1.Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі


) 20 ғ 70ж бірінші жартысы 80 ж Қазақстанның әлеуметтік экномикалық даму



бет9/13
Дата30.01.2020
өлшемі287,63 Kb.
#56814
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
33-36


44) 20 ғ 70ж бірінші жартысы 80 ж Қазақстанның әлеуметтік экномикалық даму .1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды. 60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүрпзілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден ұшінші орынды иемденді. 1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған. 70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басым-дыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақ-тас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды. Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылда-нып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды. Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыру-ды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмыс-шыларды өнеркәсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді. Республикада егістік көлемі өте үлкен болды, тек астықтың өзі 25 млн га жерге себілді. Солай бола тұрса да, өнім жинаудың темендеуі тұрақты құбылысқа айналды. Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды. Егер 1970 жылы өзін-езі ақтай алмаған колхоз-дар мен совхоздардың үлес салмағы 15% болса, 1985 жылы бұл көрсеткіш 51%-ға жетті. Мысалы, қойдың саны 1971-1981 жылдары 3,4 млн басқа өссе, 1981-1985 жылдары өсу тоқтаған. Қой етін өндіру 1970-1985 жылдары 19%-га қысқарды, оның қоңдылығы да төмендеді. Дуние жүзіндегі ауыл шаруашылығына жарамды ең үлкен (603 миллион га) жері болса да, (мысалы, АҚШ-та ол 431,5 млн га, Канадада 78 млн га), Кеңес Одағы 1981-1985 жылдары әлемдеп ең ірі азық-түлік сатып алушы елге айналды. Бүл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-түлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы әрбір үшінші бөлке нан, әрбір екінші қораптағы макарон шет елдерден - АҚШ, Канада, Аргентина, Түркиядан сатып алынған астықтан дайындалды. 1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік түтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсал-май қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмса-латын жұмыс уақыты шығындалған. Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың езі идеологиялық қысымға алынды. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің және қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының керінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментаүда болатын, неміс автономиялық  облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл әділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау және Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін өзгертуге мәжбүр болды. КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді. Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып, Мәскеуде өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қаты-судан бас тартты. Б¥¥-да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы күштерін енгізуге қарсы шығып, бұл қадамын айыптады. Кеңес әскерлерінің «шектелген контингенті», яғни 80 мың әскер Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер әр түрлі жарақат алып, мүгедек болып қалды, ал жүздеген жауынгер елге қайтып оралмады. 1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол КеңесОдағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіл орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді. Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді.

45)XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір. Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті. Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады. 70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді. 70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады. Сонымен Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті. Өнеркәсіптің дамуы. 1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер:
1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру.
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту. КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді. 60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. 1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды. Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті. Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:
- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді.
- Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.
3. Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993)— аса көрнектімемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы. 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды. 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясыныңакадемигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды. 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды. 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.


47) ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. ХХ ғ. басындағы жүз жылдықтағы Қазақстан мәдениеті өтпелі қоғамның ауыр атмосферасын бейнелейді, оның негізінде әртүрлі мәдени белсенділік пен әлеуметтік күштердің күресі жатыр. Қазақстанның көптеген аймақтары арқылы оқыту шешуші қадам емес еді. Сонымен қатар даладағы тұрғындардың толық білімсіздігі туралы мағынасыз еді. ХХ ғ. басында Ә.Бөкейханов білімсіз деп саналатын Самарқанд, Бұхар, Қазан және басқа да мұсылман орталықтарынан жоғары мұсылман мектептерін бітіргендер бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, халықтың білім беру реформасына байланысты Қазақстанда кеңестік оқу орындарының кең түрде желілері құрылды.

