни қызметкерлер мен шешендер, атап айтқанда, дін уағызшылары, сөз шеберлері, ақындар, музыканттар, хатшылар және солар сияқтылар да солардың тобына жатады. (137-бет). Өлшеушілер дегеніміз – есепшілер, геометрлер, дәрігерлер, астрологтар және басқа сондайлар. Жауынгерлер дегеніміз – жасақшылар, сақшылар және соларға ұқсастар солардың тобына жатады. Байлар дегеніміз – қалада байлық табатындар: егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер және басқа сондайлар
№6, ресей империясының құрамындағы саяси құқықтық мәртебесі
Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837 – 47) тудырды.19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі аяқталды.1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді.Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті.
№7, 20ғасырдағы патша үкіметінің Қазақстандағы аграрлыққоныс аудару
Оңтүстік Қазақстанды әскери отаршылдық жолмен өзіне қосып алған Ресей өзінің саясатын алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізе бастады. Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін көші-кон ағымдарының отаршыл сипаты айқындала түсті.
Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы этнодемографиялық құрамының өзгеруіне қоныс аудару қозғалысы зор ықпал етті. Патша өкіметінің көші-қон саясатының әлеуметтік-саяси салдары өте ауыр болды.
Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының кезеңдері туралы бір жақты пікір жоқ. Дегенмен қоныс аудару қозғалысын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1861—1885 жылдар;
1886—1905 жылдар;
1906—1917 жылдар.
Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктенқұтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметішаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешімқабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді.
№8, 20ғ Қазақстанның әлеуметтік зканомикалық дамуы
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.
XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |