28-Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:мақсаты, барысы, салдары.Жаңа экономикалық саясаттың ақыры БК(б)П ұйымдарына 1928 жылғы ақпанда жазған нұсқау хатында Сталин өзіне тән үзілді-кесілді өсиеттік мәнерде: «Біздің жаңа экономикалық саясаттан бас тартатынымыз, азық-түлік салғыртын енгізетініміз, кулактарды тәркілейтініміз және т.б. туралы әңгімелер контрреволюциялық сандырақ болып табылады, оған қарсы табанды түрде күресуіміз керек.ЖЭС біздің экономикалық саясатымыздың негізі және ол тарихи ұзақ мерзімге созылады» деп жазды.[1]. Алайда кең ауқымды экспроприациялық акциялар, дәлірек айтқанда, жаңа экономикалық саясат өзінің қоғамды үдемелі реформалаудың он үлгісі ретіндегі ақиқаттығын іс жүзінде жойып, іс-қимылдан жалаң декларациялық сипатқа айналып кетті.20-жылдар аяғындағы төтенше астық жинау науқаны мен тәркілеу, шын мәніндегі салықтық саясат, міне, осының айқын көрінісі еді.«Социалистік индустрияландырудың сталиндік жоспары» өзінің ауқымдылық («тарихи қыска мерзімде капиталистік елдерді қуып жетіп, басып озатын») сипатына орай өнеркәсіпке салынатын инвестиция көлемінің тепе-теңдігін халықтың тұрмыс денгейі мен тұтыну және тіршілік сапасын айқындайтын саланы дамытуға жұмсалатын қаражатты қысқарту есебінен бұзып жіберді. Тек өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласын ғана ынталандырып, тұтыну бұйымдарын өндіруді естен шығару елде жаппай «тауарға деген мұқтаждықты» тудырды. Тұтыну тауарларына тапшылықтың әбден күшейіп тұрған жағдайында бюджеттің мүмкіндігі есептелмей жасалған «құлаш-құлаш» жоспарлар бағаның мүлдем шарықтап өсіп кетуіне әкеп соқтырды.Сонымен бірге өнеркәсіпті мемлекет толық өз иелігіне алғандықтан тұтынушыларға да (әсіресе аграрлық секторда) үстемдік жасап, өнеркәсіп өнімдеріне бағаны көтеріп жіберген жағдайлар кездесті, ал ауыл шаруашылығы өнімдеріне мүлдем төмен баға белгіленді: 1927/28 жылы астықтың мемлекеттік бағасы «көлеңкелі нарықтағыдан» 40%-ға дерлік, ал 1928/29 шаруашылық жылында 50%-ға төмен болды.[2].Бағада қалыптасқан осындай теңсіздіктің нәтижесінде шаруа шаруашылығы өте жоғары салық салу объектісіне айналды. Осы шектен тыс салынған салықтан түскен немесе дәлірек айтқанда «шаруалар сыйының» қаражатын индустрияны дамытуға жұмсау көзделінді.Мұны Сталиннің өзі де мойындады. БК(б)П ОК-нің 1928 жылғы шілдеде өткен пленумында сөйлеген сөзінде: «Кеше бізде не жөнінде айтыс болды? Бәрінен бұрын, қала мен ауыл арасындағы «қайшылық» туралы. Әңгіме шаруаның әлі де өнеркәсіп тауарларына бағаны артық тәлейтіні және ауыл шаруашылығы өнімдерінен пайданы аз алатыны туралы болды. Әңгіме осы өнеркәсіп тауарларына төленетін артық төлемақы мен шаруаның өз онімінен пайданы аз алуды, шаруа шаруашылығына салынатын шектен тыс салықты, былайша айтқанда, индустрияландыру пайдасына жұмсалатын «сыйды» міндетті түрде құртуға тиіспіз, алайда бүкіл еліміз үшін жұмыс істейтін индустриямызды, халық шаруашылығымызды социализмге сүйрейтін индустриямызды ақсатпайық десек, біз құрта алмайтын қосымша күн салығы туралы болды». Одан әрі ол кекесінмен былай деді: «Қайсыбіреулерге бұл ұнамады (бухариндік оппозицияны айтып отыр. — авт.). Несі бар. Бұл әркімнің қалауына байланысты... Әрине, «шектен тыс салық», «қосымша салық» — жағымсыз сөздер, жүйкеге де катты әсер етеді. Бірақ, мәселе, біріншіден, сөзде емес. Екіншіден, сөз шындыққа толық сай келеді».[3].Мемлекет қолдан жасаған өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тауарларына қойылатын «құрдым баға» саясатының кең етек алуы, елдегі тауар тапшылығы мен күйзеліс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өз өнімдерін сатудан бас тартуына әкеп соқтырды. Астық қоры бар шаруаның өз астығын арзан бағамен сатуының еш мәні болмай қалды. Сатқан астығына алатын осы азын-аулақ ақшаның өзіне тауар тапшылығынан және өндіріс тауарларының қымбаттығынан, оны сатып алудың еш мүмкіндігі болмады, ақшаны сақтау да өте тиімсіз еді, өйткені оның құны күн сайын құлдырай берді. Мұндай жағдайда астықтың ең сенімді «валюта» болатыны әбден түсінікті.Аталған себептер жинақтала келгенде 1927/28 жылдардағы астық дайындау дағдарысын тудырды.[4]. Бұл жағдай кеңестік тарихнамада «ауқатты және контрреволюциялық элементтердің пролетариат диктатурасын аштықпен тұншықтырғысы келген әрекеті, кулактардың астық ереуілі» ретінде біржақты бағаланды. Алайда, егер бұрынғы идеологиялық дағдының және қасаң таптық көзқарастың шырмауында қалмасақ, мұны басқаша, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мемлекеттің күштеу саясатына, олардың тағы да бір «әскери-коммунистік» шараларының объектісі болуын қаламайтын балама, экономикалық өзіндік әрекеті ретінде қарастырған жөн.
29) 20ғ Қазақстанның қоғамдық –саяси өмірі. Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар: § Қазақ ауылын кеңестендіру;§ Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;§ Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты.
30) 20ғ 20ж екінші жартысында қоғамдық-саяси өмірі. Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер]. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған. Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.С. Сәдуақасов мен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту.Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті.
31) 20ғ 30ж қоғамдық саяси өмірі. 30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл - әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды. Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды. Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т. б. ұшырады. Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес қосты». Атап айтсақ 1927–1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды. Жазалау шараларының салдары:1) 1929 – 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды.2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды. Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады[1]. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
32) 20ғ 20-30 ж Қазақстандағы білім мен ғылым. Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.) Халыққа білім беру ісі. 1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді.Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды. Кәсіптік білім беру ісінің дамуы. 1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
33. ХХ ғ 20-30 жж. Казақстан әдебиеті мен мәдениеті.
Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Міржақып Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.
1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.
20—30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров«Жолдастар» романын жазды, С.Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.
Ресми билік құптаған негізгі тақырып — кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды.
Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері — И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. Д.Снегиннің «Шығыстан соққан жел», «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды.
Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937—1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.
34. Қазақстан 2дүниежүзілік соғыс жылдарында. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономикасы әскери бағытқа көшірілді(милитарландырылды). Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Орынбор, Куйбышев желілері тартылды. Атырауда әскери теңіз базасы жасалды.Соғыстың 1-ші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39%-ке арттырды, электр қуатын өндіру 2 есе дерлік өсті. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары салынды. Осылардың арқасында Қазақстан молибденнің одақтық көлемінің 60%, металл висмутының 65%, полиметалл рудаларының 79% берді.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37%-ке өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Соғыс кезіндегі 1-ші қыста қары жұқа шөлейтті өңірлерде 2,1 млн. мал бағылды (24%), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46%) бағылды. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж-дан 1943 ж. дейін 2,5 есе өскен.Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға қысқарды.Мәдениет мекемелері азырақ сақталып қалды. Көпшілік кітапханалар 2 еседен астам қысқарды, кітап қоры үштің біріндей азайды. Театрлардың саны бұрынғы күйінде қалды. Ресей және Украина өнер қайраткерлерінің арқасында, әсіресе кинематографияда елеулі сапалық өсу байқалды. Соғыс жылдары Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды. Геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты және 150 кенішті зерттеді. 1941-1945 жж. республикада 12 ғылыми институт және олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті.Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотореялардың құнын есептегенде республика халқының майдае қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың 2 жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.Республикада халықтан 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5 мың шолақ тон, 312 мың пар киіз байпақ түсті. 1943ж. ғана Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс обл-рына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді.
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг
35.Ұлы Отан соғысы басталуы сипаты. Қаз-н фашизм жоспарларында. Майдандағы ерліктер. Депортация немесе халықты зорлықпен көшіру-біздің елдің ең қайғылы беттерінің бірі болып табылады. Депортациямен байланысты оқиғалар жылы жабылды. Депортация соғыс алдында басталды. 1937 жылы Қ-н мен Орта Азияға корей халқы қоныс аударылды. Қоныс аударушылар Алматы облысы, Оңтүстік Қ-н, Ақтөбе облысы, Солтүстік Қ-н облысы, Қарағанда , Қостанай, Батыс Қ-н облысына қоныстандырылды. Бұл уақытта КСРО-ныңң оңтүстік шекараларынан Қ-нға курдтар, армяндар, түріктер жер аударылды. 1940-41 жылдары поляктар жер аударылды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1941 жылы 28 тамызда «Поволжье ауданында орналасқан немістерді қоныс аудару » туралы жарғы шықты. Жаңа жерге орналастыру үшін жер жыртуы мол аудандар, Новосібір және Омбы облыстары, Алтай өлкесі, Қ-н және басқа да республиканың жерлері бөлініп берілді. Міндетті түрде қоныстандырлыған жерде қашу үшін 20 жыл айдаудағы жұмсы берілетін болды. Немістердің қоныстану ерекшелігінің бірі мекен-жайлары ауылдық жерлер болған. Поволжьеде 1918 жылы Поволжьенің неістердің еңбек коммунасы құрылды, 1924 жылы Поволжье немістерінің автономды ССР-ге айналды. 1941 жылы ол таратылды. 1991 жылы 26 сәуірде «Қуғынға ұшыраған халықтарды ақтау туралы», 19991 жылы 18 қазанда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңдар қабылданған. 1944 жылы мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті түбектен қырым татарларын жер аудару туралы қаулы қабылдады. Шешім бұл халықтардың фашисттік оккупанттармен қызметтестікпен мотивацияланды. 1943-44 жылдары Қ-нға Солтүстік Кавказ өкілдері жер аударылды: қалмық, балкарлықтар, чечендер, ингуш, карачай, түрік-месхетиндер. Омбы облысы, Новосібір облысы, Алтай аймағы, Красноярск аймағына қоныстандырылды. Солтүстік кавказ халықтары Сібір, Қ-н, Орта Азия, Оралдағы жұмыстарға жіберілді. Қарашайлар Оңтүстік Қ-н, Жамбыл облысына қоныстандырылды. Шешен, ингуштер Алматы, Қостанай, қарағанды, Ақмола, Солтүстік қ-н, Жамбыл, Оңтүстік қзақстан, семей облысына орналасты. Жер аударушылардың тағдыры қайғылы болды. Әйел, балалар, ақсақалдардың көп саны жолда қайтыс болды. Жаңадан қоныс аударушыларды басқа климаттық жағдай күтті.Қ-н территориясына қоныс аударғандар арнайы қоныс аударғандар статусында болды. Еңбекке бнйімді арнайы жер аударғандар қоғамдық жұмыс еңбегімен айналысуға міндетті болды.1942 жылы қаңтарда мысалы, немістер 15 жастан 55 жасқа дейін соғыс аяқталғанға дейін еңбек колонналарына біріктірілді. Арнайы қоныс аударушылар орналастырған жер ауданынан шығуға құқығы жоқ болды. Бұл қашу және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Арнайы қоныс аударушылар 3 күн ішінде НКВД-ға отбасы құрамында болған өзгерістер туралы хабарлауы қажет болды (баланың туылуы, мүшесінің қайтыс болуы немесе қашу). Көптеген отбасылар көпке бір-бірінен ажыратылған болды.
1953 жылы 13 желтоқсанда немістердің және отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайлары алынды, бірақ Отанға қайтуға құқығын алған жоқ. 1964 жылы 29 тамызда немістерден барлық айыптар алынды. 1972 жылы оларға басқа аудандарға орналасу және отанға қайтуға рұқсат берілді
Қ-ндықтар Мәскеу (30 қыркүйек 1941ж. – 20 сәуір 1942ж.), Ленинград (8 қыркүйек 1941ж. –
27 қаңтар 1944ж. 871 күн) үшін шайқаста
-ҰОС алғашқы кезінде Қаз-нда 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды;
- Брест қамалын қорғаушылар ішінде қ-ндықтар болды.
- Дивизия комиисары Рыков 1941 ж. 20 қыркүйегінде 800 жауынгермен үш тәулік соғысып, қаза тапты.
- Мәскеу түбінде генерал-майор Панфиловтың 316 атқыштар дивизиясы.
- 1941 ж. қарашада 1075-атқыштар дивизиясы Дубосеково түбінде.
- Б. Момышұлы, ротаның саяси жетекшісі М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы.
Бородино түбінде неміс штабына басып кіріп, 5 неміс офицерін жойған Т. Тоқтаров КСРО Батыры атанды.
- Ленинград түбінде С. Баймағанбетов атақты Мотросовтың ерлігін қайталады.
- Қ-нда құрылған әскери бөлімдердің үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты.
- 1941 ж. қыркүйегінде Жамбыл «Ленинградтық өрендерім».
Сталинград шайқасы (1942ж. 17 шілде – 1943ж. 2 ақпан)
- 1942 ж. жазында ұрыстар басталды.
36. Майдандағы қазақстандықтар.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
Достарыңызбен бөлісу: |