Болшевиктердің мәдени революцияның құрама бөлігі алфавит реформасы болды. Орталықтың бұйрығы мен мәдени ревлюция жылдарында қазақтарға жазуды үш рет ауыстыруға тура келді: басында араб тілінен латын тіліне, кейін латыннан кириллицаға ауысты. (1930, 1937) Оқытушылар, оқулықтар жетіспеді, оқытушылық корпустың өзі әр түрлі қуғындар мен лагерлердегі әлеуметтік профилактикаға көптеп тартылғанын атау болады.

Мәдени революция халықтың сауаттылығын арттыру үшін, «жаңа адам» яғни «мәңгүртті» өсіру үшін ойлап табылған болар. 1935 ж. қарай бастауыш мектептерінің желісі құрылған болатын, балалардың қамту деңгейі 90% жетті. Толық білімнің жоқтығы туралы 1936 ж. бүкіл республика бойынша орташа мектепті тек он бір қазақ баласы бітіргені туралы факт дәлелдейді. Тек 50 ж. өзінде жеті жылдық жалпы білім беру, 60ж. сегіз жылдық, 70ж. орташа білім беру жүзеге асырылды. Бұнымен қоса біртіндеп білім саласының төмендеуі, оқу үдірісін құру, идеологияландыру және Қазақстан мектептерін де этнизациялау байқалды. ХХ ғ. басындағы білім беру деңгейінің жағымды жағы 50-60 жж. дейін сақталды. Соғыс жалдарынан кейін республикада жоғары және арнайы оқу орындарының жүйесі құрыла бастады. 50 ж. 13 институт, 60-70 жж. 27 жоғары және 100-ден аса орта арнайы мектептер ашылды. Білім беру жүйесінің идеологиялық болғандығына қарамастан кейінгі кезге дейін жоғары оқу орындарына түсуге дайындық сапасы жоғары болды. Сонымен қатар білім деңгейі техника мен ғылымның жаңа жетістіктерін білмеуден де төмендеді.

Соғыстан кейінгі үлкен оқиғаның бірі Қазақстан Ғылым Академиясы (1946ж.) болды. Ең бірінші президенті болып ғалым Қ.И .Сатпаев сайланды. 1990 ж. қарай ғылым академиясына 32 ғылыми мекемелер, 250-ге жуық докторлар мен 2000 ғылым кандидаттары болды. Бұл жылдары Ғылым Академиясы жаңа бағыттармен бағытталған, тиімсіздіктен арылған жаңа реформа қажеттігімен бетпе бет кездесті.

Қазақстанның өнері мен әдебиеті Орта Азия көшпелілерінің жүз жылдық мәдениетінің бай мұраға толы 20-30 жж. әдебиет жарқын өкілдерімен (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, кейінірек Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин және т.б.) бай 30-40 жж. қазақ әдебиетіндегі ірі құбылысқа М. Әуезовтің роман эпопеясы, пьесалар, әңгімелері жатады. Соғыстан кейінгі кезенде көркем әдебиет бірнеше дәуірдегі жазушылардың шығармашылығымен толықты. О. Сүлейменовтің, Ғ. Есенберлиннің, А. Кекілбаевтің, М.Шахановтың, О.Бөкеевтің және басқалардың кітаптары жетістікке жетті.

1920 ж. екінші жартысында кәсіби театр өнері мен қазақ ұлттық туындылары дамыды. Ең бірінші театр 1926 ж. Қызылордада құрылды. Театр группасы атақты жергілікті актерлардан тұрды. Осы жылдары Ә. Қашаубаев Мәскеу концерт залдарында және Еуропалық көптеген қалаларында үлкен жетістікпен сахнаға шықты.

Соғыс алдында тағы бірнеше театрлар – опера мен балет театры, қуыршақтар театры, орыс драма театры пайда болды. Республиканың шығармашылық интеллигенциясы партия органдарының қатаң идеологиялық бақылауымен жұмыс істеді. Мәдениеттің дамуындағы сәттіліктерге қарамастан рухани туындылардың қиыншылықтары көлеңкеде қалды. Қазақтың ұлттық әдебиеті деп саналса да, ол өзінің түп тамырынан алшақ болды. Азғантай шығармашылыққа қатаң тыйым салынды. Сондықтан мұнда көбінесе аудармалы, интернационалды европоцентризм идеялары әкелінді.

Мындаған жылдар аралығында Қазақстан территориясында исламның мәдени – тәрбие ролінің маңызы зор болды. Оның тікелей әсерінен ХХ ғасырдың басында қазақтың дәстүрлі мәдениеті дамыды. Бұл кезеңнің қазақ интеллигенциясы жадизм идеасын – Ресей мұсылмандарының реформаларының қозғалысын тасушылар болды. Оның негізінде саналы, мағыналы түрде оқуға көңіл бөлу принциптеріне сүйене отырып мектептерді (онымен бірге қоғамды да) өзгерту, ол халықты ағартушылыққа, қараңғылықтан білім жарығына апару, жаңа хабардар қоғамды құру және еуропа халықтарымен теңесу. Реформаторлық қозғалыстың негізін қалаушы қырым театры – И.Гаспринский болды. Ш.Құдайбердиев оны өзінің үшінші ұстазым деп атайды.

Рухани – діни мәдениеттің басқа маңызды элементі суфизм болды, ең бірінші кезекте тұлғаның ішкі өзгерісінен Құдаймен рухтың бірігуі идеясынан туындады. Суфизмнің әсерінен ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінде суфистік бағыттың болуы дәлелдейді. Осылайша, ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының діни өмірінің осындай екі ерекшелігі болды. Қазақстанда түркі тілімен қатар араб және парсы тілдерін білетін адамдар көп болды. Ислам негізінде және құрылған рухани өмірінің моральды-этикалық нормалары тілмен және тұрмыстық мәдениетімен қазақ этносын қайталанбас және жалғыз болды, оған жалпы адамзаттық өркениет қазынасына жол ашты.

ХХ ғасырдың басында Қазақстан территориясында көптеген жол ұстаушылар және конфессиялар – христиан (православие, католик және протестанттар), иудаизм және буддизм өкілдері өмір сүрді.

«Барлық еңбек ететін Ресей және Шығыс мұсылмандары» үшін Халық Кеңес комиссияларының үндеуі сияқты қызықтырарлық мұсылман сектісінен кейін 1917 ж. 20 қарашадан бастап мұсылмандар өмірінде жаңа кезең басталды. Онда кітапты, мешіттерді бұзу, қызметшілерді қуу және т.б. таныстырылды. Кеңес уақытында ең көп тараған тағылатын кінә пансламизм болды. 20 ж. ондай (панисламист) деп басқа алфавитке ауысуға күмән келтіруші әрбір адамды, 30 – 50 жж. араб графикасы бар кітапты сақтаушылар, 70-80 жж. мешітке барушы қарапайым адамды санады. Дінге қарсы күресті Коммунистік партия «діңсіздермен күресетін одақ» арқылы (Қазақстанда 1925 жылдан бастап пайда болды) жүргізді, ал кейін әр түрлі атеистік ағымдар арқылы жүргізді.

ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті – бұл көптеген тамаша композиторлық мектептер Мұқан Төлебаевтан Ғазиза Жұбановаға дейін, кез-келген театрының сахына сәнін келтіретін опералық әншілер Ермек Серкебаевтан Әлібек Днишевқа дейін, қазақстандық жас суретшілердің ашықтығы және қазақ философтардың ізденістері, Әлкей Марғұланның этнологиялық концепциялары, Алматы архитектуралық ансамблі, Мұқағали Мақатаевтың лирикасы және Асқар Сүлейменовтің эстетикасы және осы үлкен әлемге қол тигізу арқылы тек қазақ мәдениетін тануға болады, басқадай сыртқы штамп емес.



Бірақ бүкіл ұлт бүтіндей өзінің мәдени болашағы туралы сұрақ қойғанда жауабы мағынасыз коллективті терминмен анықталатын бұлыңғырлыққа тіреледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет